МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Экономикалық саясат: калыптасу көздері

1.1. Дискрециялық емес фискальдық (қазналық) саясат

1.2. Дискрециялық фискальдық саясат.

2. Экономиканы реттеу қүралдарының жүйесі

2.1. Әкімшілік шаралар

2.2. Экономикалық шаралар.

2.3. Қаржылық шаруашылық мемлекеттік шаралардын негізі ретінде

3. Жуық перспективадағы ҚР-дағы салықтық және бюджеттік саясаттар

3.1. Салықтар және салық саясаты

3.2. Ақша-несие саясатының мәні

3.3 . Қазакстан Республикасының ақша-несие саясаты

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Бүдан 225 жыл бүрын (1776 ж.) Адам Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін» тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірак ол «түнгі қарауылдың» ролін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бүл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялык қөзкарастар өзгерді. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен камту, есім мен ақшаның жалпы теориясы» енбегіңде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты. Ол экономикалық дағдарысты, жаппай жүмыссыздықтың тууын ескертіп отыруы керек. Алайда мемлекет, Дж. Кейнстің кеңесін тындай отырып, экономикалык қызметтерден бас кетере алмай, жаңа міндеттерді шеше алмады. Батыс еддерінде 70-шы жыддардың ортасында тағы да экономикалык дағдарыстар лап ете қадды. Осы толкынның арқасында Дж- Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын түжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.

Бүл түжырымдар «неоклассикалык» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899-1984 жж.) пен американ экономисі Милтон Фридмен (1912 ж.) және баскалары болды.

Нарыктық экономикаға мемлекеттің ролі жайлы аралас экономиканы жақтайтындар басқа кезқараста болды.

Американ экономисі Дж. Гэлбрейт (1908 ж.) «салмақтылык» күш теориясын үсынды. Оның айтуынша, еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ, ал оның орнын «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж. Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменнен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің араласуының басты максаты — экономиканын дүрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы

бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана түрғын үй, жол салу және кауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.

Басқада белгілі американ экономисі, «аралас экономика» теориясының өкілі Пол Самуэльсон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе — еркін кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалык бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады».

Әртүрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық релі жайлы теория К. Маркс пен В.И. Лениннің еңбектерінде терең қаралған. Айпағымыз, В.И. Лениннің жаңа экономикалык саясат негізінде (НЭП) 1921-ші жылы Ресей экономикасына нарықтық қатынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің рөлі жайлы ойлары ете күнды.

Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы ендіруді межелеп, жаңа жағдайдағы мемлекеттің релін анықтады.

В.И. Ленин былай деп жазды: «мемлекеттің бақылауынан қашпайтын дүрыс саудадан біз қашпауымыз қажет, оны дамыту бізге ыңғайлы». Нарықтық экономиканы өте терең зерттеген ағылшын экономистері — Дж. Кейнс, Рой Харрод (1890-1978 жж.), Джоан Робинсон (1903 ж.) және американ экономисі Элвин Хансен (1887-1975 жж.) болды.

Қазақстан Республикасы аралас әлеуметгік бағьпталған нарыктык экономика жолына түсті. Осы жағдайды ескере отырып, біз енді мемлекеттің экономикалық қызметін қарастырамыз.