МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

I бөлім. Жеке басты сақтандырудың теориялық аспектілері6

1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні және оның атқаратын қызметі6

1.2. Жеке басты сақтандырудың даму кезеңдері, мәні және қажеттілігі13

1.3. Жеке басты сақтандырудың қалыптасуы мен дамуының шетелдік тәжірибесі19

II бөлім. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандырудың даму жағдайын талдау28

2.1. Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы28

2.2. Жеке басты сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама37

2.3. Жеке басты сақтандырудың қаржылық жағдайын талдау50

("БТА" сақтандыру компаниясының мысалында)50

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы жеке басты сақтандыруды жетілдіру жолдары63

Қорытынды71

Қолданылған әдебиеттер тізімі74

 

Кіріспе

Сақтандыру - сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру жағдайы немесе басқа да жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша қатынастардың кешенін білдіреді.

Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру обьектілері материалдық емес игіліктер - өмір, денсаулық, еңбекке қабілеттік және азаматтардың жеке тұлғасымен байланысты басқа да қызығушылықтары.

Әлемде тек екі нәрсе бар - өлім және салықтар. Салықтар осы және басқа түрінде әрқашан да болды, сәйкесінше өмірді сақтандыру да алғашқылардың бірі болып қалыптасып, үнемі дамып, өзінің қазіргі нысанын қабылдап отыр.

Сақтандырудың негізінде сақтандыру шарты жатыр. Сақтандыру шарты -бұл сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім, оның негізінде сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушыға (немесе пайда иеленушіге) осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған зиянның орнын толтыруға немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы, өз кезегінде, белгіленген мерзімде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер мемлекет сақтандырушы компаниялармен бірлесіп жұмыс жасаса, тиімді құрылған сақтандыру ісі экономиканың дамуына және әлеуметтік проблемаларды шешуге әсерін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу, жеке сақтандырудың дамуының шетелдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қазіргі заманғы жағдайын зерттеу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 

 «сақтандыру», «сақтандыру қатынастары» және «жеке сақтандыру» түсініктерінің теориялық ерекшеліктерін негіздеу;

 жеке сақтандырудың қалыптасуы және даму кезеңдерін анықтау;

 жеке сақтандыруды сипаттайтын ерекшеліктерін ашу;

 жеке сақтандырудың шетелдік тәжірибесін оқу және талдау;

 республикадағы     өмірді     сақтандырудың     қолданылып     жүрген механизмін зерттеу;

 Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын кешеиді талдау;

 Республикадағы жеке сақтандырудың даму жолдарын анықтау.

Зерттеудің  объектісі  -  Қазақстан  Республикасының  жеке  сақтандыру рыногы болып табылады.

Зерттеудің пәні - өмірді сақтандырудагы сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалык қатынастар болып табылады.

Диплом жұмысының теориялық-әдістемелік негізі - сақтандыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ҚР заңнамалық-нормативтік актілері, статистикалық ақпараттар және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің есептік мәліметтері болып табылады.

Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногына деген қызығушылық жоғары. Бірақ жеке сақтандыру жинақталатын сыйақылар көлемі бойынша сақтандырудың басқа да салаларының ішінде бірінші орынды иеленбейді. Жеке сақтандырудың дамуына қажет барлық алғышарттар қалыптасуда.Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда, заң шығарушы база жетілдірілуде. Одан басқа, жеке сақтандырудың дамуына сақтандыру компаниялары белсенді түрде қатысуда. Оны АҚ «"БТА" сақтандыру компаниясының» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасынан көруге болады.

Бірақ, жеке сақтандырудың жемісті дамуына қажет заң шығаруға, сонымен қатар сақтандыру жүйесіне қатысты шараларды кабылдау керек.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қортындыдан тұрады. Бірінші бөлімде, сақтандырудың, оның ішінде жеке сақтандырудың теориялық аспектілері, жеке сақтандырудың экономикалық мәні және оның қалыптасуының шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Екінші бөлімде - АҚ «"БТА" сақтандыру компаниясының"» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасының мысалындағы жеке сақтандырудың тәжірибесі. Үшінші бөлімде, өмірді сақтандырудың жетілдіру жолдары қарастырылады.

 

І-бөлім. Жеке басты сақтандырудың теориялық аспектілері

1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні және оның атқаратын қызметі

Нарықтық қатынастарға негізделген айналымда сақтандыру маңызды орынға ие. Қатысушыларының мүмкін болатын мүліктік ысыраптарын азайта отырып, бұл институт олардың қызығушылықтарын қорғаудың маңызды құқықтық кепілі ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге, сақтандыру ірі ақша қаражатарын шоғырландыру және кейіннен пайдалану әдісі ретінде қаржылық сферадағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады.

Сақтандыру ерекше қатынастардың пайда болуымен байланысты күрделі ерекше қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Олар, өз кезегінде, сақтандыруға қатысушылардың түрлі сақтык қызыгушылықтарының пайда болуымен, сақтандыруға жататын обьектілердің әртүрлілігімен, сақтандырумен қамтылатын сақтандыру жағдайларының бар болуымен және басқа да факторлармен байланысты.

Сақтандыру адамдарды, олардың істерін түрлі қауіптерден сақтық қорғаумен қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың ерекше түрі болып табылады.

Сақтық қорғауды табиғи, техногендік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да сипаттағы мүмкін болатын қауіптерге адамның екі жақты реакциясы ретінде түсіндіруге болады. Бір жағынан сақтық қорғау жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекетінің түрлі жақтарымен байланысты өзінің мүліктік мүдделерін қорғаудағы объективтік қажеттілікпен түсіндіріледі. Екінші жағынан Бұл қажеттілік көрсетілетін мүдделерді қамтамасыз етудегі адамдардың қабілетін сипаттайды.

Егер сақтануға деген қажеттілік қорқыныштан туса, ол қорғануға деген қабілеттілік натуралды және ақшалай қорларды құрып, олардың көмегімен адамдардың мүліктік,и жеке басқа да мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге болатынын ұғынудан туындаса, онда сақтық қорғау іске асады деп айтуға болады.

 Сонымен, сақтық қорғауды жеке және заңды тұлғалардың мүлігін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке табысын қаппына келтіру үшін арнаулы сақтандыру қорларын құрудағы ұсынылған қажеттілігі деп анықтауға болады.

Қоғамдық тәжірибе ұзақ уақыттың ішінде сақтандыру қорын ұйымдастырудың үш негізгі нысанын әзірледі :

Бюджеттік және басқа да мемлекеттік қаражаттар есебінен құрылатын орталықтанған сақтандыру (резервтік) қорлары. Мұндай қорлардың қалыптасуы натуралды және ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік сақтандыру қорлары үкіметтің қарауында болады.

Өзін-өзі сақтандыру шаруашылық жүргізуші субъектілер мен адамдардың сақтандыру қорларын құру және пайдалану жүйесі ретінде. Бұл орталықтанбаған сақтандыру қорлары натуралды және ақшалай нысанда құрылады. Мұндай қорлар нақты тауар өндірушілердің немесе адамдардың қызметіндегі уақытша қиындықтардан өтуге арналған. Орталықтанбаған сақтандыру қорларының қалыптасу көзі: кәсіпорындардың немесе жекелеген адамдардың табысы.

Сақтандыру сақтандыруға мүдделілік білдіретін тараптардың сақтандыру жарналарының есебінен сақтандыру ұйымдарын құру және пайдалану жүйесі ретінде. Бұл қорлардың қаражаттарын пайдалану сақтандырудың шарты мен ережелеріне сай пайда болған ысыраптың орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.

Сонымен, сақтандырудың экономикалық мәні сақтандыруға мүдделілік білдіретін тараптардың жарналары есебінен қорды құруға қатысатын тұлғалар ысырабын жабуға арналған ақша қорларын құруда. Мүмкін болатын зиян (немесе сақтандыру тәуекелі) ықтималдылық сипатқа ие болғандықтан, кеңістікте және уақыт аралығында сақтандыру қорының қайта бөлінуі жүргізіледі. Зиян шеккен адамның зардабын өтеу сақтандыру қорының құрылуына қатысқандардың жарнасы есебінен жүзеге асырылады.

Сақтандырудың қазіргі заманғы анықтамасы 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы № 126-И "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабында берілген. Онда сақтандыру деп "сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру жағдайы немесе басқада жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша катынастардың кешені" аталынған . Сақтандыруда қорғау қалыптасқан ақша қорларынан белгілі бір ақша сомасын төлеу нысанында көрініс табады. Сақтандыру жүргізілген жағдайлар туындаған кезде олардың кездейсоқтық, ықтималдық белгілері болуы керек (ҚР АК 817 бап Зп (ерекше бөлім)). 

Яғни, айтып өткендей, сақтандыру жағдайы кездейсоқтық немесе ықтималдық белгісіне ие болуы керек.

Сонымен бірге сақтандырудың мынадай түрлері бар:

 міндеттілік дәрежесіне байланысты: ерікті және міндетті;

 сақтандыру объектісіне байланысты: жеке және мүліктік. 

"Сақтандыру қызметі туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында

сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

"Өмірді сақтандыру" саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру;

2) аннуитеттік сақтандыру.

"Жалпы сақтандыру" саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2) медициналық сақтандыру;