Мазмұны.

 

Кіріспе.....................................................................................................................

 

І- Бөлім.   Ұлыбританияның негізгі заңы; даму тарихы, ерекшеліктері; негізгі

                   заң  салттарының ролі және соттың прецедент ролі.........................

 

ІІ-Бөлім.   Мемлекеттік билікпен басқарудың жоғарғы органдары................

                   1. Парламент: құрылысы және қабілеттігі.......................................

                   2. Ел басқарудағы монархтың ролі...................................................

                   3. Үкімет пен кабинет.........................................................................

                   4. Заң шығару процесі........................................................................

 

 

ІІІ-Бөлім.  Ұлыбританияның жергілікті басқару органдары...........................

                    1. Жергілікті басқару органдарының түрлері мен құрамы............

                    2. Жергілікті басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру.....

                    3. Орталық және жергілікті басқару органдары салыстырмалы

                    түрде....................................................................................................

 

Қорытынды..........................................................................................................

 

Библиография......................................................................................................

 

 

                                         Кіріспе

 

Шетелдік мемлекеттердің тарихи дамуын олардың құрылысын, саяси жүйесін, экономикасын, мәдениетін тереңірек зерттеу қазіргі уақытта, яғни Қазақстан Республикасының өз алдына тәуелсіз ел болып, егемендік ел болған шағында басқа мемлекеттермен сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қарым-қатынастарына кіруі шағында қажеттілік қана емес, заман талабы болып отыр. Оның ішінде Ұлыбритания мемлекетініңде  құрылысын, саяи жүйесін, экономикасын, мәдениетін зерттеуге арналған осы дипломдық жұмыс ғылыми түрдегі екі ел арасындағы жаңа заман талабына сай қарым-қатынастарды арттыруға өз үлесін қоспақ.

Ұлыбритания – Европаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан дамыған кариталистік елдердің бірден-бірі. Ол үш тарихи аймақты – Англияны, Уэльсті және Шотландияны өзіне ендіреді.

Англия мен Уэльс ХІІІ –ғасырдың аяғында ХІV –ғасырдың басында біртұтас мемлекет болып құрылған, ал Шотландия ХVІІІ –ғасырдың басында бір бөлігі болып қосылды.

Ирландия Құрама Корольдық ХІХ –ғасырдың басында кірді, алайда 1922 жылы Ирландияның оңтүстік графствосы өз алдына жеке мемлекет болып қазіргі  Ирландия Республикасын құрды.

Ирландияның солтүстік-шығыс провинцияларының алты солтүстік графствасы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Патшалығында қалды.

Осы елдің мемлекеттік құрылысын, оның орталық және жергілікті органдарын, Негізгі Заңының ерекшеліктерін, заң шығару процесінің дамуын зерттеу үлкен қызығушылық білдіреді.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы – Парламенттің билігі мен құрылысын, ел басқарудағы монархтың ролін, Үкіметтің жұмысын зерттеу және министрлер кабинетінің жұмысын талдап қарау болып табылады. Осымен қатар заң шығару процессі қамтылып отыр.

Осы жұмысты Ұлыбританияның негізгі заңына да көп көңіл бөлінеді, себебі Ұлыбритания мемлекетінің Негізгі заңының өз ерекшелігі бар, атап айтқанда Ұлыбритания мемлекеті мен қатар тек қана Жаңа Зеландияда негізгі заң жазылмаған болса да басшылыққа алынады.

Жергілікті басқару органдарының түрі, салалары және осы органдардың ара қатынастары, сайлау , ұйымдастыру және басқа да ерекшеліктері мысалы ретінде Манчестерлік қалалық кеңесінің, осы дипломдық жұмыста ашып көрсету болып отыр.

Осы тақырыпта жұмыс істеу барысында заң құжаттарының жеткіліксіздігінен қиыншылықтар кездесті.

Осыған қарамастан бұрынғы Кеңестер Одағындағы ғылыми  зерттеу жасаған ғалымдардың 1970- 1980-ші жылдардағы еңбектердің ескіргеніне қарамастан дипломдық жұмыста біршама қолданылды. Сол кездегі Кеңес Одағының саясатына сәйкес А.М. Некрия, Л.В. Поздееваның ( 1958 ж. ), Б.С. Крылованың ( 1961 ж. ), И.С. Крыловтың және басқа да ғалысдардың еңбектерінде сын көзбен жазылған және әрдайым шынайы қорытынды жасалмаған.

Осымен қатар, Ұлыбритания мемлекеттінің құрамында біршама өзгерістер болған,  мысалы жергілікті басқару саласында. Аталған дипломдық жұмыс тақырыбын жазу барысында негізінен көп көмегі тиген ағылшын, американ және неміс ғалымдарының ғылыми еңбектері, атап айтқанда мемлекеттанушылар – Д. Гарнердің, П. Бромхедтің, Дж. Харвейдің және басқалардың басылымға шыққан әр мезгілдегі еңбектері пайдаланылды.