Мазмұны

беті

Кіріспе

1. Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы

1.1 Кәсіпкерлік мәні мен субъектілері

1.2 Шағын бизнес классификациялау критерилері

2. ҚазақстандаҒЫ шағын бизнестің дамуына талдау: дамуы мен негізгі проблемалары

2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы

2.2 Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың негізгі проблемалары

3 Қазақстанда шағын бинесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі және оны жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстанда шағын бизнесті қолдау жүйесі және оның құрылымы

3.2 Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

«Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау» дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі барлық дамыған елдердің экономикасындағы шағын бизнестің атқаратын рөліне негізделеді.

Шағын бизнесті дамытудың мәселелері нарықтық экономикада ерекше маңыздылықты иеленеді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасына да қатысты, себебі шағын бизнесті дамыту елдің қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты кейбір мәселелерді шешуі мүмкін.

Осы мәселеге мемлекеттің ерекше көңіл аудару қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуымен түсіндіріледі.

Саяси нәтижелер шағын бизнестің қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастырушы көз болып табылуынан көрінеді.

Әлеуметтік – шағын бизнес халықтық жұмыспен қамтылуы және кедейшілік мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Экономикалық нәтижелер келесі жағдайлардан көрініс табады; Шағын бизнес:

- бәсекелес ортаны қалыптастырады;

- нарықты отандық тауарлар және қызмет көрсетулермен толтыруға ықпал етеді;

- орта және ірі бизнес үшін «қоректену ортасы» болып табылады;

- республиканың шағын қалаларының сақталуы мен дамуына әсер етеді.

Сондықтан мемлекеттік басқару органдарына экономиканың осы секторын реттеу қызметімен байланысты барлық сұрақтарды өз қолдарына алуы қажет. Бұған жаңа шағын бизнесті құруда қолдау және көмектесумен оның дамуын ынталандыру жатқызылады.

Қоғам мен экономикадағы белсенді трансформациялану процесі жағдайында, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау тәжірибесі, оның құқықтық және институционалдық-құралдық жүйесі ілгерілеушілік сипатты иеленеді.

Бұл жүйе шағын және орта кәсіпорындардың өзінің даму қажеттіліктері мен жаңа тенденцияларын, сондай-ақ әлдеқайда кемелденген, шаруашылық етудің нарықтық жүйенің қалыптасқан сипаты мен оған енгізілген мемлекеттік реттеу тетіктерін бейнелей отырып, үнемі дамып және жетілдіріліп отыруы қажет. Бұл толығымен саясаттың, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік, республикалық және аймақтық бағдарламалар жүйесі тәрізді маңызды тетіктерге қатысты.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:

1. шаруашылық етудің шағын және орта формаларын критерилерін және қазіргі нарықтық экономикадағы олардың даму бағыттарын анықтау;

2. Қазақстандық экономиканың нарықтық трансформациялану процесіндегі және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру процестеріндегі және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру процестеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орнын ашу;

3. шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асырудағы республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейлердің өзара әрекеттестігі.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық әдебиеттердегі теориялық тәсілдер мен шағын бизнестің анықтамасын, олардың қызмет ету және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тәжірибелерін қарастыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған:

- шағын бизнестің мәнін көрсету;

- дамыған елдердің экономикасындағы шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың әлемдік тәжірибесін, олардың механизмдерін біздің елдің жағдайында қолдану мүмкіндіктері;

- Қазақстан аймақтары бойынша шағын бизнестің дамуының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері;

- Ірі кәсіпорындардың шағын бизнесті қолдауы;

- Шағын бизнесті мемлекеттің қолдау саясаты.

Зерттелетін тақырыптың шетелде өңделу дәрежесі өте жоғары, себебі кәсіпкерлік ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және қоғамдық белсенді қолдауды иеленді. Бұл жағдай ТМД елдерінде, оның ішінде 90-жылдардың басында қайта құрумен басталды. Он жылдан астам уақыт - оқымыстылардың кәсіпкерлікке, елдің өркендеуіне қадам ретінде көңіл аударуы үшін жеткілікті мерзім.

Қазақстанда кәсіпкерліктің даму мәселелеріне А.Е.Есентүгелов, Р.С.Каренов, Ж.С.Кәріпжанов, О.С.Сәбден, А.Б.Көшербаев, А.Н.Тоқсанова және тағы да басқа ғалымдардың еңбектері арналды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі материалдар болып табылды.

Ақпараттық база болып шағын бизнес саласындағы заңдар мен жарлықтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері, шағын бизнестің дамуы мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары табылды.

Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, отандық және шетелдік қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 14 парақтан тұратын қосымшалары да бар.