МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................4

1 ТАРАУ. Бюджеттік жоспарлау – экономиканы реттеудің  басты
құралы
1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі..........................................................6
1.2. Бюджеттік жоспарлау жүйесі және оны ұйымдастыру.................................20

2 ТАРАУ. Бюджеттік жоспарлау ерекшеліктері және экономиканың
дамуына бюджет әсері
2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасуы.............................................................32
2.2. Бюджеттің қызмет етуі мен атқарылуын талдау............................................40

3 ТАРАУ. Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі  бюджеттік саясатты жетілдіру
3.1. Бюджетаралық қатынасты  жетілдіру ...................................................52
3.2. Бюджеттік ресурстарды тиімді  басқаруды  ұйымдастыру......................58
3.3. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі басымдықтары........ .......63

Қорытынды................................................................................................................96
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................99




Кіріспе
Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда –ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Алайда рыноктық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде.  Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарнамаларға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рол атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.
Рынок жағдайында бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, рыноктың инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы ролін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты бюджеттік жоспарлаудың реформалау концепциясын қарастыру және оның экономикалық дамуындағы бағыттарын нақтылауда жетілдіру механизмін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттерді шешу керек:
- бюджеттің экономикалық мәні мен ролін анықтау;
- бюджеттің құрылымын талдау;
- бюджеттік жоспарлау жүйесін зерттеу және бюджеттің атқарылуын талдау;
-бюджетаралық қатынастардың дамуының ерекшеліктері мен проблемаларын
айқындау;
- бюджеттік жоспарлау механизмінің жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі болып дипломдық жұмыста ҚР-да бюджеттік жоспарлаудың қалыптасуы мен атқарылудың экономикалық механизмі болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ҚР-ның бюджеттік саясат бойынша құқықтық-нормативтік актілері, бюджеттік құрылым және бюджетаралық қатынастар бойынша мәселелерге байланысты отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР-ның қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері, мерзімдік басылымдардың материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс  бетте орындалған, кесте мен   суреттермен мазмұндалған.