Жоспар

Кіріспе

I. Психопатия және оның патологиялық мінез-құлық жағынан дамуы

Психопатияның сипаттамасы

1.2 Психопатияның түрлері

1.3 Астениялық түрі

 

II. Психопатияның этилогиясы, патогенезі, даму барысы

2.1 Даму ерекшелігі

2.2 Патлогияның сексуалдық дамуы

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

 

Кіріспе

Психопатия бұл психопатиямен зардап шегетін адамның бүкіл өмірі бойына кететін, берік патологиялық күй.

Психопатияны, сөздің тар мағынасындағы, психикалы аурулардан, яғни психоздардан, сол сияқты шекі қалыптағы мінездің дара нұсқаларынан ажырата білу керек. ұл жағдайда үш маңызды белгіні басшылыққа алу керек

Психопатия – бұл жоғары жүйке жүйесінің патологиялық ауытқулардың жиынтығы. Ол ішкі құрсақтағы даму кезіндегі бұзылыстан, яғни туасы пайда болуы мүмкін. Сол сияқты қолайсыз жағдайлар әсеріне байланысты жүре келе де қалыптасады.

Сонымен осылайша психопатияны туа пайда болған және жүре келе пайда болған деп ажыратуға болады. Мұның соңғысын психопатиялық емес, психопатиялық немесе патологиялық ағынан мінез-құлықтың дамуы деп атауға болады.

Психопатияны туасы пайда болған патологияның түрі ретінде балалық шақта, тіпті мектепке дейін жастың өзінде аңғаруға болады. Оның үстіне, мұндағы көріністер өмір жағдайларымен тығыз байланыста болмайды. Психопатиялық көріністердің ауырлауы көбіне өтпелі жастық кезеңдерінде байқалады.

Сонымен бірге, мұнда көңіл-күйдің оқтын-оқтын көрінетін кеселі де кездеседі. Мұның өзі кез келген себепке байланысты туындайтын, әсіресе қалаулы іске дереу жете алмаудан пайда болатын сарыуайымшылдық реакциясы болуы мүмкін, сонымен бірге, бұл күйге үрей немесе қорқыныш аралас жабырқаңқы-ызалы күй-дисфория деп аталатын күй өте-мөте тән болады. Дисфория ешбір сылтаусыз, күтпеген жердең туындайды да бірнеше сағатқа, оқтасанда бірнеше тәулікке созылады, содан соң кенеттен тиылады. Осы кезеңде ауру өшпенділік көрсетуге, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенуге немесе ішімділікке жүгінуге бейім келеді. Оқтын-оқтын ішуге салынатын адамдардың арасында кейбір

Бұл курстық жұмыс психопатия және оның патологиялық мінез құлық дамуын қарастырады.