ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

І  МЕМЛЕКЕТ - ЕГЕМЕНДІ САЯСИ ҰЙЫМ

 

1.1 Мемлекет  түсінігі, белгілері, қызметі

 

1.2 Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік алғышарттары.

 

ІІ ҚҰҚЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НОРМАТИВТІ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ

 

2.1 Құқық түсінігі және белгілері

 

2.2 Құқықтың қызметтері

 

2.3 Адам құқығының даму эволюциясы

 

ІІІ   ҚҰҚЫҚ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

3.1 Құқықтық мемлекет құруға бағытталған қадам

 

3.2 Адамның құқығы мен бостандығын қорғау – қасиетті міндет

 

3.3 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Дипломдық жұмыста мемлекеттің қазіргі кездегі ұғымын толық көлемде ашып, оның белгілерін, функцияларын ашуға, құқықтың қазіргі кездегі анықтамасына, мәніне, қызметіне сипаттама беріп, бірқатар мәселелерін ашып, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, оның басымдылығын айқындап, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын ашып көрсетуге ұмтылыс жасалады.

Мемлекет, құқық, жеке тұлға мәселелеріне арналған бірқатар авторлардың, оның ішінде М.Т. Баймахановтың, Т.А. Ағдарбековтың, А.К. Котовтың, ресей ғалымдары С.С. Алексеевтің, А.П. Бутенконың А.Б. Венгеровтың, И.А. Ильиннің, Ж. Карбонньенің, Р.З. Лившицтың, А.В. Мальконың, Г.Ф.  Шершеневичтың, Л.С. Явичтың,  Ю. А. Тихомировтың еңбектеріне талдау жасалып, сарапталады.

Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарыан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі.

Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғам-дық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалықжөне психология-лық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

Құқық – бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатысында пайда болады. Құқық – адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутісі, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатнасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатнастардағы субъектілердің тәртібін.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің елкі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ірдей көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың  өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады [1].

Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белсісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы, есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгіллеріне) сай әрекет етеді.

Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).

Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.

Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатнасытарғы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндеттілік. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрады және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.

Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті – құқықтық актылар шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни «заңға айналдыру». Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік – күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мүнда әгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).

Құқықтық түсінігі құқықбұзу түсінігіне кіргізіледі: Құқықтың қажеттігі сонда керек, егер адам құқықпен белгенген тәртіптің қоғамға қауіпті деген жерін бұзса. Яғни, құқықтың белгісі ретінде оның әруақытта тәртіп нормасынан асып кендік жағдайға кез болу мүмкіндігін атауға болады.

Құқықтың түсінігін анықтайтын теориялар өте көп. Мұның өзі заңдылыққа жатады. Себебі, ешқандай анықтама толығымен түсініңтің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.