МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..................................................................................................................4

I ТАРАУ ФУТБОЛ ТАРИХЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

1.1 Футбол ойынының ежелгі тарихы ................................................................7

1.2. Қазіргі футбол тарихының даму кезеңдері ..................................................12

II ТАРАУ ФУТБОЛ ЖЕҢІСІНІҢ КЕЙБІР ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

2.1. Футбол жеңісінің әлеуметтік, саяси, психологиялық заңдылықтарына сәйкес кейбір тұжырымдар...................................................................................21

2.2. Футболдың экономикалық факторларға бағынуы .....................................24

2.3. АҚШ неге футбол ойнамайды? ................................................................... 27

III БӨЛІМ ЖАСЫЛ АЛАҢ СОҒЫСТАРЫ

3.1 Футболдағы расизм мен антисеметизм..........................................................33

3.2. Футбол ойыны әсерінен туындаған халықаралық жанжалдар және олардың шешім жолдары мен ұлттық идеология мен идентификация...........38

3.3. Футбол ойыны арқасында билікке келген тұлғалар....................................52

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................61

ҚЫСҚАРТУЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР, ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ......................64


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманда спорттың қоғам өмірінде айырықша орын алатыны шындық. Спорттық сайыстар ендігі жекелеген спортшылар арасындағы сайыс емес, халықаралық деңгейге көтеріліп отыр. Сол үшін де бүгінгі таңда спорттың қоғамға келер пайдасы мен зияндылығын зерттеу ең бір актуальды проблемалардың бірі болып отыр.

Спорттың төресі футбол екені айдан анық. Дүниежүзінде тек футбол ойындары миллиондаған адамдарды теледидар алдына алып келіп, жүз мыңдаған халықты стадиондарға жетелейді. Оның қандай сиқыры бар? Осы сұраққа зерттеу барысында толықрақ келерміз.

Футбол саяси шешімдерге толы. Соның арқасында Югославия Сербия, Черногория, Босния мен Герцоговина, Словения, Хорватия сынды елдерге бөлініп бытыраса, екі герман республикалары Берлин қабырғасын құлатып, коммунистік террордың дамуына кедергі болды. Соның арқасында Гондурас пен Сальвадор арасында соғыс болды.

Дипломдық жұмыстың тарихи шеңбері 1994-2007 жылдарды қамтиды.

Осы айтылған мәселелер тұсында үлкен футболдың үлкен саясатқа әсері көп екендігін, оны зерттеу саяси тұрғыдан болсын, әлеуметтік тұрғыдан болсын қазіргі заман үшін өзекті мәселе деп таныдым.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу мақсаты футболдың құбылыс ретінде қоғамға әсерін айқындау. Оның алғышарттарын жасамас бұрын футбол дамуы Қазақстан Республикасының дамуына зор үлесін қосатындығына сенемін. Өйткені футболдағы әр жеңіс ұлттық идеология мен идентификацияның құрұлуына зор септігін тигізеді. Әсіресе, ғасырлар тоғысында елдігі мен белдігі бір жерден шыққан қазақ елі мемлекет ретінде ары қарай дамып кетуі үшін ұлттық идеология түзілгені зор пайда. Футбол ойының жақсы меңгерген елдер экономикасы алдынғы қатарда. Осы жұмыс барысында мен қазақ елінің футболын болжауға тырысамын.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі тарауы үш тараудан тұрады. Дипломдық жұмыстың басында пайдаланылған қысқартулар, шартты белгілер болса, аяғында пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген. Жұмыс көлемі



Кіріспе.

Желсіз күн...Кей жерде ғана сыңсып екі дүниенің ортасында шыбындай жаны қысылып жатқан, шайқас алаңында Аид патшалығына аттанып кеткен жолдастарының қасында өмір үшін, бақыт үшін тырмысып, дөңбекшіп жатқан жауынгерлер.

Өмірдің кереметтілігін өлім ауызында білерсің, күнді көрмей айға қалай қанық боласың, қараның зұлымдығы ақ періштенің жамылғысында айқын көрінбей ме?

О, Гипнос! Келе көрші, құдіретіңді төге көрші!

Қақаған қыстың қайыспас қылышты сүйреп келгеніне көп болмапты. Бүгін періштенің жүзіндей аппақ қар.Күннің сәулесі қармен шағылысып, жарықтың жасампаз билігі айналаны ерекше түске бояп тұр. Керемет күн...

Сол ақ қар қанға боялды. Әзірейіл келді.

Өлім сасыған шайқас алаңында қырық мың қылыш қидаласқан қырғын болып, адамзат тарихы бұрын соңды көрмеген жанкешті ерлікпен жан аяр енжарлыққа куә. Наполеон заманының зеңбіректері бүгін қайта тірілді. Шайқас үшін, өлім үшін, қорқыныш пен қорқау дәуірін орнату үшін.

О, гүл жайнаған Франк жері! Талай тағдыр, талай өмір сенің мәңгі жасыл Эльзастай ормандарында, кейде аңсар, кейде кәусар, шәрбаттай тіл үйіретін Луарадай өзендерінде тоғысты-ау! Сен не көрмедің, ненің сырын ұќпадың?! Сенің әр сүрлеу соќпағын кезінде ұлы Рим империясына бас имеген, Герценторикс секілді дүл-дүл батырларды, күллі дүниенің қыран топанын шығарған, Пиренейден бастап, Бавар тауларына дейін жерге иелік еткен Карлды, «күн король» болып, ғылымды, өнерді көкке көтерген Каролингтер ұрпағы, Людовикті, Франция саяси дәстүрлерін әлемдік деңгейге жеткізген Хлодвигті, әлем – бұл Еуропа, Еуропа – бұл Франция, Франция – бұл Париж деп жар салған үш алып; Марат, Дантон, Робеспьер, әуел баста Бастилияны ќұлатып, содан адамзаттың асқарлы шыңына Конвентті көтерді, артиллерия зеңбірегінің оғы Мәскеуге жеткен, гениялды қолбасшы Наполеонды жадында сақтары сөзсіз.

Жерге қадалєан қылыштан қан тамуда...

Әскерлік өнерді, жоқ, әскерлік арды асқақтатқан Рейн жағалауын мекен етуші германдар Эльзас пен Лотарингияға баса көктеп кіруі тәккаппар маршал Нейдің ұрпаќтарына ұнамады. Эльзас – бұл француз корольдерінің тарихи тағылымы, оның экономикалық жүрегі. Жоқ! Зұлым германдар, біздің жүрегіміздің ақырғы соғысына дейін бұл жердің әрбір терегін қорғап, оны өз қанымызбен суарып, өлемін деп ұрандаған әскерге қарсы тұрған әлемдегі ең қатыгез армия...

Бүгін де болды шайқас.Француздар жан аяспады , немістер беріспеді.

Неміс басқыншылары бір мезетте жеңіске жете алмады. Немістің Ахилесі, Францияның Гекторы болмады. Ондаша Одиссей қайда?

Қайтпеқ? Қан суша ақсын, адамдардың жан айқайы Люцеферді шошытып, аспан жермен теңессін! Соғысайық! Бақа жейтіндерді батпаққа

батырып көзін ќұртайық!

Неміс армиясында Агамменон болғанымен, Одиссейі да табылды.

Неміс армиясында Майер сынды офицер болатын. Оның айтќан сөзі сол кездің тарихына жазылған : «Пьер де Кубертен айтқан жоќпа? О, спорт, сен өмірсің . Футбол ойнайық! Зеңбіректі ұмытып, доп тебейік.»

Екі жаќ келісті.Доп ортаға түсті. Екі империяның қызығушылығы, мүддесі осы ойынға тәуелді болып қалды. Қаң мең жан айғайы естілген бұл алаңда, шаң айғайы естілмек. Екі зеңбірек, кеше ғана талай айынды батырлардың өмірін қиған зұлым қару ендігі қақпаға айналды. Футбол басталды.

Бірінші Дүние жүзілік соғыстың алғашқы айлары болатын. [1] Франция армиясы мен герман әскерінен он бір адам сытылып шығып, қарлы далаға көз тікті. Екі ел намысы, басқыншы германдар мен қорғанушы француздар осы ойын барысында шешілмек.

Неміс доп теберлері, француз доп шеберлері қазір ұмытылмас толас таппайтын күрес, айбынды айқас сұмдық серпіліс жасауға шаршы алаңға шыќты ... басталды... Рунье гвардия капитаны өзінің әріптесіне допты сырғытты ақ құба өнді, жас жігіт екеуін алдап өтіп, шірене тартты. Неміс қақпашысы күтпеді. Гол! Соған қарамастан немістер шабуылды азайтпады. Көп ұзамай есеп теңесті. Шнайдер бұрыштама добы орындалған сәтте баспен сәтті ойнады. Барлығын қайта бастау керек. Мыңдаған халайық шешім күтуде.

Сол Шнайдер оң қанаттағы Майерге жарты алаңды кесіп өтетіндей керемет пас шығарды. Ол Савьенің жанында құйындай құтыра шауып, бүкіл жан-тәнімен соққан добы, қақпа ішінде тулап жатқанда ғана ес жинады. Рамблер керемет дриблинг көрсетіп сұңқардай самғаған Руньеге асыра салды. Рунье қайшылап тепкен сәтінде бүкіл көрермен қауым үнсіздік қалпында қалды, Қақпашы Ганстың өзі тепкінің сиқырына арбалып, кірген допты байқамай қалды. Екі жақ жеңісті бергісі келмейді.

Ойынның соңғы сәттерінде Майер жолшыбай жармасқан жауларын бірінен соң бірін тақырға отырғызып қақпаға жақындай берді. Айнала тағыда үнсіздікке арқау болды. Гол!

Неміс ойнының айбыны өсті. Бірақ жеңген бейбітшілік еді!

О, спорт сен өмірсің!