Мазмұны:

Кіріспе...........................................................................................................           2   Тарау 1. Тауарлардың кедендік құнын айқындау.

 

 1.1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін      тауарлардың кедендік құнын айқындау....................................................           4

 1.2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері...........          6

 1.3. Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу шарты................................          15 

 

Тарау 2. Кедендік құнды айқындау мен бақылаудың 

нормативті-құқықтық базасы

 

 2.1. Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртiбi туралы....        21

 2.2. Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртiбi туралы..........        35

 2.3. Кеден одағының кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын 

бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімі.....................................         42

 

Тарау 3. Кедендік төлемдерді төлеу тәртібі

 

 3.1. Кеден ісі саласында төлемдер мен салықтардық 

экономикалық мәні......................................................................................         44

 3.2. Кедендік төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету..................................          52

 

Тарау 4. Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін жоғарлату 

бойынша кедендік әкімшіліктендіру деңгейін талдау.

4.1. Тауарлардың кедендік құнын бақылау...............................................        56

4.2. Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін  жетілдіру 

жолдары.......................................................................................................          57

 

Қорытынды.................................................................................................          65

 

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................          67

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тауардың кедендiк құны - Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк реттеудiң өзге шараларын қолдану мақсатында пайдаланылатын құны.    Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны экспортқа сату кезiнде нақты төленген немесе төленуге тиiстi мәмiле бағасының негiзiнде айқындалады.Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.

       Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тiзiп көрсетiлген әдiстердiң әрқайсысы бiрiнен кейiн бiрi қолданылады. Бұл ретте, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы тауарлардың кедендiк құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда әрбiр келесi әдiс қолданылады. 

Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады,   көзделген қолданылатын әдiстердiң қандай да бiрi бойынша тауарлардың кедендiк құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн тәсiлмен әзiрленуге тиiс   Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауардың кедендiк құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезiнде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.

          Кеден органы тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім қабылдағанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған болып саналады.  Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүргізу кезінде кеден органы осы Келісімнің 6-бабына сәйкес қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.   Кеден органы қабылдаған шешім тауарларды декларациялайтын тұлғаға жазбаша нысанда жеткізілуі тиіс.      Егер, кеден органы тауарларды декларациялайтын тұлғаның тауарлардың кедендік құны туралы дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегенін анықтаса, тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету қажеттілігі туралы шешім қабылданады.

      Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету қажеттілігі туралы шешім оған қабылданған шешімнің негіздемесі және оны орындау мерзімі болуы тиіс талапты жолдау жолымен тауарларды декларациялайтын тұлғаға жеткізіледі.  Мәмiле бағасы болмаған кезде, әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны әкетiлетiн тауарды өндiруге немесе сатып алуға, сақтау мен тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлiк құжаттамасының декларант берген үзiндi көшiрмесi негiзге алынып айқындалады. Бұл ретте, тiзiп көрсетiлген шығыстар да ескерiледi.

       Әкетiлетiн тауардың мәлiмделген кедендiк құнын растайтын мәлiметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендiк құны кеден органында бар бiрдей немесе бiртектес тауарлар бойынша мәлiметтер, соның iшiнде тәуелсiз сараптаманың нәтижелерi пайдаланыла отырып берiлген ақпарат негiзiнде айқындалады.

 

 Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау:

      1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

      2) бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

      3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;

      4) құнды шегеру;

      5) құнды қосу;

      6) резервтiк әдiстердi қолдану жолымен жүргiзiледi.

       Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.

       Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тiзiп көрсетiлген әдiстердiң әрқайсысы бiрiнен кейiн бiрi қолданылады. Бұл ретте, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы тауарлардың кедендiк құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда әрбiр келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады,   көзделген қолданылатын әдiстердiң қандай да бiрi бойынша тауарлардың кедендiк құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн тәсiлмен әзiрленуге тиiс.  Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауардың кедендiк құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезiнде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты тауарлардың кедендік құны мен оларды анықтау әдістеріне талдау жүргізу.

Диплом жұмысын орындауда келесі сұрақтар қарастырылды:

 1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау.

 2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері.

 3. Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу шарты.

 4. Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртiбi туралы.

  5. Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртiбi туралы.

  6. Кеден одағының кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын бақылауды        жүзеге асыру тәртібі туралы келісімі.

  7. Кеден ісі саласында төлемдер мен салықтардық экономикалық мәні

  8. Кедендік төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету.

  9. Тауарлардың кедендік құнын бақылау.

 10. Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін  жетілдіру жолдары