Мазмұны

Кіріспе

 

1 Бөлім   Әлеуметтік менеджменттің теоретикалық әдіснамалық негіздері

 

1.1 Әлеуметтік  менеджменттің қағидалары  және оның мәні..........7-

1.2 Шетелдік басқару жүйесіндегі басқарудың тәжірибелері...................

1.3 Мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері......................................

 

2    Бөлім.   Шағатай селолық округінің экономикалық сипаттамасы

 

2.1    Шағатай селолық округі туралы жалпы мәлімет...................................

2.2    Шағатай селолық округінің  әлеуметтік жүйесінің даму жағдайы......

2.3    Әлеуметтік менеджменттін проблемаларын талдау..............................

 

3    Бөлім      Әлеуметтік менеджменттің экономикадағы басым бағыттарын жетілдіру.

 

3.1   Әлеуметтік менеджменттің экономикада  қолданудағы  жетілдіру жолдары...............................................................................................................

3.2   Әлеуметтік менеджменттің  жетілдірудегі  басым бағыттары...............

3.3   Мемлекеттік тарапынан әлеуметтік   менеджементті  қолдау...............

 

Қорытынды..........................................................................................

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі.................................

 

Кіріспе

 

Әлеуметтік менеджменттің мәні, басқарумен айналысатын адамдардың жұмысының мәнін ашады. Бұл саладағы жұмыс басқаруды білдіреді. Басқа жұмыстармен салыстырғанда, ол жұмыстың сипатын білдіреді, сонымен қатар мазмұны және қолданылатын шараларын білдіреді. Олардың жұмыс құралдары – ақпарат оларды қорыта отырып, басқарылып отырған объектісінің жағдайын өзгертетін шешімге алып келеді. Сонымен, әлеуметтік менеджмент жұмыс жасайтын адамдардың жұмыс құралы ақпаратты қорытатын шаралар. Жұмыс қорытындысы олардың қойылған мақсатқа жеткенде ғана беріледі.

Іс-әрекет жиынтығы, функциялар және мазмұны басқару процесінде қолданылатын әлеуметтік жұмыстың көлеміне байланысты және қызмет саласына, басқарма иерархиясына, ішкі функциялары және тағы да басқа факторлар.

Күрделі және жауапты жұмыс атқару үшін менеджерлер арнайы білімі болуы керек және оны күнделікті жұмыста қолдана білу керек. Олардың профессионалдық білімділігін шартты түрде екі топқа бөледі.

Бірінші топқа жататыңдар:

а) белгісіз және жоғарғы динамикалық жағдайдан өз шешімін дәлелдей білу;

б) осы саладағы жағдайда жоғарғы ақпаратқа ие болу. (ақпарат – білім) ;

в) басқа саладағы менеджментпен қарым-қатынас ұстау;

г) ресурстарды басқара білу, жоспарлау және жобалау, басқаруды жоғарылату жолдарын жетік білу. Жаңа ақпаратық технологияларды қолдана білу, коммуникация және байланыстарды жақсы қолдану.

Екінші топқа жататын факторлар оның адамдармен жұмыс жасай білу және өзін басқара білу. Олар:

а)  адам ресурстарын басқаруды жетік меңгеру ;

б) сыртқы байланыстарды жақсарта білу;

в) өзін-өзі бағалауды білу, дұрыс қорытындыға келе білу және өзінің квалификациясын жоғары жетілдіру.

Сонымен қатар, әлеуметтік менеджмент жұмысының жоғарылатуының тағы бір маңызды факторы – менеджердің жұмысын білу, яғни басқарма жұмысының нақты бір функцияларын анықтау.