Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................    3-4


І тарау. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері ............................................................................   5-17

1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы .........    5-17

1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.................................................................................................   18-25

ІІ тарау. Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері.............................................................................................    26-33

2.1    2-сынып Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін       пайдалану жолдары……………………………………………...................................    26-33

2.2 Озат мұғалімдер тәжірибесі……………………………….............    34-43


Қорытынды………………………………………………………...............   44-45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………...........    46





 К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі-ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Р.Қ.Төлеубекованың, Е.Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады:
- бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды Ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін Ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
 1- тарау. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды                  қолданудың педагогикалық негіздері.

1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне  қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жәй емес.
Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек.  Қазіргі кешеніне (Төтенаев Б. Қазақтың ұлтттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991, 3-бет )келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.