МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………......................3

 

1 Ж. ҚАСЫМБАЕВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ 

1.1 Ғалымның өскен ортасы мен тарихи білім алуы....................................18

1.2 Тарихшы–ұстаз ретіндегі азаматтық көзқарасының қалыптасуы.................................................................................................................24

1.3 Ғылыми-ұйымдастырушылық және қоғамдық қызметінің шыңдалу кезеңі...........................................................................................................................41

2 ТАРИХШЫ Ж. ҚАСЫМБАЕВТЫҢ XVIII- XX БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУІ 

2.1 Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуге қосқан үлесі........…….....55

2.2 Қазақтың тарихи мемлекет қайраткерлері туралы зерттеулері........…...................................................................……..….....81

2.3 Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы және ұлт-азаттық күрес тарихын зерттеудегі жетістіктері..……..........………...............…….........103

3   Ж. ҚАСЫМБАЕВТЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТАРИХИ ТАНЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЕТКЕН ҚЫЗМЕТІ

3.1 Тәуелсіз Қазақстанның орта мектептері үшін даярлаған оқулықтарындағы жаңаша көзқарас......................................................................124

3.2 Жоғары мектептерге арналған оқулықтары, әдістемелік құралдарындағы тарихи ізденістерінің нәтижелері…………….....................…134

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………..........................….....146

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………….............................153

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі уақытта халқымыздың өткен тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеп, Қазақстан тарихы ғылымы мен қазақ тарихнамасының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен мұраларын танып-білуге деген ұмтылыс пен қызығушылық күн өткен сайын артып отыр. Оның себебі – көп уақытқа дейін тұмшаланып келген ұлттық тарихымызды тереңдей зерттеу жолында қызмет еткен, бүгінде дүниеден өткен тарихшы-ғалымдарымыздың соңында қалдырған ғылыми-зерттеу еңбектерін талдап, қазіргі көзқарас тұрғысынан баға беру арқылы жас ұрпақтың қоғамдық және тарихи санасы оянып, сол арқылы олардың болашаққа деген сенімін күшейте түсу өте өзекті мәселелердің біріне айналған.                                                                                 

Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев “Тарих толқынында” атты еңбегінде былай деп жазған-ды: “Қазақтың сана- сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы – тарихтың толқынында өзінің ұлттық “Мен” дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз”[1].

“Қазақстан Республикасында тарихи сана қалаыптасуының тұжырымдамасында” отандық  тарих ғылымы алдында білімнің үзіктілігі  мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы  бейнесін  жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен ерекшеленген қайраткердің , ұлт зиялыларының, ғылымдардың  өмір жолын  шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек.

Ұлттық тарихқа деген көзқарас жаңаша сипатқа ие болып, тарих ғылымын дамытуға мемлекеттік тұрғыдан жасалатын қамқорлықтың аясы да күн өткен сайын кеңейіп келе жатуы да осы саланы ғылыми тұрғыдан терең сараптау жолында қызмет еткен тарихшыларымыздың мұраларын танып-білу ісіне де кеңінен жол ашқаны сөзсіз. 

          Қазақстан тарихының дамуы жолында қызмет істеген тарихшы-ғалымдардың өмірі, қоғамдық-педагогикалық қызметі мен ғылыми мұрасын зерттеу, олардың ғылымдағы орны мен қосқан үлесін анықтау қазіргі тарих ғылымының өзекті мәселелерініњ бірі болып табылады. 

Аталған мәселені зерттеу қоғамдық ортада тарихи жаңа көзқарас қалыптастыруға, кейбір ірі мәселелерді жаңа тұрғыдан бағалауға жол ашады.

Француз тарихшысы Ж. Мишле бүгінгі жағдайды, бүгінгі шындықты оның түп-төркіні арқылы ғана терең түсінуге болатындығына мән бере отырып, «егер кімде-кім тек қазіргі, бүгінгі күнді ғана құрмет тұтып, сонымен өмір сүргісі келсе, онда ол сол бүгінгіні бағалай алмағаны» дейді [3]. Бұл пікірдің біз қарастырып отырған мәселеге де тікелей қатысы бар.

Біз ғылыми тұрғыдан талдауды мақсат еткен мәселені байыпты, жан-жақты және терең зерттеу қажеттілігі, өз пайымдауымыз бойынша, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы өркениетке қызмет еткен [4].

Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қырғызстан тарихшылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері,тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеу аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы орайда, біз аталған мәселені зерттеудің өзектілігін дәлелдейтін бірнеше ғылыми тұжырымға назар аударғымыз келеді.

Біріншіден, қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келіп, әкесінен ерте айырылған, анасының тәрбиесімен өмірдің ауыртпалыққа толы мектебінен сабақ алған Ж. Қасымбаевтың өмірі ғылыми тұрғыдан назар аударуға әбден лайықты. Оның алғашқы кезде өнер саласында музыкалық білім алғанына қарамастан тарих мамандығы бойынша жоғары білімге қол жеткізген болашақ ғалым ретіндегі алғашқы ізденістері, Е. Бекмаханов сияқты ұлттық тарих ғылымының аса көрнекті қайраткерлерінен сабақ алуы және басқа да деректер қазіргі тұлғатану саласы үшін қызықты және маңызды, жаңаша зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретінінде дау болмаса керек.

Екіншіден, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуды студенттік кезінен-ақ бастаған, болашақ тарихшы-маман ретінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының қойнауларынан еліміздің тарихына байланысты сирек те құнды деректер іздеп, тапқан, сол аса маңызды мәліметтер негізінде жазылған дипломдық жұмысының өзімен-ақ ұстаз-ғалымдарының назарын аударған Ж. Қасымбаевтың шәкірттік кезеңін сипаттайтын тарихи деректерді талдаудың қазіргі жастар бойындағы тарихи таным-сананы қалыптастырудағы ықпалы ерекше. Қазақстандағы жоғары білім ордаларының ішіндегі қарашаңырағы болып табылатын бұрынғы        С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін бітіруші ретінде жазылған дипломдық жұмысында қозғалған мәселелерді одан әрі тереңдете түсіп, оны тарих ғылымы бойынша кандидаттық, одан кейін докторлық диссертацияға дейін жеткізуі Ж.Қасымбаевтың еңбекқорлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге тарихшының ғылымдағы жүйелілігі мен таңдап алған ғылым саласына деген адалдығын да аңғартса керек. 

Үшіншіден, Ж. Қасымбаевтың Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы, Томск, Барнаул, Новосібір, Орынбор, Астрахань, Элиста, Ташкент және басқа да қалалардың бай мұрағат қорларынан алынған Отан тарихына қатысты тарихи құжаттарды ғылыми айналымға енгізді және тынымсыз іздену нәтижесінде жинақталған ғылыми еңбектерінің КСРО Ғылым академиясы Тарих ғылыми-зерттеу институты КСРО халықтарының тарихы бөлімінің арнайы мәжілісінде Н. Бекмаханова, К. Юсупов, Ш. Мұхамедияров, Түркімен Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С. Агаджанов тарапынан жоғары бағалануының себептері туралы мәліметтер де ғылыми тұрғыдан талдап, зерттеуді қажет етеді. Ғалымның КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері В.Я. Янин және басқа да кеңінен танымал ғылым қайраткерлерінің ілтипатына бөленген, кейіннен «Вопросы истории», «Военно-исторический журнал», «Наука в Сибири», «Южный Урал» және т.б. ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектерін зерделеп, сараптаудың жас ұрпақтың ғылыми-тарихи көзқарастарын қалыптастырудағы маңызы ерекше.

Төртіншіден, Ж. Қасымбаевтың оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, өмірінің соңғы сәттеріне дейін ғылымнан қол үзбеуі, барлық ғұмырын Қазақстан тарихы ғылымын тереңдетуге бағыттауы, барлық саналы өмірін арнаған ұстаздық-педагогтік қызметін тек бір ғана жоғары оқу орнында, қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткізуі сияқты ерекшеліктері тарих ғылымының тұлғатану саласы үшін байыпты зерттеуге лайықты мәселе.

Міне, жоғарыда аталған ғалым-тарихшы, ұстаз, тұлға ретіндегі сипаттарын ерекше атап өте отырып, біз Ж. Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми мұраларын зерттеу қазіргі Қазақстан тарихы ғылымы, тарихнама саласы үшін өзекті мәселе деп санаймыз. 

Жұмыстың зерттелу дењгейі. Бұған дейін Ж. Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми-зерттеу еңбектері туралы мақалалар жарық көргенімен, ғалымның тарихи мұралары жайында арнайы жан-жақты жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Дегенмен әр жылдары Ж. Қасымбаевтың өмірі мен еңбектері туралы өз пікірлерін ортаға салған шетелдік және отандық авторлар аз емес.

Ж. Қасымбаевтың тарихи зерттеулері алыс және шетел ғалымдарының тарапынан жоғары баға алды.

Атап айтқанда, Ресей ғалымы Ю.С. Зобов өзінің Орынбор қаласындағы «Южный Урал» мерзімді басылымының 1986 жылғы 5 тамыз күнгі нөмірінде жарық көрген «Ценное исследование» деп аталатын мақаласында    Ж.Қасымбаевтың «Под надежную защиту России» атты еңбегіне талдау жасай келіп, оны құнды ғылыми-зерттеу жұмысы деп бағалаған [5].

Ресейде жарық көретін «Наука Сибири» мерзімді басылымының 1990 жылғы 14–20 желтоқсандағы №48 санында басылған рецензияда                   Ж.Қасымбаевтың 1861–1917 жылдардағы Шығыс Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық аспектілері туралы монографиясына (Алматы, 1990) пікір білдірілген [6].

Қытайдың «Жэнь Минь Жибао» газетінің 1996 жылғы 9 қараша күнгі нөмірінде қытай тілінде жарық көрген аталған мерзімді басылымның шеф-тілшісі Инь Шугуанның Ж. Қасымбаевпен сұхбатында зерттеушінің ғылыми еңбектерінің ерекшеліктері сөз болған [7].

Қырғыз авторы Т. Чоротегиннің Бішкек қаласындағы «Республика» газетінің 1996 жылғы 17–23 желтоқсандағы нөмірінде жарияланған мақаласында Ж. Қасымбаевтың ғылыми еңбектеріне талдау жасалған [8].

Неміс авторы В. Шмидттің 1999 жылы басылған мақаласында [9].       Ж.Қасымбаевтың әр жылдары жарық көрген еңбектері туралы оң пікір жариялады.

Ж. Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі мен тарихи мұрасы жайында өз тұжырымдарын ортаға салған отандық авторлар да аз емес.

Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі М.Х. Асылбековтің «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттері мен «Қазақ тарихы» журналында жарық көрген мақалаларында [10]. Ж. Қасымбаевтың 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматыда  орын  алған  Желтоқсан   көтерілісінен   кейінкомпартия басшылығы тарапынан қалай қудаланғаны жан-жақты айтылған.                                            Жеке басқа табыну және тоқырау замандарында тарих ғылымы әкімшілдік жүйенің іс-әрекетін дәріптегенін, науқандық саяхаттың құралына айналып, үгіт-насихаттық міндет атқарғанын айта келіп, академик М.Х.Асылбеков: «Ғалымдарды қудалау өріс ала берді. Қазақ педагогикалық институтының профессоры Ж. Қасымбаев методологиялық семинарда шығып сөлеп, Қазақстанның Россияға қосылуы әртүрлі жағдайда болды, еркімен де, еріксіз жаулап алу арқылы да болды, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда жаулап алу басым болды дегені үшін қудалауға түсіп, партиялық комитеттің мүшелігінен шығып та қалды», - дейді [11] .                  

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.И. Дулатованың «Историография дореволюционного Казахстана (1861–1917 гг.)» атты іргелі еңбегінде Ж. Қасымбаевтың зерттеулеріне тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалған [12].

Д.И. Дулатова Ж. Қасымбаевтың еңбектерінде Шығыс Қазақстан қамалдарының сауда ісін дамытудағы маңызын арттыру жөніндегі патша өкіметінің әскери-саяси шешімдері жан-жақты көрсетілгенін атап өте келіп: «Он, например, отметил создание отрядов конвоя для купеческих караванов из России и пресечение злоупотреблений чиновников на таможнях. Такие крепости, как Семипалатинск, Усть-Каменогорск, Ямышевская, Бухтарминская, становились оживленными центрами торговли и, как подчеркивает автор, объективно создавали условия для укрепления русско-казахских отношений, способствуя постепенному вовлечению Казахского края в орбиту экономического развития России», - дейді [12, 185-186-бб.]. 

Сондай-ақ, Д.И. Дулатова Ж. Қасымбаевтың Семей қаласы туралы зерттеу еңбектері құжаттарды пайдалану арқылы жазылғанына тоқтала келіп: «Ж. Касымбаев рассматривает социально-экономическое и культурное развитие города с начала ХХ в. до Октября. Главный упор исследователь сделал на изучении истории революционной борьбы трудящихся в период первой буржуазно-демократической революции и в последующие годы. Он подробно рассказал о городской стачке 3 июня 1906 г., когда бастовало 300 человек, в основном рабочих мельниц, «о бунте солдаток», происшедшем осенью 1916 г. Если учесть, что по времени последнее выступление совпало с восстанием казахов, призванных на тыловые работы, то станет понятным страх местных и центральных властей, мобилизовывавших все силы на его подавление», - деп зерттеуші еңбектеріне сипаттама береді. [12,198-б.].

1989 жылы жарық көрген «Казахская ССР. Краткая энциклопедия» атты жинақта Ж. Қасымбаевтың қысқаша өмірбаяны келтіріліп, ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары және жарық көрген еңбектері туралы мәлімет берілген [13].

Сол сияқты 1999 жылы басылып шыққан «Кто есть кто в Казахстанской науке» атты еңбекте де Ж. Қасымбаевтың өмірбаяндық деректері беріліп, зерттеушінің негізгі еңбектерінің тізімі жарияланған [14]. 

Тарих ғылымдарының кандидаты И.В. Ерофеева өз рецензиясында     Ж.Қасымбаевтың 1986 жылы жарық көрген «Под надежную защиту России» (Алма-Ата: Казахстан, 1986. 136 с.) атты еңбегі қазақ даласының Ресейге қосылуының тарихына байланысты бұған дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келген «ақтаңдақтардың» орнын толтыруға мүмкіндік береді деп бағалайды.

Рецензия авторы ғалымның еңбегін қызықты және пайдалы зерттеу деп бағалай келіп, кейбір кемшіліктері мен тарихи тұжырым жағынан әлсіз тұстары да бар екенін атап көрсетеді. И.В. Ерофееваның пікірінше,               Ж.Қ.Қасымбаевтың ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Сібір қамалдарының әскери-қорғаныстық қызметіне берілген авторлық бағасында тым асыра сілтеу байқалады. Сол кезеңдердегі аймақта орын алған әскери-саяси жағдайдағы күрделі ахуалды және жергілікті отаршылдық әкімшіліктің әлсіз ұстанымын назарға алғанда, Жоғары Ертіс қамалдарының жалпы алғанда, қазақ-жоңғар арасындағы қарама-қайшы және күрделі қарым-қатынастың ушықпауына тоқтау салған, оны реттеп отырған байсалды фактор қызметін атқарды деген Ж. Қасымбаевтың тұжырымы күдік тудырады дейді И.В.Ерофеева. Сондай-ақ, рецензия авторының көзқарасы бойынша, Ж.Қасымбаевтың жоғарыда аталған еңбегінде патша өкіметінің осы аймақта жүргізген экономикалық саясатының тектік және таптық бағытына, соның салдарынан орын алған Жоғары Ертіс қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әртүрлі қарама-қайшылықтарға жеткілікті мән берілмеген [15].

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. Құсайыновтың «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында Ж. Қасым- баевтың «Өлке» баспасынан 1995 жылы жарық көрген «Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение» атты еңбегіне қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы және оның айналасы туралы жазылған алғашқы ғылыми монография деп оң баға берілген. Рецензенттің пікірінше, Ж.Қасымбаев әртүрлі сипаттағы мұрағат деректерін, көптеген мәліметтерді, оның ішінде фольклорлық мұраларды жалықпай жинақтай келіп, оларды бір-бірімен салыстыра, талдау жасай отырып, Құнанбай Өскенбайұлының қазақ халқының саяси және рухани өмірінде атқарған қызметін жан-жақты ашып көрсеткен [16].

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Д. Шаймерденованың жарық көрген «Торговать – не воевать» және «Казахстан – Китай: факты и комментарии» атты рецензиялары Ж. Қасымбаевтың «Казахстан – Китай: караванная торговля в ХІХ – начале ХХ веков» атты монографиясын (Алматы: Өлке, 1996) талдауға арналған. Рецензия авторының пікірі бойынша, аталған ғылыми еңбекте ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан және Шығыс Түркістан арасындағы шекаралық сауда ісінің динамикасы, көлем-аумағы және құрылымы, оның көрші қоныстанған екі халықтың қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпалы алғаш рет ғылыми тұрғыдан талқыға түсіп, сипатталған. Батыс Қытайға өз ықпалдарын жүргізуге ұмтылған орыс-ағылшын арасындағы бәсекелестік, басқа да себептер салдарынан орын алған аймақтағы күрделі халықаралық жағдайға қарамастан қазақ-қытай халықтарының өзара қарым-қатынасының даму үрдісіне байланысты өзекті мәселелер тұңғыш рет көптеген жаңа тарихи-фактілік материалдар негізінде боямасыз көрсетілгеніне рецензент ерекше назар аударған [17].

Академик К. Байпақовтың жарық көрген «У истоков Акмолы» атты рецензиясы Ж. Қасымбаев пен Н. Агубаевтың «История Акмолы (ХІХ – начало ХХ вв.): исследования, источники, комментарии» атты монографиясы (Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 176 бет) туралы ой-пікір білдіруді мақсат еткен.

Рецензия авторы қос зерттеушінің аталған еңбектерінің қазіргі Елордамыз Астана қаласының тарихын толыққанды танып-білудегі маңызына тоқтала келіп, монографияның мынадай кемшіліктерін де атап көрсетеді. Мысалы, К.Байпақовтың пікірінше, еңбектің иллюстрациялық безендірілуінің нашарлығы бірден көзге ұрады; Ж. Қасымбаевтың 1990 жылы «Атамұра» баспасынан басылып шыққан «Из истории города Акмолинска (Основание, развитие в ХІХ в)» атты еңбегінде бұрынғы округтік приказ ретінде бой көтерген қаланың негізі қалану себептеріне берілген әртүрлі сыни талдауларды жан-жақты сараптау тұрғысынан бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласының тарихы туралы толығымен сөз етілсе, қос автордың жоғарыда аталған еңбектерінде бұл мәселе ұмыт қалған; қаланың отбасылық-неке, этникалық, тектік құрамының қалыптасуына тікелей, ерекше ықпалын тигізген, Ақмола облысы аумағында орын алған көші-қон үрдісі жөніндегі тарихи-анықтамалық мәліметтердің сөз болып отырған қос автор еңбектеріне енгізілмей қалуы да өкініш тудырады [18].

Тарих ғылымдарының кандидаты С. Өтениязовтың «Халық кеңесі» газетінің 1994 жылғы 25 қаңтардағы №11 нөмірінде «Керек кітап» айдары бойынша басылған «Қаһарман хан» атты мақаласында Ж. Қасымбаевтың «Кенесары хан» атты монографиясының қазақ елінің ақырғы ханының өміріне, бодандыққа қарсы күресінің елеусіз қалған беттеріне арналғанына назар аударылған.

«Монографиямен жете танысқанда көз тартатын басты мәселе – ханның жеке басы, дипломатиялық, қолбасылық өнерінің бұрын жарияланбаған құжаттар негізінде көтеріліс мәселелерімен тікелей ұштастырылуы ұтымды деген ойдамыз. Көтеріліс жылдарында қазақ ақсүйектерінің иә көшпенділердің бодандыққа қарсы күресте біркелкі болмағандығы ақиқат. Профессор Ж.Қасымбаевтың өзі жинастырған деректерге арқа сүйеп, жергілікті феодалдардың, халықтың екі қарама-қарсы топқа ажырауының ішкі және Ресей мемлекеті саясатына байланысты сыртқы ахуалының бұлжытпай талдануы, көтерілістің қозғаушы күштерін егеменді ел жағдайында тереңірек сипаттауы көңілге қонарлық», - дей келіп, С. Өтениязов Ж. Қасымбаевтың аталған еңбегін жарыққа шығарған «Қазақстан» баспасы оқырманға тамаша сый тартып отырғанын, 40 жылдай уақыттан кейін хан Кене туралы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін болған қозғалыс жөнінде қомақты, мазмұнды, құнды кітап жарыққа шыққаны қуантатынын атап өткен [19].

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы нөмірінде жарияланған «Тарихымызды тарихшылар жазғаны жөн» атты мақаланың авторы Е. Ахметтің пікірі бойынша, «Ж. Қасымбаевтың бір ерекшелігі өзінің тарихшы – зерттеушілік ғұмырында әртүрлі шаһарларда, әсіресе, Ресей қалалары: Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Орынбор, Томск, Омск, Элиста, Ташкент қалаларын армансыз аралап, Қазақстан тарихына байланысты мұрағат материалдарын барынша терең зерттеуге тырысқан, өз еңбектерінде мұрағат материалдарына сүйеніп, үнемі сілтеме жасап отыратын ғалым. Сондықтан оның зерттеу еңбектеріндегі тарихи тұжырымдар барынша дәлелдігімен көзге түсіп, санаға сіңеді» [20].

Сонымен қатар Э. Джилкибаевтың [21], А. Сәтбековтің [22], Т.Омарбековтің [23], Қ. Қаражановтың [24], М. Жолсейітованың [25],                З. Қабулдиновтың [26]. ғылыми мақалаларында Ж. Қасымбаевтың отандық тарих ғылымын зерттеудегі және жастардың тарихи танымын қалыптастыру жолындағы еңбектері мен оған қосқан үлесі жоғары бағаланған.

Ж. Қасымбаевтың Қазақстан тарихын зерттеудегі еңбектеріне ғалымның 60 жасқа толу мерейтойына байланысты 2001 жылы ғылыми және мерзімді баспасөзде жарық көрген біршама мақалаларда да жан-жақты баға берілген. Атап айтқанда, «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақ тарихы», «Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы» және т.б. журналдардың осы жылғы нөмірлерінде ғалымның өмірбаяны, жарияланған еңбектері туралы мәліметтер келтірілумен бірге ғалымның ғылыми-зерттеулері әртүрлі тұрғыдан сипатталған [27].

Сонымен бірге жоғарыда айтылған мерейтой қарсаңында жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақта (бас редактор: ҚР ҰҒА академигі Т.ССадықов, құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаттары Г.К.Кенжебаев, Т.Т. Далаева, Б. Берлібаев) Ж. Қасымбаевтың өмірі мен қызметінің басты кезеңдері туралы мәлімет, ҚР ҰҒА академигі  К.М.Байпақовтың қазақ және орыс тілдерінде жазылған Ж. Қасымбаевтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очеркі,    Ж.Қасымбаевтың өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер тізімі, Ж.Қасымбаевтың редакциясымен жарияланған еңбектер, Ж. Қасымбаевтың ғылыми басшылығымен дайындалған диссертациялар және бірлесіп жазған авторлар тізімі берілген [28]. 

Профессор Ж. Қасымбаевтың 60 жасқа толу мерейтойына орай тарихшы С.З. Нарматовтың ғылыми-педагогикалық «Ар» журналында орыс тілінде жарияланған «Ученый и педагог» атты мақаласында ғалымның ғылыми көзқарасы мен зерттеулеріне баға берілген.

Автор Ж. Қасымбаевтың есімі Орталық Азияның тамаша тарихшыларының шоғырынан лайықты орын алған ірі тарихшы-ғалым ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге де кеңінен таралып кеткенін айтады. Ғалымның Петербор, Мәскеу, Орынбор, Элиста, Астрахань, Томск, Омбы, Новосібір, Барнаул, Ташкент, Алматы және басқа да қалалардағы мұрағат қорларын тынбай ақтарып, қазақ халқының тарихына қатысты көптеген тың деректер мен мәліметтер жинаған зор еңбегінің нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектерінің құндылығын жоғары бағалайды [29].

2005 жылдың наурызында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, бұрынғы тарих факультетінің кафедра меңгерушісі Ж.Қасымбаевтың атымен №512 дәрісхананы атауға арналған рәсім барысында да ғалым еңбегіне жан-жақты баға берілді.

Академиктер М. Асылбеков, О. Исмағұлов, Ә. Бейсенова, Ш.Уәли- ханов атындағы Тарих, этнология  институтының директоры М. Қойгелдиев, Шәкәрім атындағы Семей университетінің ректоры Е.Садықов,Қазақ энциклопедиясының президенті Б. Аяған, тарихшы ғалымдар Ө.Өжетбеков, Ә.Жүнісов, Ғ. Қалидуллин және басқалар Ж.Қасымбаев және оның тарихи мұралары туралы пікірлерін ортаға салды. Олар Ж.Қасымбаевтың тарихи тұлғалар бейнелерін нақты дәлелдер келтіре отырып, жазған еңбектеріне, тарих ғылымында алатын орны ерекше екеніне тоқталды [30].   

2005 жылғы 23-24 желтоқсан күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ректораты, осы университеттің тарих факультеті мен «Отан тарихы» кафедрасының бастамасымен «Отандық тарихты зерттеп, оқытудың теориялық-әдістемелік және нақты-тарихи мәселелері. Қасымбаев оқуы» деген тақырыпта алғаш рет өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ж. Қасымбаев еңбектеріне қазіргі көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұйымдастырылған бұл ғылыми іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Финляндия елдерінен шақырылып, қатысқан тарихшы-ғалымдар – «Төңкеріске дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан тарихы: жаңа тұжырымдар», «Еуразия кеңістігіндегі Қазақстан тарихын зерттеу» және «Тарих пәнін оқыту технологиясы: тәжірибелер мен жаңа ізденістер» деп аталатын төрт секцияда баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп тұру жоспарланып отырған аталған конференцияда баяндама жасаған отандық және шетелдік ғалымдар тарихшы Ж. Қасымбаевтыњ Қазақстан тарихыныњ б±ған дейін терењ қарастырылмай келген кезењдерін ғылыми т±рғыдан сараптауға қосқан ‰лесін жоғары бағалады [31].

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.С. Садықов тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметіне, оның тарихи-ғылыми мұраларына талдау жасай келіп, ғалымның Отандық тарих ғылымына қосқан үлесіне лайықты баға берді [32].

Аталған конференцияда баяндама жасаған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Д. Шаймерденова Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми мұраларының қазіргі заман ерекшеліктерімен байланысын салыстыра сипаттады. Мақала авторы Ж. Қасымбаевтың жоғары оқу орнындағы ұстаздық қызметіне, тарихшы ғалым, зерттеуші ретіндегі еңбексүйгіштік қасиетіне жан-жақты талдау жасайды. Ғалымның кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген кезінде қарамағында еңбек еткен әріптестеріне жасаған қамқорлығы мен көрсеткен жанашырлығын үлкен құрметпен еске ала отырып, М.Д.Шаймерденова өзінің ұлағатты ұстазы болып табылатын Ж.Қасымбаевтың жас ғалымдар тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалаған. Сонымен бірге автор Ж.Қасымбаевты тәуелсіз Қазақстандағы жоғары және арнаулы, орта мектеп оқушыларына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жасаушылардың көш басшысы ретінде атап көрсете отырып, ғалымның ғылыми-әдістемелік еңбектерінің маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталған [33].

Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған бірқатар материалдарда Ж. Қасымбаевтың тәуелсіз Қазақстанның орта мектептеріне арналып даярланған оқулықтары мен жоғары мектептер үшін жариялаған оқулықтары және әдістемелік құралдарының ерекшеліктері сөз етілген.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылының мұғалімдері С. Жұмабеков, М. Отарбаева және Б. Алтаевтың «Егемен Қазақстан» газетінің 1991 жылғы 30 қарашадағы нөмірінде жарық көрген «Мазмұны мәз, данасы аз» атты мақаласында мектеп бағдарламасының республика тарихын кеңейте оқытуға қол жеткені, жоғары оқу орындарында да қазақ халқының тарихы енді ғана нақты оқытыла бастағанына қалың көпшіліктің қуанатыны, жаңа оқулықтар шығып жатқаны айтыла келіп, авторлар:

«Соның ішінде әсіресе көңіліміз толатыны белгілі ғалым, педагог Ж.Қасымбаевтың 9 класқа арналған оқулығы. Барлық мәселелер алғаш рет шынайы берілген.

Өкінішке орай оқулықтың таралымы аз, бар болғаны 60 мың! Кімге жетеді? Мысалы, біздің Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте жиырма «Қазақ КСР тарихы» бар. Бұл класта 90 оқушы оқиды. Осы оқулықтың данасын да, қайта қаралса көлемін де ұлғайтуға болар еді. Осындай жаңаша мазмұнды оқулықтың жеткілікті болуын Білім беру министрлігі мен баспа ойластырса екен», - деп жазады [34].

«Алматы ақшамы» газетінің 1992 жылғы 30 наурыздағы нөмірінде жарияланған «Төл тарихты қалпына келтірушілер» атты мақаланың авторы Қ.Жүсіпов те жоғарыдағы пікірді жалғастырып, Ж. Қасымбаевтың «Қазақстан тарихы» оқулығының жетістіктеріне тоқталған. Автор «Қазақстан тарихы» оқулығы сыртқы безендірілуі, көлемі, сапасы жағынан бұрынғы КСРО тарихымен салыстыруға мүлде келмейтінін, «Қазақстан тарихының» мұқабасы жұқа, қағазы да қоңырқай түсті, сапасы төмен, суреттермен безендірілуі сын көтермейтінін, 9-класта Қазақстан тарихына 34 сағат берілсе, оқулықта бары 19 тақырып қана екенін, сондай-ақ, Қазақстан тарихына арналған карта атымен жоқ екенін айта келіп:

«Профессор Жанұзақ Қасымбайұлы Қасымбаев 9-кластың оқулығынан                      Ы. Алтынсарин туралы берілген параграфтың мүлде алынып тасталғаны жайлы күйіне айтты. Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту саласындағы еңбегін түсіндіріп, оны жас ұрпаққа таныстырудың қажеттігін дәлелдеу үшін  Ж. Қасымбаев талай табалдырықты тоздыруға мәжбүр болған», - деп жазады [35].

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. Құсайынов «Жас Алаш» газетінің 1993 жылғы 23 қарашадағы нөмірінде басылған «Қазақ тарихы қалай оқытылмақ?» атты мақаласында Қазақстан тарихының ең бір күрделі кезеңіндегі оқиғаларды пайымдаған 9 класс оқушыларына арналған белгілі ғалым-педагог, профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың «Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғасыр – 1914 ж.)» бойынша оқулығының толықтырылған, өңделген екінші басылымының жарық көруі орта мектеп өміріндегі қуантарлық оқиға, бұл айрықша әлеуметтік жұмыс болмақ екеніне тоқталған. Автор жаңадан шығарылған оқулықтың жетістіктерін жан-жақты талдаған [36].

«Егемен Қазақстан» газетінің 2000 жылғы 30 тамыздағы нөмірінде жарық көрген «Өзімізді – өзіміз таныта білейік» атты материал авторы  А. Сәтбеков өзінің республикалық Қазақ радиосы арқылы берілетін, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қасымбаев жүргізетін «Зерде» радиохабары жайындағы әсерін ортаға салған.

А. Сәтбековтің пікірінше, ғалым Ж. Қасымбаевтың хабар жүргізушілік шеберлігі өте жоғары еді, оның тыңдаушыны жібермей, ұстап отыратын ашық дауысы, нәрлі тілі болды. Ғалым халқымыздың сан ғасырлық тарихына, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдеріне, хандарымыздың ел басқару тәліміне, батырларымыздың қол басқару өнеріне көз жеткізе, көңілге қондыра әңгімелеген [37]. 

Ж. Қасымбаев еңбектерінің зерттелу дењгейіне жалпы шолу жасай келіп, мынадай ғылыми тұжырымға келдік: 

Зерттеушінің еңбектері шетелдік және отандық ғылыми қауым тарапынан да, оқырмандар тарапынан да дер кезінде бағасын алып, мерзімді баспасөз беттерінде рецензиялар мен мақалалар жарық көріп тұрды.

Ж. Қасымбаевтың мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары да негізінен газет-журналдар беттеріндегі оң пікірлердің жариялануына негіз болған.

Ж. Қасымбаев еңбектері туралы басылым беттерінде рецензия жариялаған авторлардың басым бөлігінің рецензиялары мақтау сипатында болып келуімен бірге, И.В. Ерофеева, К. Байпақов және т.б. мақалаларында ғалым зерттеулерінің кемшілік тұстары да атап көрсетілген. 

Зерттеу ж±мысыныњ мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының басты мақсаты – мұрағат қорларынан алынған әртүрлі деректер мен әр жылдары еліміздің баспалары арқылы жарық көрген кітаптары, мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми еңбектері арқылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қасымбаевтың өмірі мен қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін, шығармашылық және ғылыми мұрасын ашып көрсетіп, тарихи талдау жасау. Сол арқылы педагог-ғалымның көрнекті тарихшы ретіндегі тұлғасы мен профессорлық-оқытушылық келбетін айқындаумен бірге тарихи еңбектерінің Қазақстан тарихы ғылымын дамытуға қосқан үлесін ғылыми сарапқа салу – зерттеу жұмысының басты өзегі болып табылады.

Сонымен бірге Отан тарихының XVIII-XIX және ХХ ғасырдың басындағы күрделі мәселелерін зерттеген ғалым Ж. Қасымбаевтың өмір жолын, ірі ғалым болып қалыптасу ерекшеліктерін және ғылыми мұрасын қарастыра отырып, жүйелі түрде талдау жасау, сондай-ақ, еліміздің жоғары оқу орындарындағы жастардың тарихи танымын қалыптастыруға айрықша ықпалын тигізген оқытушылық қызметіне байланысты деректерге сүйене отырып, оның ұстаздық өмір жолы мен тарихи ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызын ашып көрсету, оларды жан-жақты сараптау және арнайы түрде зерттеу – осы диссертацияның негізгі бағыт-бағдары болып табылады. 

Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақты міндеттер қойылды:

– Ж. Қасымбаевтың туып-өскен және білім алған ортасын айқындап, оның көрнекті ғалым ретінде қалыптасуына тигізген әсерін көрсету;

– Ұстаз-ғалымның жоғары және орта мектептерге ұстаздық қызметін, соған сәйкес оқытушының жоғары және арнаулы, орта оқу орындарына арналған оқулықтары мен оқу құралдарын саралау;

– Ж. Қасымбаевтың тарихшы-ғалым және педагог ретінде жоғары оқу орындарында атқарған қоғамдық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің қазіргі оқу-әдістемелік үрдістегі орнын анықтау;

– Ж. Қасымбаевтың Қазақстанның XVIII-XIX және ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму мәселелеріне арналған еңбектерін сараптау;

– Ғалымның Қазақстан тарихындағы хандар мен сұлтандардың атқарған қызметінің маңызын таразылауға арналған зерттеулерін талдау;

– Зерттеушінің Қазақстанның жоңғар шапқыншылығына қарсы және ұлт-азаттық күресі туралы жұмыстарына ғылыми баға беру;

– Ж. Қасымбаевтың мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған рецензиялары мен пікірлерін талдау.

Зерттеу ж±мысыныњ хронологиялық ауқымы. Ұсынылып отырған диссертациялық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы Ж. Қасымбаев өмір сүрген жылдарды, нақтылап айтқанда, 1941 – 2004 жылдар аралығын қамтиды.

Зерттеу ж±мысыныњ деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың деректік негізі ретінде әртүрлі мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар, еліміздің баспаларынан басылып шыққан ғылыми еңбектердің дерек, мәліметтері іріктеліп, сұрыптала отырып, пайдаланылды.

Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде сақталған Ж. Қасымбаевтың жеке мұрағатының  қорларынан алынған құжаттар ғылыми айналымға кеңінен тартылды. Осы қорларда сақталған құжаттардың елеулі бөлігі осы зерттеу жұмысында алғаш рет қолданыс тапқандығын ерекше атап көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұрған мына қорлардың құжаттары: №1142 және л/д №2536, сонымен бірге Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі №1О/К қорларының құжаттары қолданыс тапты. 

Осы аталған қорларда Ж. Қасымбаевтың өмірі, өзі өмірінің соңына дейін жұмыс істеген қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде атқарған оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік қызметтеріне қатысты көптеген құжаттар жинақталған. 

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.С. Садықовтың бас редакторлық етуімен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының библиографиясына мәліметтер» сериясымен 2001 жылы жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақ кеңінен пайдаланылды. Оқырман назарына ұсынылған бұл библиографиялық көрсеткіш тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Ж. Қасымбаевтың 60 жылдығына арналған. Бірнеше тараудан тұратын аталған көрсеткіште Ж.Қасымбаевтың өмірі мен қызметінің басты кезеңдері, Ж. Қасымбаевтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк, ғалымның өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер тізімі, ғалымның жарияланған еңбектерінің тізімі, Ж. Қасымбаевтың редакциясымен жарияланған еңбектер, ғалымның ғылыми басшылығымен дайындалған диссертациялар және бірлесіп жазған авторлар тізімі келтірілген. Жинақтағы анықтамалық және нақты мәліметтер хронологиялық негізде орналастырылған.

Сондай-ақ, «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы», «Ар» және т.б. ғылыми-әдістемелік журналдарда Ж.Қасымбаевтың өмірі мен қызметі туралы деректер берілген. Ал, Ы.Төлтайдың 2003 жылы Алматы қаласында басылып шыққан «Шақантай» атты еңбегінде, 2003 жылы Новосібір қаласында жарық көрген «Аякөз ауданы – шежірелі өлке» деп аталатын жинақта Ж. Қасымбаевтың азамат ретінде қалыптасуына ерекше әсер еткен туып-өскен ортасы туралы көптеген мәліметтер бар. 

Ғалымның әр жылдары Қазақстан баспаларынан басылып шыққан ғылыми-зерттеу еңбектері сарапқа салынды. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Ж. Қасымбаев еңбектері ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін айқындауға, автордың тарихи мұраларын тақырыптық жағынан жүйелеуге мүмкіндік берді.

Ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет істеген Ж.Қасымбаевтың жоғары және орта оқу орындарына арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдары педагог-ғалымның жастардың тарихи танымын қалыптастырудағы қосқан үлесін саралауға көмектесті.

Осыған қоса әр жылдары ғалымның ғылыми еңбектері жарияланған және оның педагогтік-оқытушылық қызметі мен зерттеулері туралы пікір білдірген республикалық ғылыми журналдар мен мерзімді баспасөз материалдары да біздің зерттеу жұмысымыздың деректік негізін құрады. Олардың қатарында «Қазақ тарихы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Ар», «Ақиқат», «Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Горизонт», «Вечерняя Алматы», «Азия дауысы», «Әдебиет айдыны» газеттері және басқа да ғылыми және мерзімді басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Аталған жарияланымдарда Ж. Қасымбаевтың ғылыми зерттеулері, Қазақстан тарихының тиісті кезеңдері, аталған пәнді жоғары, арнаулы орта және орта оқу орындарында оқытудың ерекшеліктері т.б. туралы пікірлері ғана емес, ғалымның өмірі мен қызметіне байланысты басқа да мәліметтер берілген. Мәселен, «Әдебиет айдыны» газетінің 2005 жылғы 24 наурыздағы №6 (6) нөмірінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих факультеті кафедрасының бұрынғы меңгерушісі Жанұзақ Қасымбаевтың құрметіне №512 дәрісхананы ғалым атымен атауға арналған рәсім болғаны жайында ақпарат жариялады.

Бұл материалда одан әрі: «Академиктер М. Асылбеков, О. Исмағұлов, Ә.Бейсенова, Ш. Уәлиханов атындағы тарих, этнология институтының директоры М. Қойгелдиев, Шәкәрім атындағы Семей университетінің ректоры Е. Сыдықов, Қазақ энциклопедиясының президенті Б. Аяған, айтулы тарихшы ғалымдар Ө. Өжетбеков, тарих факультетінің деканы Ә. Жүнісов, тарих кафедрасы меңгерушісі, профессор Ғ. Қалидуллин, ақын М. Рәш, студент Н.Карлова сөз сөйлеп, Ж. Қасымбаев хақында пікірлерін ортаға салды. Сөйлеуші шешендер Ж. Қасымбаевтың тарихи тұлғалардың бейнелерін нақты дәлелдер келтіре отырып том-том кітаптар жазғанына, оның алатын орны ерекше екендігіне тоқталды. Ж. Қасымбаевтың туған әпкесі Т. Қасымбаева мен жан жары Ф. Қасымбаева игі рәсімді ұйымдастырған университет басшыларына жүрек жарды алғыстарын білдірді», - делінген [30].

Зерттеу жұмысында қолданыс тапқан осындай және өзге де дерек көздері мұқият талданып, олардың ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән берілді. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу ж±мысыныњ ғылыми жаңалығы. Диссертацияда Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы, атап айтқанда, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын жан-жақты, тереңдей зерттеген көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Ж. Қасымбаевтың өмір жолы мен қызметі, ғылыми мұралары, тарих ғылымын дамытуға қосқан мол үлесі алғаш рет, қазіргі заманның талаптарына сәйкес, жаңаша көзқараспен талданып, тұңғыш рет арнайы ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр. 

Нақтылай айтқанда, зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:

– Тарихшы Ж.Қасымбаевтың өмірі мен педагогтық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің басты-басты кезеңдері айқындалып, оның көрнекті тарихшы болып қалыптасуына ықпал еткен негізгі жағдайлар алғаш рет атап көрсетілген;

– Ж.Қасымбаевтың еліміздің жоғары оқу орындарының ұстаз-оқытушысы, сонымен бірге арнаулы орта және орта мектептердің білім алушыларына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жаза жүріп, жастарға тарихи білім беру ісін дамытып, жетілдірудегі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жетістіктері айқындалып, педагог-ғалым қол жеткізген нәтижелерінің ғылыми құндылығына нақты баға берілген;

– Тек тарих ғылымын ғана емес, жалпы гуманитарлық ғылымдардың өзге де салаларын дамытуға, жоғары білікті ғылыми мамандар даярлауға үлес қосу мақсатындағы Ж. Қасымбаевтың ғылыми-ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарына баға берілген;

– Ж.Қасымбаевтың тарихи және ғылыми мұралары алғаш рет мазмұндық-тақырыптық жағынан жүйеленіп, ғалымның Қазақстан тарихы ғылымын дамытуға қосқан мол үлесі дәлелденген;

– Зерттеушінің ғылыми-зерттеу еңбектерін талдап, саралау нәтижесінде Ж. Қасымбаевтың ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі кезең аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуының тарихына қатысты ғылыми көзқарасы нақтыланды;

– Ж. Қасымбаев еңбектеріндегі қазақтыњ хандары мен с±лтандарына, қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы және ұлт-азаттығы үшін күресіне берілген тарихи бағаның жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызы анықталған;

– Оқулықтар мен әдістемелік құралдар әзірлеу арқылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдарда еліміздің жоғары, арнаулы орта және орта мектептерінде жастардың тарихи санасын қалыптастырып, оларға Қазақстан тарихы бойынша жан-жақты, терең білім берудегі профессор Ж. Қасымбаевтың оқу-әдістемелік қызметі таным таразысына салынған.  

Зерттеу ж±мысыныњ методологиялық негізі. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихилық, жан-жақты салыстырмалы талдау мен жинақтау, шынайы жүйелілік және тағы да басқа ғылыми методикалық принциптер басшылыққа алына отырып, жазылды. Әлемде қалыптасып келе жатқан тұлғатану саласының өркениеттілік ұстанымына ерекше көңіл бөлінді. Кез келген жеке тұлғаның өмірі мен ғылыми мұраларын талдап, талқылау барысында оның ғылым мен мәдениетке, жалпы өркениеттің дамуына қосқан үлесі баса ескерілуі қажеттілігі басты назарға алынды. Оған қоса диссертацияда жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің бірі-бірімен үйлесім тауып, логикалық жағынан байланысып тұруына айрықша мән берілді.

Зерттеу ж±мысыныњ практикалық мањызы. Қазіргі кезде отандық тарих ғылымы саласында ерекше сипатпен жєне жања қарқынмен µрістеп, даму жолына т‰скен т±лғатану, деректану мєселелері бойынша қорғауға ±сынылып отырған ғылыми-зерттеу ж±мысыныњ µзіндік қосар ‰лесі мол. Диссертацияда ±сынылған мєліметтер мен деректерді, ортаға салынған пікірлер мен жасалған т±жырымдарды еліміздіњ жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсы бойынша оқытылатын лекциялар мен µткізілетін семинар, зертханалық сабақтарда кењінен пайдаланудыњ тєжірибелік мањызы ерекше. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу ж±мысыныњ материалдарын мектеп оқушылары, жас ±рпақ арасында µткізілетін, олардыњ бойында отанс‰йгіштік қасиет қалыптастыруға арналған іс-шараларда қолдануға болады. 

Зерттеу ж±мысыныњ сыннан µтуі. Ғылыми-зерттеу ж±мысына негіз етіп алынған мєселелер ғылыми басылымдар беттерінде жарық кµрген мақалалар, сонымен бірге ғылыми конференцияларда жасалған баяндамалар арқылы кµпшілік ғылыми қауым назарына ±сынылды. Атап айтқанда, осы тақырыпқа байланысты «Єлеуметтік ғылымдардыњ µзекті мєселелері» атты ғылыми мақалалар жинағыныњ 1 жєне 2 бµлімінде (Шымкент, 2005), «Қазақ тарихы», «Ізденіс – Поиск», «Отан тарихы» «Қазақстан жоғары мектебі» журналдарында мақалалар жарияланып, «Отандық тарихты зерттеп, оқытудың теориялық-әдістемелік және нақты-тарихи мәселелері. Қасымбаев оқуы» (Алматы, 2005 жылғы 23-24 желтоқсан) және «Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» (Шымкент, 2005 жылғы 21-22 желтоқсан) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндамалар жасалды. Диссертациялық ж±мыс Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетінде талқыланып, қорғауға ±сынылды.

Диссертацияныњ қ±рылымы. Диссертация кіріспе мен қорытындыдан басқа єрқайсысы бірнеше тармақтарға бµлінген ‰ш тараудан т±рады. Диссертацияныњ соњында пайдаланылған єдебиеттер мен деректер тізімі берілген.