МАЗМҰНЫ

 

 

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………...4

 

1 ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МәСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - әДІСТЕМЕЛІК ШЕШІМІН  ТАБУ..........9

1.1.Бірлескен менеджмент және ғылыми талдау тақырыбы ретінде мемлекеттік активтерді басқару.......................................................................9

1.2.Мемлекеттік активтерді басқарудың шетелдік өтілі: шығыстық корпоративті менеджменті.................................................................................22

1.3.Мемлекеттік активтерді басқарудың шетелдік өтілі: батыстық корпоративті менеджменті....................................................................................27

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ......39

2.1.Қазақстан Республикасы ұлттық корпоративті секторының даму үрдісі...39

2.2. .«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-ның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы.........................................................................................................50

2.3 « Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ коорпоративті даму мәселелерін сараптау, талдау................................................................................................64

 

3 «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» АҚ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ..........................................77

3.1 Қазақстан Ұлттық компанияларының даму келешегі, экономикалық тиімділігі .............................................................................................................77

3.2.«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ қызметін жетілдірудің мүмкін жолдары.................................................................................................................85

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................90

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................94

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Мемлекеттің саясаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға тез арада енгізу және нарық механизмдерін дамыту болып табылды. Мемлекеттің алдында экономикалық және саясаттық өмірді жаппай мемлекеттендіруге негізделген жүйеден нарықтық экономикалық негізге өту қажеттілігімен байланыстырылған еліміздің барлық экономикалық жүйесін жаңғырту міндеті тұрды. Сол уақытта мемлекеттік саясаттың артықшылықтарының бірі болып нарықтық қарым-қатынастың негізігі элементі ретінде жеке меншік институтін қалыптастыру қажеттілігі болды. Мемлекет алдына қойылған мақсатына жету құралы ретінде сол кезеңдегі пайдаланылған жалғыз меншік түрі, экономикалық айналымға тартылған мемлекеттік меншікті жекешелендіру саясатын негізге алды.  Жекешелендіру саясатының қолданылуы тиісті деңгейдегі мемлекеттік басқарумен қабылданған нормативті құқықтық актілер, бағдарламалар және тұжырымдамалар қабылдаудан басталды.

2000-шы жылдан бастап мемлекет саясаты мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға ерекше көңіл аударды. Бұл өзгерістер ҚР 2010-жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарында бекітілді. Бұл аталған құжатта мемлекеттік саясаттың реттеуші және ынталандырушы сипатынан өз бағытын елдегі болып жатқан экономикалық үрдістерге мемлекеттің белсенді және тікелей қатысу саясатына өзгерткен негізгі тезистері қалыптастырылған. Стратегияның негізгі мақсаты ретінде экономиканың ұзақ мерзімді жоспарында бәсекеге қабілеттілік негізін құру болып табылды. Даму үлгісі ретінде мемлекетті экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру және ірі, жүйе құрушы компанияларды мемлекеттің қатысуымен аймақтық және мүмкіндігінше дүниежүзілік деңгейге шығару тәрізді міндеттерге жету қажеттілігі қабылданды. Экономикадағы мемлекеттің ролін анықтауда аталған стратегиялық құжатта «бүгінгі таңда жеке сектор біраз уақыт тың, технологиялық күрделі өнеркәсіп саласында ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыруға қабілеті жоқтығынан, экономиканы жаңғырту үшін «қозғаушы күш» ретінде тек мемлекет бола алады» деп көрсетіледі.

Осылайша, 2010-жылға дейінгі Стратегияны қабылдаумен мемлекеттік активтерге қатысты мемлекет позициясы мемлекеттік кәсіпкершілік үрдісіне тарту тарапына қайта қарастырылады. Жекешелендіру мемлекеттің міндеттеріне жатпайтын және бағдарсыз активтерді босату, сондай-ақ оларды елдің жалпы капитал айналымына тарту және жекелеген салалар қызметін бәсекелестік ортаға шығару құралы ретінде қарастырыла бастады. 2007 жылғы Жолдауға сәйкес ҚР Елбасымен мемлекеттік холдингтер үшін келесі негізгі міндеттер белгіленді:

 Мемлекеттік холдингтер Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға ойдағыдай кірігуіне бағытталған ұлттық стратегияның бәсекеге қабілеттілігі мен іске асырылуын камтамасыз етуде өздерінің жетекші орындарын сайлап алуға тиіс;

 Мемлекеттік холдингтер халықаралық компаниялармен бірлескен жобалар жасау, сондай-ақ олардың Қазақстанға келуіне жәрдемдесу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге тиіс. Әсіресе, шикізаттық емес секторлардағы бірлескен жұмыс ерекше маңызды.

 Мемлекеттік холдингтер экономиканы әртараптандыруда өзіндік рөл атқаруға, осы үдеріске қазақстандық шағын және орта бизнесті тартып, оларды ынталандырып, қолдап отыруға тиіс. Мұндай міндеттерді шешу үшін мемлекеттік холдингтерді біртұтас организм ретінде қайта құрылымдау жоспарын әзірлеу, сондай-ақ тиісті нысаналы, толыққанды жұмыс істейтін, тиімді, икемді әрі ашық ішкі құрылымдар жасақтау қажет. Осыған байланысты әрбір мемлекеттік холдингті құрайтын құрылымдарға, олардың тиімділігі мен бейінділігіне тиісінше таңдау жүргізу, содан кейін әрбір мемлекеттік холдингтің басқаруында қандай активтердің қалатынын, олардың қалай дамитынын, қайсысын бәсекелестік ортаға енгізу керектігін анықтау қажет.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік активтерге байланысты қабылданған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мемлекеттік активтерді басқару саясатын жетілдіру үшін қажетті мақсаттар мен міндеттерді барынша анық көрсетті. Дегенмен, сол мақсаттар мен міндеттер қазіргі уақытқа дейін толық орындалмай келеді. Бұл жағдай мәселелерді шешу үшін тиімді және нақты механизмдердің жоқтығымен түсіндіріледі. Сондай-ақ мәселелердің бірі ретінде жекелеген заңнамалық салалардың ережесіне бағына отырып, мемлекеттік саясат құралдарының  өздігінен жүзеге асырылу және даму фактісі болып табылады. 

Сонымен, зерттеу тақырыбының маңыздылығы ұлттық компаниялардың тиімділігіне, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуының тиімділігіне ықпал ететін тоқтату факторларын және мәселелерді айқындау мақсатында, мемлекет экономикасында маңызды рөл атқаратын отандық ұлттық компаниялардың қазіргі дамуын талдау қажеттілігімен анықталады. Бұл мәселелерді айқындау және талдау үдемелі халықаралық тәжірибе негізінде ұлттық компанияларды бірлескен басқаруды жетілдіруге оңтайлы тәсілдерді құруға мүмкіндік туғызады.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының қазіргі дамуына кешенді талдау жасау және ел экономикасын дамыту мақсатында олардың қызметін жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Зерттеудің алға қойған мақсаттарына сай жұмыстың келесі міндеттері анықталды:

1. Ұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру мәселесіне теориялық - әдістемелік тәсілдер қарастыру;

2. мемлекеттік активтерді басқарудағы шетел тәжірибесіне талдау жасап Қазақстан Республикасы үшін шешім жасау;

3. Қазақстан Республикасының ұлттық бірлескен секторының экономикасына үлес қосу, өсу мәселесін, даму үрдісін анықтау;

4. Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының дамуындағы болуы мүмкін келешегіне талдау жасап, баға беру;

5.  «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ негізінде ұлттық компаниялардың қызметін жетілдіруді қарастыру.

Зерттеру тақырыбы. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы, ұлттық бірлескен сектор, мемлекеттік активтерді басқару.

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасының ұлттық компаниялары, олардың мемлекеттің экономикалық процестеріне қатысуы.

Диссертациялық зерртеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілген бірлескен сектордың қазіргі дамуын теориялық ұғыну қажеттілігімен байланыстырады. Ұлттық компаниялардың қызметін және мемлекеттік активтерді басқарудың барлық жүйесін жетілдіру мемлекеттің экономикалық дамуының артып келе жатқан қажеттіліктеріне, сондай-ақ Қазақстанның келешекке тұрақтылығын анықтайтын факторларына сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеу ұлттық бірлескен компанияларды қазіргі қазақстандық  басқару жүйесін сынмен қайта қарау және Қазақстанға бәсең экономикалық дамудан әлемнің дамыған экономикасында қолданылатын мемлекеттік активтер менеджментінің ілгерішіл жүйесіне өтуге мүмкіндік беретін тәжірибелік үлгі жасап шығару әрекеті болып табылады.

Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми нәтижелер мынадай: 

1. Мемлекеттік активтерді басқару мен корпоративті басқарудың ерекшеліктері ұсынылған, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық маңызы бар тапсырмаларын шешу мақсатында қаржылық, технологиялық және интеллектуальдық қорын тоғыстыруға қабілетті және осы негізде экономиканың эволюциялық жаңаруының дәйегі ретінде бола алатын,  қазіргі аралас экономиканың ерекше институті ретіндегі ұлттық компанияның экономикалық мазмұны нақтыланған.

2. Мемлекеттік активтерді басқарудағы алдыңғы қатарлы шетелдің іс-тәжирибесі зерделеніп, мемлекеттің ұлттық компанияларды құрауға ұмтылысының салдары айқындалған, олар: стратегиялық маңызы бар салаларды бақылауды енгізу; экономиканы жаңғыртудың құралдарын құрау; қорлардың салааралық қайта таратылуын қамтамасыз ету; экономиканың төмен рентабелді және қаржы құюға боларлық секторларын қолдау; мемлекеттік меншікті оңтайландыру.

3. Әлемдік тәжірибенің негізінде жаһандану талабында мемлекет экономикасының дамуына ұлттық компаниялардың әсер етуі айқындалып, оның мына жолмен жүзеге асатыны анықталған: ұлттық компаниялар шегінде қорлардың тоғысталуы өз дайындауларын дамытудан басқа, шетелдік технологияларды алуға және игеруге; компанияларға толық технологиялық шептерді тартуға мүмкіндік береді.

4. Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялар институтының өзіндік, екіжақты табиғаты ашылған, оның ішінде, қазақстандық ұлттық компаниялар жоспарлы экономиканың базалық сипаттамасын қайта өндіреді және бермезгілде нарықтық механизмдер мен ресімдерді енгізудің арқасында  институционалдық экономикалық ортаның жандануының нәтижесі болып табылады деген тезисті дәйектеп отыр. 

5. Қазақстан Республикасындағы қазіргі ұлттық компаниялардың жұмыс істеудегі тиімділігі төмендігінің себептері анықталған:   ұлттық компанияларды құрау процессінің жабықтығы; ұлттық компаниялар қызметінің базалық ережелері, қағидалары мен стратегиялық жоспарларының нақтыланбауы, тиімділік өлшемдерінің, даму стратегиясының, маркетингтің және тәуекелдерді басқару жүйесінің  бітірілген жұмысының жоқтығы.

6. Экономиканың шикізат емес секторының ұлттық компаниясы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мысалында, Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялар қызметін жетілдіру бойынша, компаниялар қызметіндегі стратегиялық менеджментті, бизнес-барыстарды әкімшілдендіруді, маркетингті және тәуекелдерді басқарудағы  жаңа стандарттарды енгізу арқылы ұлттық компаниялардағы корпоративті басқару жүйесін айқынды түрде жақсартуға мүмкіншілік беретін шаралар анықталған.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық зерттеудің ғылыми-теориялық және қолданбалы аспектілерінің үйлесімділігінен тұрады. Диссертациялық жұмыста бірлескен менеджментті дамыту және жетілдіру мәселесін зерттеу, біріншіден, қазақстандық басқару ғылымының ғылыми аппаратын байытады, ал екіншіден, қазақстандық ұлтттық компаниялар қызметінің мәселелерін талдау негізінде мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды жақсарту бойынша нақты сипаттамалар және ұсыныстар қалыптастырады. 

Диссертацияның негізгі тезистері мен нәтижесі мемлекеттік органдармен қатар, елдің басқарма құрылымында – ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметі және салалық министрліктерде, сонымен қатар «Самрұқ-Қазына» холдингінде тәжірибелік қолданысын табуы мүмкін. Диссертация материалдарын студенттер мен аспиранттар үшін бірлескен менеджмент және Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін басқару мәселелеріне арналған арнайы курстар әзірлеу барысында, сондай-ақ диссертациялық зерттеулер шеңберінде мамандармен тақырыпты зерттеуді жалғастыру үшін қолдануға болады.

Зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертациялық зерттеу тәртіпаралық тәсілдерді, құрылымдық-функционалдық талдау әдісін, ретроспективтік, институционалдық, компаративтік талдау әдістерін, факторлық талдау, маркетинг, менеджмент, көпкритериялық бағалау және экстраполяцияны қолдана отырып, жалпы ғылыми танып білу әдістері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар қадағалау әдісі, атап айтқанда зерттеу тақырыбына қатысты процесстерді қадағалау және жұмыс тақырыбы бойынша құжаттар мен материалдарды контент-талдау қолданылды. Жұмыста ұлттық компаниялардың қызметін жетілдіруді дамыту векторын анықтау мақсатында болжау және  үлгілеу әдістемесі де қолданылды.

 

Зерттеу нәтижесін ресми мақұлдау. Зерттеудің негізгі тезистері қазақстандық, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсыным беретін мерзімді басылымдарында орнын табады, сондай-ақ мемлекеттік басқару және ұлттық экономиканы дамыту сұрақтары бойынша тақырыптық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланады. Диссертациялық зерттеудің шешімдері мен нәтижесі құзырына сай тәжірибелік жұмыстарда қолданылады және бірлескен менеджмент пен мемлекеттік активтерді басқаруды жетілдіру сұрақтары бойынша жұмыс жазбалары мен есептемелерде көрсетіледі.

Жұмыс құрылымы. Зерттеу алға қойған жұмыс мақсатына сай жүйелендірілді және кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған деректеме көздерінен және қосымшадан тұрады.