Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................4

 

1 Мемлекет түсінігі, мәні және қызметтері.............................................................7

1.1 Мемлекет түсінігі және мәні...............................................................................7

1.2 Мемлекеттің қызметтері....................................................................................10

 

2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сипаттамасы……….......17

2.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізі…………………………………………………………………………….…..17

2.2 Жеке тұлғаның бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері........21

2.3 Мемлекеттің жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші институттары..............................................................................................................32

 

3 Жеке тұлға мен мемлекеттің ара-қатынасы және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері........................................56

3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары...........................................................................................56

Қорытынды.................................................................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................73

Кіріспе

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет пен жеке тұлға ара қатынасының мәселесі адамзат қоғамының мемлекеттің пайда болған кезеңінен бастап толғандырған. Жеке тұлға проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Біздің зерттеуіміз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтық мемлекетте іске асырылуына арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.

Дипломдық жұмыста мемлекеттік жеке тұлғаның ара-қатынасы мен жеке тұлғаның құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін жетілдіруге арналған.

 Біріншіден, адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуы тиіс.

 Екіншіден, бұл мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдылықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея.

 Үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдар бұл қағиданы іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.

 Төртіншіден, адам құқықтарын қорғауда құқықтық мемлекеттің орнын анықтай отырып, біз адам құқықтарын қорғау, сақтау, қамтамасыз ету және кепілдік беру сияқты қызмет түрлерін анық шектейміз.

 Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмін жүйелілік қағидасы бойынша талдай отырып, біз бұл жүйеде кемшіліктер, қарама-қайшылықтар, қайталаулар орын алып отырғандыгын анықтадық.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1, 3 б.], - деп жазылған.

Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады.

«Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады [2, 34 б.].

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды.

Тақырыбының ғылыми зерттелу денгейі. Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте бұлардың қатарына РҒА академигі Е.А. Лукашеваның басшылығымен жасалынған іргелі еңбектерді атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейінгі Ресей мен ТМД елдеріндегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасын бірінші болып ғылыми зерттеу деңгейіне көтерді.

Адам құқықтары мен бостандықтары проблемасына Т.Б. Бекназар Юзбашев, В.А. Карташкин, И.А. Ледях, Б.Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Ресей зерттеушілерінің еңбектері арналған.

Қазақстанда бұл проблемаға Т.А. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, М.С. Башимов, Б.А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Г.К Искакова Г. Лупарев, А.К. Мұхтарова, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сәбікенов, А.В. Турлаев, Н.А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж.Д. Бусурмановтың зерттеуі ерекше орын алады.

Сонымен қоса ғылыми зерттеуде А.Т. Ашеулов, Т.А. Ағдарбеков, Н.Е. Айтқұлова, М.Т. Баймаханов, Ж.Д. Бусурманов, М.С. Башимов, М.С. Бейбітов, С.В. Бахин, С.Ж. Жалыбин, Е. Жовтис, С.З. Зиманов, Г.К Искакова, А.С. Ибраева, А.К. Котов, А. Қараев, Т.В. Кашанина, Д.О. Кұсайнов, Қ. Мәми, Б.А. Майлыбаев, А.К. Мұхтарова, Н.И. Матузов, К.Б. Мурзаев, М.С. Нәрікбаев, Л.Т. Назаркулова, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сәбікенов, М.А. Сәрсембаев, Г.Ж. Сүлейменова, А.Я. Сухарев, А.В. Стремоухов, Р. Түсіпбеков, Г.Д. Тленчиева, А.К. Тасбулатова, К.Х. Халиков, А.Г. Шмарин және т.б. авторлардың еңбектері қолданылды.

Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеті. Мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын ашып, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының іске асырылуын жағымды тәжірибені анықтау және қарама-қайшылықтармен кемшіліктерді табу арқылы жүйелі талдау.

Зерттеудің негізгі пәнін – құқықтық мемлекеттің басты қағидасы – адам құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету бойынша ерекшеліктері және мемлекет пен тұлғаның ара-қатынасы мен байланысы болып табылады.