МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ............................................................................................................ 5

1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ 

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ........................................................................................7

1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы...............................................................7

1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................11

2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ 

КЕЗЕҢДЕРІ........................................................................................................16

2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы...........................................16

2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу.........................................................................................20

2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................29

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.........................................................................................................35

3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................35

3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен 

келешегі…………………………………………………………………………41

3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы.............................58

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.....................................................................65

ҚОСЫМША.........................................................................................................67

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады. 

Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Ломоносов айтқандай, «Ресей қуаты Сібірмен өркендейді...», «болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек...».

Бұл жұмыстың тақырыбы – Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының             негізгі мәселелері мен даму болашағы.

Маңғыстау аймағы жылына 12 млн. тоннадай мұнай және 1,5 млрд. метр куб газ өндірілетін Қазақстанның ірі мұнайлы газды аймақтарының бірі болып табылады.

Бүгінде Маңғыстау облысының территориясында 70 мұнай және газ кен орындары белгілі, соның ішінде 27-сі белсенді түрде өңделеді. Ірі кен орындары болып: Өзен, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас саналады. Маңғыстау түбегінің мұнайын игеру және мұнай өнеркәсібін Қазақстанның халық шаруашылығы саласының қатарына қосуы еліміздің экономикалық дамуындағы ірі оқиға болды.

Жұмыстың мақсаты – бұрынғы одақ көлемінде үлкен жаңалық болған Маңғыстауда ірі мұнай-газ кен орындарының ашылуы және олардың игерілуі, жалпы Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен оның бүгінге дейін дамуына экономикалық тұрғыдан баға беру арқылы оның дамуын кезең бойынша бөліп көрсету. 

Сөйтіп, бұрынғы одақ кезінде бірден-бір мұнай-газ шикізатының басты көзі болған, ал бүгінде Қазақстан Республикасы үшін экономиканың, соның ішінде мұнай-газ саласының алға дамуы, әлемдік мұнай бизнесінде белгілі орын алуына белгілі деңгейде әсер ететін Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуының басты кезеңдері талданады. Кен орындарын игеру кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштер талданады. Кен орнын игеру мен пайдалануға жіберген қаржы салымы, мұнай өндірудің динамикасы бойынша, баланстық қорға қарағандағы өндірілген мұнай көлеміне байланысты Маңғыстаудағы кен орындарын игеруді 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең, қарқынды қалыптасу және қалыптасудың аяқталу кезеңдері. 

Маңғыстау аймағындағы көптеген кен орындары, соның ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кен орнын игерудің соңғы сатысында мұнай өндіруде.

Маңғыстау облысының аймақтық экономикалық көрсеткіштері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметімен тығыз байланысты. Аймақтағы ірі мұнай-газ өнеркәсіптерін көтеру арқылы, саланың аймақтық дамуына әсер етуге болады.

Жұмыстың міндеті – Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің бір бөлігі ретінде Маңғыстау мұнайлы-газды аймағының дамуының негізгі кезеңдеріне экономикалық талдау жүргізу, мұнай-газ саласының дамуы негізінде, әлемдік мұнай бизнесінде, еліміздің орын алатындығына көз жеткізу.

Маңғыстаудағы ірі кен орындары: Өзен, Қаламқас, Жетібай сияқты кен орындарын пайдалану, бүгінгі күні дамудың соңғы кезеңінде дәлме-дәл келіп отыр. Мұнай өндіру көлемінің тұрақталатын бұл кезеңде өндіру көлемін көбейту үшін қосымша күрделі қаржыны талап етеді. Сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды қайта құрып ғана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымның да жақсарғаны байқалады.

Бүгінде мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикалық дамуын қолдай отырып, Қазақстан экономикасының болашақта жетекші секторларының бірі болуына мүмкіндігі бар. Республикада 2,1 млрд. тонна мұнай, 0,7 млрд. тонна газ конденсаты, 1,7 трлн. метр куб табиғи газ сияқты көмірсутек шикізатының ірі барланған қорлары бар. Бұған Каспий аймағындағы ресурс қорын қоссақ, Қазақстан әлемде көмірсутек шикізатының қоры жөнінен алғашқы орындарды  иеленетіні сөзсіз. 

Республикада мұнай өндіру деңгейі 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннаға жетпек деп жобаланды, сол себепті өндірілген мұнайды өңдеу арқылы ішкі нарықты қанағаттандырып, тиімді экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек. 

Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетін орындау үшін жұмыс төмендегідей құрылымдардан тұрады: Кірспеде жұмыстың өзекті жағдайлары көрсетілген. 1 тарауда мұнай-газ саласының даму тарихы, әлемдік мұнай бизнесінің дамуы, Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы берілген.

2 тарауда Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы, және экономикалық көрсеткіштерге талдау жасалынды.

3 тарауда Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы"Манғыстау мұнай-газ" АҚ мысалында қарастырылды.