Аннотация

Курстық  жұмыс  «Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы» проблемалары  туралы  жазылған .   1  тарауда   Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері

2 тарауда – қазақстан республикасындағы бюджет салық саясатының мемлекеттік қарызды реттеудегі атқаратын ролі. Үшінші тарауда- Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының жетілу жолдары және мемлекеттік қарызды жою мәселелері жазылған.

       

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе........................................................................................................................5

 

І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты...................................................6

1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері............................................8

1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері.............15

 

ІІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ РЕТТЕУДЕГІ АТҚАРАТЫН РОЛІ.

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы салық саясаты жағдайы және

       мемлекеттік қарызды басқару......................................................................18

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды және бюджет

       тапшылығының ерекшеліктері....................................................................24

 

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ.

 

3.1. Мемлекеттік қарыздардың мағынасы және оны жою................................26

 

 

Қорытынды...........................................................................................................28

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................29

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.

 

 

 

І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты

      Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері  мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде  барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағаида тез өсуде. Оның се-бептері көп, олардың ішівдегі ең бастылары емірдің сан түрлі салаларьшда ғы мемлекет Грөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалмқ және әлеумеғтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты келемінің өсуі және т. б. себептер. Бюджеттік шығьщдардын көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның келемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҮӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Мемлекеттік бюджеттердің түрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына

жоғарыда көрсетілген қүрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекетгің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлгаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байлаиысты. Артық өндірудің цикл-

дық дагдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге таіс (жүмыссыздарға көмек және т. б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инве-

стиция көлемін сақтауға да қаражат керек.