Жоспар.

Кіріспе ................................................................................................................2-4

I тарау Мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы

1.1 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері.........................................................................................................5-18

1.2. Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары........................................................................................................19-28

1.3 Мемлекеттік қызмет, оның түрлері..........................................................29-41

II тарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі.

2.1 Қазақстан Республикасының заң шығарушы билік органы................................................................................................................42-46

2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары..........................................................................................................47-49

2.3 Қазақстан Республикасының Сот билігі т.б. органдары..........................................................................................................50-56

Қорытынды.....................................................................................................57-58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................59- 61

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы

құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік

басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.

Осыған сәйкес дипломдық жұмысымның міндеті –

1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;

2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;

3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;

4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың

ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.

Осы зеттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым. Мынадай бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-тарауында-мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы; 2-тарауда – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларға сәйкес құрылуы, қызмет ету жағдайлары; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).

Дипломдық жұмыста – мемлекеттік билік, ( Мемлекеттік механизмнің ерте замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін) Ресей, АҚШ, т.б. шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне мысалдар келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі қызмет ету жүйесіне, «мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңдарына тоқталдым.

Мемлекеттік – қызметтік қатынастарды іске асырудың қажетті алғы шарты мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға тағайындау мен ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.