ЖОСПАР:

 

 КIРIСПЕ …………………………………………………………………………3  

 

 I-ТАРАУ.  АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ  АСПЕКТIЛЕРI                    

 1.1  Адам капиталы  экономикалық категория ретінде………………………..6

 1.2  Адам капиталы және соған салынатын инвестиция негізі…..……………8

 1.3 Адам капиталының жүйе  құрушы статусы теоретикалы-          экономикалық зерттеу пәні ретінде…………………………………..…...15

 

II-ТАРАУ.  БIЛIМ – АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI                                

 2.1 Адам капиталы теориясы көзқарасы тұрғысынан білімге салынған инвестиция…………………………………………………………………..20

2.2 Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi………… 28

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………….………………………………....……...34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI …….…………………….…36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды.

 Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылы шын таңдауда жеткізуші мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр.

Біздің ойымызша, жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын анықтайды, халықтың әлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық база бередi.

Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бәрі бағытталу керек.

      Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда. 

Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi – ұлттық мәдениеттiң, ұлттық танымның көрсеткiшi, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп қана қоймай, өзгерiстерге әсер етедi. Бiлiм тұлғаны әлеуметтiк-экономикалық процеске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор болып табылады. Сол себептi бүкiл әлемде бiлiм беруге ерекше көңiл бөлiнедi. 

Жаңа XXI ғасыр өзінің әлеуметтік-экономикалық кеңістігіне шықты, оның орталығында - өзінің табиғи және жинаған қасиеттерімен, яғни мүмкіндігі, іскерлігі, өмірлік мамандық тәжiрибесімен адам тұр.

Дамудың стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асырудан, және ең құнды ресурсы – адам капиталын дұрыс қолданудан Қазақстандағы экономикалық реформа нәтижесі мен болашағы шешіледі. 

Тәуелсiз Қазақстан үшiн дамудың жоғары сатысы жеткен деңгейдi тұрақтандырып, әрi қарай бiлiм берудi дамыту болып отыр.

       Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы және құрылуы. Зерттеудiң негiзгi алға қойылған мақсаттарды шешу:

- Адам капиталы – экономикалық категория ретiнде.

- Адам капиталы – соған салынатын инвестиция негiзi ретiнде.

- Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы экономикалық зерттеу пәнi ретiнде.

- Адам капиталы теориясының көзқарасы тұрғысынан бiлiмге салынған инвестиция.

- Қазақстандағы адам капиталының бiлiм беру компонентi.

- Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi.

- Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы жетiстiктер мен кемшiлiктерi.

     Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған және автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда. 

      Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады. Адам капиталын қоғам модернизациясы үшін қолданудағы жақсы жақтар төмендегідей.

1. Құндылықтар құру арқылы нарықтық ортада әлеуметтілікті жеңілдету, негізгі әлеуметтік жетістіктерді, экономика және әлеуметтік қатынастар саласындағы тәжiрибелік біліктілікті игеру арқылы өз жағдайы мен қоғам жағдайы үшін жауапкершілігі.

2. Алкогольді, наркомания және қылмыстылықты тарауына қарсы тұру, әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.

3. Жас өспірімдердің әлеуметтік және экономикалық рөлдерінің жедел өзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын тұлғаларға арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан талантты, пысық жасөспірімдерді қолдау арқылы қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету.

4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас талаптардың енуiне қолдау көрсету.

5. Өзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін қоғам еркіндік ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беру керек.

Білімге әлеуметтік тапсырыс мемлекет тарапынан жасалатын тапсырыс емес, жанұя және кәсіпорындардың қызығушылығының да жиынтығы болу керек. 

 

I-ТАРАУ.  АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ  АСПЕКТIЛЕРI

 

1.1 Адам капиталы экономикалық категория ретiнде

 

Экономикалық өсуге адам капиталы тұрғысынан жақындау экономикалық мәселелердi тәжiрибелiк шешудегi өзiн-өзi жылжытудың шығармашылық көзiн бiрiншi орынға қояды. Бүгiнгi таңда қазiргi өндiрiстегi индивидтiң орны мен рөлiн “адамды орталықтандырып” қайта қараған жөн, себебi адам дамуының басты шарты ретiнде жұмысшы күшiнiң факторлы рөлiнiң азайып, оның мақсаттылық, бақылау және басқару функциялары өсуде.

      Дәстүрлi көзқарастан бас тарту тек экономикалық өсудiң жаңа теориясын жасау және дамыту жолында ғана мүмкiн. Ол жиналған адам капиталының мөлшерi мен динамикасын, оның қоғамдық байлық құрылымындағы орны мен рөлiн, даму перспективасы мен тенденциясын анықтауға ғана мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен қатар өндiрiстiң материалдық факторына салынған инвестициямен салыстырғандағы адамға салынған салымның экономикалық тиiмдiлiгi мен әлеуметтiк мәнiн бақылауға мүмкiндiк бередi. 

     Бүгiнгi таңда экономикалық өсудiң көптеген модельдерi мен теориялары жасалған, олар екi топқа бiрiктiрiлген:

1.Өсудi қамтамасыз ету көздерiне, факторларына, шарттарына басты назар аударатын қайта өндiру мәселесiн көтерiп отырған теориялар.

2. Институтционалды-әлеуметтiк теориялар, онда басты назар әлеуметтiк тенденцияға өсу бағасы мен нәтижесiне аударылған, соның iшiнде “институтционалдық құрылғы” рөлi мен оның тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге.

Бiздiң ойымызша үшiншi топты атап көрсетуге уақыт келдi.

“Адам капиталы” теориясын, ол өз көзқарасын адамға инвестициялаумен байланысты жаңа көздермен өсу факторларына бағытталған. Яғни экономикалық өсудiң құрылып келе жатқан типiнiң динамикасы өндiрiсте қолданылатын материалдық жағдайына емес, ақпараттық, басқарушылық “адам” ресурсын дамытуға байланысты, бұл индивид  қажеттiгi мен мүмкiндiгiн әмбебап дамытуды қажет етедi. Жұмысшының жеке тұлға ретiндегi потенциалын  басымдылықты дамытуға, бүкiл адам индивидуалдығын қоғамдық өндiрiс iс-әрекетiне енгiзуге бағытталған, бұл көзқарас қайта өндiру процесiне жақындауды, “адам өндiрiсi” оның мүмкiндiктерi байлығы тұрғысынан күрт өзгертедi. Сонымен қатар, әлеуметтiк қажеттiгiнiң бүкiл спектрiн  қамтамасыз  етуге бағытталған адамға деген салым экономикалық өсудiң жаңа типiн қамтамасыз ететiн шарт ретiнде көрiнедi. Адамды экономикалық талдаудың жүйелiк орталығына орналастыру “жоспарлы экономика” ғылыми-техникалық прогреске қойылған ставка уақыттарындағы нақты бейнесiн ашады. Iсте даму абстрактылы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам капиталының iс-әрекетi. Ол тек материалды негiзгi қорды құрып оның ғылыми-техникалық “негiзiн” көбейтiп қана қоймай, сонымен қатар тұтынуға деген мүмкiндiктi қоғамдылық қажеттiлiк жүйесiнiң құрылымы мен сипатын кеңейтедi.

      Экономикалық өсудiң жаңа типiн камтамасыз ету көбiне шығармашылыққа және бейiмдiлiкке тәуелдi. Жеке бастың шеберлiгi, еңбекке ынталылығы, мамандану деңгейiнiң жоғарылығы және тағы басқалары жоғары бағаланады. Мұнда жаңа шаруашылық жүйе жайында сөз қозғалып отыр. Басты орында тәрбие мен бiлiм сапасы, демалыс пен жалпы мәдениетi, денсаулығы қоғам лидерлiгi, шаруашылық егемендiгiне қолдауға бағытталған экономикалық ортадағы ұстамдылығы тағы басқалары маңызды рөл атқарады.

      Индустриалдықтың орнына келген экономикалық өсудiң жаңа типi мына көзқарас тұрғысынан альтернативтi:

1.Өндiрiстiң материалдық жағдайына емес, адамға деген  инвестициялар көздерiнiң өсуi.

      2. Материалдық қор мен еңбек құралдары емес, интеллектуалдық, ақпараттық ресурстар секiлдi факторлардың бастылығы.

    3. Құндық формаға емес, адам капиталына мақсатты бағыттау.

      4. Нәтиженi бағалау критериi – адам қажеттiгiн қанағаттандыру дәрежесi, ең бiрiншi шығармашылық еңбек пен еркiндiк қажеттiгiнде.

      Бұл негiз экономикалық өсудiң жаңа типiн анықтауға мүмкiндiк бередi және адам -  құрал емес мақсат деген ойға әкеледi.

      Экономикалық өсудi адамдық өлшеуге көшу адамды өндiрушi және тұтынушы ретiнде әлеуметтiк-экономикалық механизм ортасына қоюға мүмкiндiк бередi.