МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

Бөлім 1. Мемлекеттік құрылымдардағы PR-дың теориялық негіздері

    1. Мемлекеттік жүйедегі PR-дың маңызы: үлгілері, мақсаттары 5

    2. Мемлекеттік және бизнес құрылымдардағы Public

relations: ұқсастықтары мен өзгешеліктері 15

    1. Мемлекеттік PR субъектілері (АҚШ мысалында) 19

    2. Қазақстандық мемлекеттік PR құрылымы мен механизмдері 24

 

Бөлім 2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің

Кедендік Бақылау Комитеті мысалында мемлекеттік

құрылымдардағы қазақстандық PR талдау

2.1 Талданатын мемлекеттік құрылымға қысқаша сипаттама 38

2.2 ҚР ҚМ КБК-нің PR-технологиялар облысындағы қызметі 45

2.3 ҚР ҚМ КБК-нің 2005 жылы жүргізілген PR акциялар

мен іс-шараларына талдау 54

 

Бөлім 3. Мемлекеттік құрылымдардағы PR-ды дамыту жолдары

3.1 PR мемлекеттік нарығының даму перспективалары 59

3.2 Кедендік бөлімдерді басқару мәселелері мен олардан өту

жолдары 63

 

Корытынды 68

 

Әдебиеттер тізімі 70

 

Қосымшалар

Кіріспе

 

Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында өткен елдегі қоғамдық-экономикалық формацияның (ҚЭФ) ауысуы, барлық қазақстандық қоғам мен оның экономикасына түбегейлі өзгерістерді әкелді. Өзгерістердің сипаты мен басты бағыты жаңа қазақстандық ҚЭФ-ның ең демократиялық табиғаты мен мемелекет экономикасы дамуының нарықтық сипатымен анықталды.

Экономикалық нарықтық қатынастарға өтуі - өте күрделі және көпқырлы үрдіс. Ол өмірдің барлық жақтарын қамтып өтті: жеке адамның ойлауының түбегейлі өзгеруін, қоғамдық және өндірістік қатынастар жүйесінің негізді қайта құрылуын қажет етті. Біздің адамдарға бұрын белгісіз бірқатар жаңа қоғамдық және экономикалық түсініктер пайда болды.

Директивті басқару мен жобалы бөлудің қатаң формаларынан кету, елдің саяси-мемлекеттік құрылымдары мен олардың басқару аппараттарын өздерінің қоғаммен өзара қарым-қатынасын мүлдем басқаша құру қажеттілігіне әкеліп соқтырды. Демократия – халық билігі, ал билікпен есептеспеуге болмайды. Қажетті нәтижелерге жету мақсатымен берілген форматта мұндай қатынастарды жасанды бағыттан құру PR мекен болған сол қоғамдық перде болды.

PR-қызмет біздің ел үшін жаңа белгі болды. PR-үрдістер өте күрделі, көпқырлы және көпжобалы екенін атап өткен жөн. Бұл салаға жұмыс жасайтын білікті агент – жұмыстың үлкен көлемін орындайтын жоғары білікті PR-агент-маман.

Оның мақсаты – клиент – PR-субъекттің қоғаммен қатынастарын, ол (қоғам) клиент ойларын, қызметін жақсы қабылдап, немесе оның интеллектуалды да, материалды да өнімін қабылдауға дайын болатындай етіп құру керек.

Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы Қазақстандағы мемлекеттік құрылымдарға деген сенім, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа деген сенімнен төмен болмауымен негізделген. Мемлекеттік құрылымдар Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз еткенімен, заңды қорғау, тіркеу және басқа да функцияларды орындағанымен, халық шенеуніктер парақор, өздерінің қызметтеріне таныстық бойынша ие болған және т.с.с. деп есептейді. Жемқорлықпен қарсы күресу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы тәртіп өсуде екенін және жоғары білімі бар қызметкерлердің үлесі 90%-дан жоғары екенін көрсетіп отыр.

Талдау заты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік PR.

Талдау объектісі – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Кедендік Бақылау Комитеті.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып мемлекеттік құрылымдардағы PR Қазақстандағы жеке ғылыми пән ретінде қарастырылмағандығы табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік құрылымдардағы PR ерекшелікерін ҚР ҚМ КБК мысалында оқып үйрену.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді орындау керек.

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік PR түсінігін оқып үйрену;

  • мемлекеттік PR-дың негізгі субъектілерін қарастыру;

  • мемлекеттік және бизнес құрылымдардағы салыстыруды жүргізу;

  • ҚР ҚМ КБК-дегі PR-ды талдау;

  • мемлекеттік құрылымдардағы PR-дың дамуы мен жаңаруын жасау.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде келесі қайнар көздер пайдаланылды: оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, ҚР ҚМ КБК есепберулері.