ЖОСПАР

 

Кіріспе………………………………………………………………………

І -Тарау. Дау-дамайдың табиғаты мен психологиялық ерекшелігі……………………………

       1.1  Дау-дамай  идеяларға тарихи шолу

               1.2  Дау – дамайдың табиғаты мен себептері.

ІІ - Тарау. Дау-дамайдың пайда болуы, Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оларды шешу жолдары

       2.1 Дай-дамайдың даму процесі мен кезеңдері………………..

2.2 Шиеленісті басқару әдістер және оларды 

 практикады қолдану……………………………………………………..

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………     

Қосымша………………………………………………………………………

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан  Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып  табылады.  Психология ѓылымында психологиялық ±жымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін  шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.

 Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін білдіріледі [1,2]. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді [3]. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген[4,5]. 

 Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар: социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология, криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның бағасын анықтау өте қиын. Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы.

Шиеленіс проблемасы  адамзат ойының басты элементі болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді. 

Зерттеу мақсаты. Шиеленіс ұғымын анықтап, олардаң шығудын тиімділігін көрсету

Зерттеу нысаны. Шиеленісті жағдайлардың психологиялық табиғаты 

Зерттеу пәні. Шиеленіс процессі

Зерттеудің міндеттері: 

1. Шиеленіс ұғымына сипаттама беру.

2. Шиеленіс түрлерін анықтау.

3. Шиеленістердің пайда болуына және дамуына ықпал ететін фактрларды анықтап, оларға сипаттама беру

4. Шиеленісті жағдайлардан шығу тәсілдерін іс-жүзінде пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер шиеленісті жадайларды психологиялық тұрғыдан зерттеп, сипаттама берсек, олардың психологиялық функцияларын, қолдану тәсілдері мен  әдістемелерімен қаруланып, оны нәтижеге бағдарланған психологиялық үрдісінде пайдалансақ, онда шиеленістер жағдайынан сауатты, шиеленіссіз психологиялық білім сапасының дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені шиеленістерден дұрыс шығу және  әдістерді тиімді қолдану психологиялық қарым-қатынас мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді.

Зерттеу көздері: психология, әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент  туралы еңбектер.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу,  тестілеу, анкета жүргізу.

 

 

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 

 

- «шиеленіс» ұғымының мәні;

- шиеленісті жағдайлардың даму кезеңдері мен қазіргі жағдайы;

-психологиялық шиеленістердің психологияда алатын орны және атқаратын қызметі;

- шиеленістер іс-әрекетінің құрлымы;

- шиеленісті жағдайлардан дұрыс жолдарын анықтау және оларды іске асырудың әдістемесі ұсыну.