Жоспар:

 

Кіріспе……………………………………………………………………… .3-5

 

І-Тарау Мемлекеттің пайда болу алғы шарттары

1.1Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі ............................................6-11

1.2 Мемлекеттің пайда болу себептері  .............…………………………12-19

1.3 Мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері.......…………………………20-29

 

ІІ-Тарау  Мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар

2.1 Мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары..………30-34

2.2 Мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар......……………………35-43

 

ІІІ-Тарау Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні

3.1 Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мен мәні.....…44-56

3.2 Қоғам дамуындағы мемлекетті кейіптеу (формациялық және

мәдениеттілік).............................................................................................57-65

 

Қорытынды........................................................................................................66-73

 

Әдебиеттер тізімі.....……………………………………………………………74-

 

 

 

Кіріспе

Дипломдық жұмыс өзектілігі. Қазіргі заманғы заң әдебиетінде мемлекеттің пайда болуы анықталған қоғам мен мемлекеттің өмір сүру және даму талаптарымен шартталатын барлық табиғи құбылыстардың тұтас жиынтығы ретінде түсіндіретін анықтама орын алған.

Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірбие көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен қатар ежелгі грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта қоғамдық белесте мемлекеттің пайда болуы туралы сан түрлі пікірлер айтылды.

Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын ролін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды.

Мемлекеттің пайда болу турасында туындаған ой-пікірлер Ресейдің саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғамдық қажеттілікпен де байланыстырады. Саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірбиенің дамуының нәтижесін, теориялық негізін көрсетеді, мемлекеттің пайда болуы сол әлемдік өмір тәжірбиесі дәлелдеген қоғамдық келісім мен қажеттіліктің бірі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің мәніне терең бойлайтын болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған қызмет ету тұғырнамасын алға тартады.

Мемлекеттің шығу тегін тап күресінің аясында ғана қарастыру Маркс ілімінің ең осал тұсы. Ал түбегейлеп зерттесек, бұл көзқарас та батыстық, яғни отырықшылық өркениет туғызған әдістемелік өpic. Көшпенділер тұрмысында өзара кереғар әлеуметтік таптардың күресін сипаттау өзіндік жат құбылыс, бұл қоғамның өзегі генеологиялық-рулық байланыстарда жатыр.

Мемлекет дегеніміз — eкi түрлі тап, екі түрлі мәдениет деп тану адамзат баласы туғызған тоқсан тарау тіршіліктің мағынасына қатысты өріс алады.. Батыс Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі тарихының кейбір қырлары қоғамдық тіршіліктің қай саласын қарастырса да мемлекеттің пайда болу тұрғысында еуропалық ілімдер материализмге негізделеді. Бұл Батыс елдерінің даму ерекшеліктері туғызған зандылық. Ф. Энгельс мемлекеттің шығу тарихы мен себептерін қарастыра келе үш кезеңге арнайы тоқталады: Афин, Рим және ежелгі Германдық мемлекеттердің дүниеге келуі. Бұл аталған үш кезеңге де тікелей себеп болған қоғамның iшкі дамуындағы әлeyмeттiк қарама-қайшылықтар. Батыс қоғамы әуел бастан материалдық құндылықтарға тым бағыныштылығымен ерекшеленеді. Tіпті көне демократиялық мемлекеттің ең әдемі үлгісі саналатын Афинның өзі де алғашқы рулық қауымның ыдырауы барысында, оның бүкіл iшкі қарама - қайшылығының асқынуы арқасында дүниеге келді. Ру ішіндегі аристократиялық әулеттердің әлсіз топтарды барынша қанауы, одан кейін құлдануы Ежелгі Грек мемлекеттepiнің құл иеленушілік бағытын анықтап берді. Еңбек бөлінісіндегі осы дәстүр, үстеме пайданы бөлу және оның бip қолға шоғырлануы — Батыс мемлекетінің түпкілікті себептері. Одан бepi бірнеше мың жыл өтсе де iшкі, сыртқы қанау Еуропа мемлекеттік билігінің нақты көpiнici болып келеді.

Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке яғни марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның тоталитарлық сипаты анық аңғарылады. Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын аристократиялық топтар басшылық жасайды. Т. Кампанелланың «Күн қаласының» Сталин тұсындағы тоталитарлық кеңестік империядан айырмашылығы шамалы. Халықтың бәрі де бip белгілі тәртіппен іс-әрекет етіп, олардың тууы, уйленуі, балалы болуы, дүниеге аттануы — бәpi-бip топ аристократтардың қолында.

Гоббс, Руссо сияқты ағартушылардың шығармаларында материалистік ілімге бағынбайтын көзқарастар бар. Бірақ олардың түпкі ceбeбi ғалымдардың өз шығармаларына Батысты емес, Шығысты, немесе табиғи адамды басты кейіпкер етуі тікелей байланысты.

Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып, қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап, жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалды үлгісі деп танылады. Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды - азаматтық қоғам деп те атайды. Азаматтық қоғам туралы Батыс елдерінде Т. Гоббс шығармаларынан бастау алады. Адамзат көшін басқарып келе жатқан елдердің арасында осы идеалды талғамға айналдырып келеді.

«Қоғамдық келісім» — мемлекеттің негізгі арқауы. Бұл теория бip жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо ілімдеріндегі «жеке тұлға», «жеке адам», «табиғи адам» еуропалық елдердің қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге, рационализмге ұмтылған Еуропаға «тұлға» қажет болды. Осылай бо-ла тұра «тұлға» туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де өз көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім (шартты, не шартсыз) болмаса кез келген мемлекет құлап қалары анық еді. Бұл әcіpece мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек.

Бірақ Руссо алғашқы қоғамдық келісімнен тез арада деспо-тизм өciп шығатынын жасырмайды. Билік иелерінің мемлекетке өз меншігіндей қарауы, ал мемлекеттің халқын қара тобыр есебінде қабылдауы қоғамның ішінде бітіспес кереғарлық барын көрсетсе керек. Қандай да бip қоғам мүддесі материалдық байлықпен байланысты болса, ол жерде теңсіздік epiп жүреді. Бұл қарама-қайшылықтан тек азаматтық құндылықтарға негізделген көшпелілер ғана аман қалады. Көшпелі қазақ қоғамының ішкі дамуына қатысты үйлесім мен адамгершілікті қашан да алға шығады.

Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болу алғы шарттары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және оның түсінігі тереңнен сарапталып, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері мен ерекшеліктері айқындалады. Зерттеушілердің пікірінше мемлекеттің пайда болуына не-гізгі себеп — екі өмір салтының арасындағы айырмашылык,. Осы мәселеге аса көңіл бөлген Л. Фробениуас көшпелі — малшылардың өмip салтына жоғары баға береді: "дала мен шөлдің адамы тіпті басқаша. Оның мәдениеті бойында, дүниетанымы әлеуметтік күштердің тепе-тендігіне, дамылсыз ой-қимылына, білімге негізделген. Олардың арасында жүріп мен өмірімде бірiншi рет орман адамына тән топастықты кездестіргенім жоқ. Аз — көп уақыт өткен соң мен олармен тіл табысатынмын, тілін тапқан уақытта көзі жадырап, не туа біткен, не мұраға қалған, не өзінің бақылауынан туған көсем ойларды түйдек-түйдек шығарады ..." Бұл ғылыми жарқын ойлардың соңғы қозғаушысы атақты шығыстанушы В. В. Бартольд болды.

Әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар негізін ашуды қажет етеді. Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары мен мемлекеттің өмірге келуі туралы негізгі теориялар қарастырылады. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні және мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері талданады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет — оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол — оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.

Оның ішінде қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны да ерекше. Қоғам дамуындағы мемлекетті кейіптеу мәселелері де бүгінгі таңда теория жүзінде байыптап зерттеуді қажет етеді. Мұнда қоғам дамуындағы мемлекетті формациялық және мәдениеттілік тұрғысынан кейіптеу негізгі орынға шығады және бүгінгі күннің талабына орайлы айшықты мәселе.

Дипломдық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады. Олар: «Мемлекеттің пайда болу алғы шарттары», «Мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар», «Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні» деп аталады. Сонымен бірге кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жоғарыдағы мәселелерді талдай келе мемлекеттің пайда болуы турасында отандық ғалымдардың еңбектерінен терең зерттей отырып, өз тың тұжырымдамамды ұсынамын.