МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................................5

1 АЙМАҚ ДАМУЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………………………………………..….8
1.1 Әлеуметтік саясат мәні мен модельдері……………………………………..8
1.2 Қазақстан Республикасындағы аймақтардың дамуына әлеуметтік саясаттың әсер етуі………………………………………………………………14
1.3 Аймақ дамуындағы әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесі…..........20

2 АЙМАҚ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)…………………………26
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатқа талдау……………….26
2.2 Нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік салалардың ахуалы.....35
2.3 Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері..............................................................................................................57

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.........................................61
3.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сфера салаларын жетілдіру....61
3.2 Аймақтар дамуында – әлеуметтік-кәсіпкерліктің алатын орны.................66
3.3 Әлеумет пен әлеует.........................................................................................68

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................74
















КІРІСПЕ

ХХI ғасырдың басында әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық сипатындағы терең деңгейдегі қайта құру үрдістері байқалуда. Бұл аймақтың дамуын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығын күшейтеді. Посткеңестік кеңістікте соңғы жылдары әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап ететін тіршілік әрекетінің барлық салаларында түпкілікті өзгерістер орын алғандығы көрініп отыр. Қазіргі жағдайларда аймақтар деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың ең тиімді құралы болып тұрақты түрде модернизациялауды қажет етіп отыратын аймақтық саясат табылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуға Елбасымыз өзінің жыл сайынғы жолдауларында аса маңыз беріп келеді. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару жолында. Осы аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуды көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы жолдауында «...Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс. Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары, тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуы тиіс. Әкімдер инфрақұрылымды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек. Тұтастай алғанда, «Нұр Отанның» бастауыш ұйымдары және филиалдары, жергілікті мәслихаттардың депутаттары аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы факторына айналуы қажет. Олар кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, атап көрсетілген міндеттерді айрықша бақылауға алулары керек» деп атап көрсетті [1].
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Біздің мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық үлгідегі түбегейлі қайта құрулар халықшаруашылығы кешенін мемлекеттік-территориялық дамытудағы іс-шараларды жетілдіру, бәрінен бұрын ұлт дамуының базалық негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді жетілдіру қажеттілігін анықтады. Орталықсыздандыру принципіне өтуді қамтыған саяси және экономикалық реформалар мақсатты анықтаудағы және территорияның әлеуметтік-экономикалық даму саясатының әдістерін, құралдарын, ресурстарын таңдаудағы аймақтарды басқару мен билік органдары рөлінің өсуінің басты алғышарты болып табылады.
Қазақстандық реформалардың орындалуы мен тиімділігінің ажырамас алғышарты болып нарықтық реформациялардың стратегиясы мен концепциясын таңдау кезінде тіршілік әрекетінің табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-этникалық жағдайларындағы әр түрлі аймақтық ерекшеліктерді ескеру болып табылады.
Мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелердің талдауы көрсеткендей территориясы үлкен және өмір сүру мен шаруашылық жүргізу жағдайлары әр текті елдер мен территориясы кішкентай және айқын территориялық айырмашылықтары жоқ елдердегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік араласудың құралдары мен әдістерінің ұзақ түрдегі эволюциялық үрдісі қазіргі кезде аймақтық мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы аймақтық тәсілдің басым рөлді алуына алып келіп отыр.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешу кешенді тәсілді, ресурстық және өндірістік потенциалды максималды түрде қолдануды, территориялық маңызы бар әр түрлі факторларды ескеруді талап етеді.
Сондықтан, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешуде бағдарламалық-мақсатты тәсілді қолдану ең тиімдісі болып табылады. Осыған орай, мақсатты кешенді аймақтық бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асырудың мақсаттарын, басымдықтарын, принциптері мен әдістерін анықтау мен таңдау шешімі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін өзекті міндет болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында аймақтың әлуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруді, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес төмендегідей міндеттер қарастырылады:
 әлеуметтік саясат мәні мен модельдерін қарастыру;
 ҚР-да аймақтардың дамуына әлеуметтік саясаттың әсер етуі;
 аймақ дамуындағы әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
 Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатқа талдау;
 нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік салалардың ахуалын қарастыру;
 Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері;
 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы жетілдіру;
 аймақтар дамуында – әлеуметтік-кәсіпкерліктің алатын орны;
 әлеумет пен әлеует.
Зерттеу объектісі – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Зерттеу барасында аймақтың әлеуметтік дамуына байланысты ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, ҚР заңнамалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері қолданылды.