Мазмұны
Кіріспе ...........................................................................................................    2-4
I-Тарау. Түркістан өлкесіндегі алғашқы басылымдар (1870-1925 ж.ж.)    
1.1.    Түркістан өлкесінен шыққан мерзімдік басылымдар ..............     5-14
1.2.    Өлкеде алғашқы кітап басу ісі .......................................................    15-18
       
II -Тарау. Түркістан өлкесіндегі ұлттық баспасөз дамуының проблемалары.   

2.1.    Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ............................    19-29
2.2.    Ұлттық басылымдардағы оқу-ағарту мәселесі ..........................    30-38
2.3.    Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы ........................................................................    39-48
       
Қорытынды .................................................................................................    49-50
Пайдаланылған әдебиетер тізімі .............................................................    51-53
Қосымшалар ................................................................................................    54

 Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімдік басылымның деректік орны ерекше. Негізінен ғасыр басында дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік маңызын,олардың өзіндік ерекшеліктерінін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін алдымен ұлттық мерзімді басылымның тарихын зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік идеология қазақ халқының тағдыры сияқты, баспасөз тағдырында да шешуші роль атқарды. Оның тарихының зерттеуіне, өрескел бұрмалауына өз ықпалын тигізді. Екіншіден, қазақ мерзімі басылымның өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, оның деректік маңызын ашуға, ондағы салынған ақпараттардың шынайлық дәрежесін айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. Баспасөз беттерінде жарық көрген көптеген материалдарды «Қазірігі жағдайға сай келмейтін жат идеяларды таратқан, ұлтшыл кертартпа көзқараста болған», деп фактологиялық тұрғыдан жеткілікті талданбай, біржақты зерттеудің салдарынанан барымызды жоқ деуге шейін жеткен кезеңде, ол газет-журналдардың тігінділерін өртеп, құрытып, жойып жіберілген еді. Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген екі көрсеткішпен қатар қазақтың төңкерістен бұрынғы газет-журанлдарының тарихына, шығарушы редакторларына арналған азды көпті ғылыми еңбектер де жарық көріпті. Олардың ішінде Б.Кенжебаевтың, Х.Бекхожиннің, Ә.Жиреншиннің, Т.Кәкішевтің, З.Тұрарбековтың, Б.Әбілқасымовтың, С.Зимановтың, К.Идрисовтың, З.Бисенгалиевтің зерттеулерін ерекше атаған жөн.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Баспасөз тарихы көптеген еңбектерде арнайы зерттелді. Дегенмен олардың бәрінде дерлік қазақ баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы негізінен таптық тұрғыдан қаралды. Зерттеушілердің әрбір сөзі, басқан адымы үнемі бақылауда болды. Лениндік сара жолдан сәл де болса ауытқушылық қатал айыпталынды. Мәселен 1951ж 17қарашада «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктері» деген мақалада ұлттық баспасөз тарихын зерттеушілер Х.Бекхожин мен Б.Кенжебаев «идеологиялық бұрмалаушы-лықтар мен өрескел саяси қателіктері» үшін қатаң сынға алынған. Еңбектері «...халқымыздың таңдау талғауына сай емес, тарихи шындықты бұрмалаған, бұқпа-жалтағы көп, маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалып жазылмаған құнсыз еңбектер»-деген, баға берген. Міне осындан кейін мерзімдік баспасөз тарихын зерттеу ісі ұзақ жылдарға шегеріліп, тек ХХ ғасырдың соңынан бастап қана баспасөз тарихының шындықтары ашылып, зерттеле бастады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Баспасөз тарихын зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы зерттеудегі негізгі мақсат-міндеттерімізді, яғни өз пікірімізді айтсақ, олар:
- өмір айнасы аталған мерзімді басылым тарихын еліміз тарихының контексінде қарау;
- әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен шыға отырып, баспасөздің негізігі мақсатын, бағыт-бағдарын, сол уақытқа тән ерекшеліктерін анықтау;
- мерзімді басылымға әр түрлі дәрежеде әсер ететін факторларды анықтау;
- әрбір нақты газет не журналдардың шығарушыларын авторларын анықтау;
- нақты мақала авторы туралы мәліметтеріді толық білуге ұмтылу;
- нақты деректің дүниеге келуінің обьективті алғы шарттарын, себептерін анықтау;
- егер мүмкіндік болса құнды деректік маңызы бар түп нұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ баспасөз бетінде жарияланбаған мағұлматтарды табу;
- әр түрлі жағдайларға байланысты автор ашып айта алмаған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б. Мұның бәрі зерттеушіге баспасөздегі деректердің шынайлық дәрежесін, оның ғылыми құндылығын анықтауға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мерзімді басылым жазба деректердің басқа түрілерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден обьективті мағұламт алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы қарастыру қажет.
 Соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, алып өз тарихын обьективті жазуға мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзінің тарихын зерделу мен қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек ретінде кешенді талдаудың қажеттілігін күннен-күнге арттырып отыр.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның тұжырымдары, сарапталған, мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді және мектеп оқушылары мен студенттердің өзінің білімділік қажеттігін одан әрі дамытады деп сенеміз.Себебі бұл жұмыста көптеген мерзімді басылымдар мәселен: «Ақжол», «Шолпан», «Сана» газет-журналдарының негізгі түп нұсқаларымен қатар,мұрағат құжаттары да көптеп қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, мұрағаттық құжаттар мен мерзімдік басылымдар мәліметтерінен құралған.