Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................3-4

 

1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15

1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-8

1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................9-15

 

2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-29

2.1 Қазақстанда кедейгіліктің бүгінгі күнгі ахуалы.....................16-24

2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты

болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................24-29

Қорытынды......................................................................................30-31

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................32

 

КІРІСПЕ

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.

1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейшілік индексі есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын белгілегендегі басты мақсат – экономикамызды, соның нәтижесінде қасиетті халқымызды дүние жүзіне паш ету. Халықтың әл – аухатын жақсарту. Рухани және табиғи байлығымызды шашпай – төкпей, ұрпақтан – ұрпаққа аман – есен табыстау. 2030 жылы Қазақстанды «Қазақстан Барысына» айналдыру.

Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Себебі, біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биылғы жылы 14 жыл толып отыр. Ол тәуелсіздікке біз қалай қол жеткіздік тарихымыздан аян. Ал, ендігі мәселе Қазақстан Республикасының дамуы қалай қарай жылжып бара жатқандығында .

Осының салдарынан экономиканы жоспарлау мәселесі туындады.

«Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:

  • халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту;

  • кедейшілікті жою;

  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

  • мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;

  • мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;

  • ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.

Кедейлік мәселесі әлемде тарихи дамудың әр кезеңде болған, боладыда. Өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, кедейлік, экономикалық өсу маңызды да өзара тығыз байланысты мәселелер.

Бүгінгі таңда кедейліктің таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдар қатынасы 30:1 ден 61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға өсті, ал ең кедей адамдардың үлесі 2 пайыздан 1,4 пайызға төмендеді.