I Кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктердің түрлері, қатынастары және бизнеске

қатысудағы өзгешеліктері 6

1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің

дамуы 13

1.3 Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендіру

барысы 21

II Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін басқарудағы

мемлекеттің рөлі

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың

маңызды шарты 30

2.2 Қазақстандағы кәсіпорындар қабылдаған маркетинг және

менеджмент 36

2.3 Кәсіпорындардағы қаржы мәселесін қалыптастыру 44

III Кәсіпкерліктің кәсіпорын қызметінің пайдалы-

лығын арттыруы

3.1 Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі 52

3.2 Кәсіпкерліктің кәсіпорындардағы сыртқы экономикалық

қызметін жандандыруы 62

Қортынды 68

Қолданылған әдебиеттер 71

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастыру-дың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздікке ие болған уақыттан бастап атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын.

Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өнімді және өндірісті сатуға кететін шығындарды азайтуға қол жетеді. Сол – сияқты бизнес жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.

Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса салауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында көп пайданы табуды қамтамасыз ететін болса.

Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.

Шағын кәсіпкерлікті қамтыған қиындықтар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және мемлекеттік сектордың оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы мен айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді. Ал қазіргі кезде мемлекетімізде шағын бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар қалыптасты және мемлекет тарабынан, сонымен қатар бизнестің өзі де ары қарай жылдам дамуы үшін іс-әрекеттер жасалынып жатыр.

Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлемді сұраныстың жалпы қысқаруы, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы саладағы күшейе түскен бәсекелестік, шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай қиындықтарға ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «көлеңкелі» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

Осы дипломдық жобада ұсынылып отырған жалпы теориялық жақтармен қатар кәсіпорынның күрделі және жан-жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдар мен берілген бірқатар жобалар бар.

Менің «Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі» деген тақырыпқа тоқталған себебім қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар Қазақстанда қанат жайып, өз жұмыстарымен айналысуда. Кәсіпкерлікті не үшін мемлекеттің қолдауы тиіс? Кәсіпкерліктің қандай пайдасы бар? Олардың тиімді және тиімсіз жақтары қандай? Деген және т.б. көптеген сұрақтардың туындауы еді. Мен осы жұмысты қолға алып үшінші курстан бастап мәселелер жинақтадым. Мысалы «ТИКО-1» құрылыс кәсіпорынында тәжірибелік жұмысты атқару барысында көптеген кәсіпкерлік жұмысының мән-жайымен таныс болдым. Осы кәсіпорында аз ғана уақыт тәжірибе жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстардың тәсілімен таныстым. Кәсіпорынды қаржыландыру жағын қарстыра отырып Қаржы министірлігінде тәжірибе жұмысын атқару барысында жалпылай таныс болдым.

Міне осы ұсынып отырған дипломдық жобамда кәсіпкерлікті қолдау, олардың даму, жұмыспен қамтамасыз ету тағы басқа мәселелерді ортаға салып талқыладым. Тек қана теория жақтарын қамтымай көптеген мысал келтіре отырып дипломдық жұмысты бастадым.

Дипломдық жобаның мақсаты мемлекеттегі кәсіпорындардың қолдануын зерттеп, тану. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қортынды және қолданылған әдебиеттен тұрады. Осы тараулардың ішінде өзекті мәселелер қарастырылған. Оның ішінде кәсіпкерлікке қолдау көрсету, кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттің рөлі және пайдасын арттыру сияқты сұрақтар қозғалған.