Жоспар

Кіріспе 3

1 Әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудың теориялық негізі 7

1.1 Бастауыш сынып оқушылардың қызығушылығын дамыту мәселесінің зерттелу жайы 7

1.2 Оқу үрдісінде интерактивткі әдісті қолданудың мүмкіндіктері 11

2 Әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы оқушыларының қызығушылығын дамытудың жолдары 39

2.1 Интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын дамытудағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерге талдау 39

2.2 Интерактивтік әдісті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудың эксперимент жұмысы және нәтижесі 49

Қорытынды 66

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 68

Тіркеме А 71

Тіркеме Ә 72

Тіркеме Б 74

 

Кіріспе

 

Зерттеудің өзектілігі. Жаңа заман ағымына  сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген. 

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең маңызды пәндердің бірі – ана тілі.

12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің  іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Педагогика ғылымында қызығушылықпен оқыту проблемасы да бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблема да көптеген ғалымдардың ( Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.Ф.Бунаков, т.б.) назарын өзіне аударған. 

Қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бірқатар зерттеулерінде, мәселен, Н.Д.Хмельдың, Г.К.Байдельдинованың (жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыру), Б.Т.Нәбиеваның ( сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру), С.Жолдасбекованың ( Бастауыш сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру), еңдектерінде қарастырылады. Авторлардың қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының интерактивті әдісті пайдаланып қызығушылығын қалыптастыру проблемасының бұл еңбектерде қарастырылмағанын дәлелдейді.

Бастауыш сыныпта оқытуда интерактивті әдісті жасау және қолдану ісімен байланысты болғандықтан, біз .М.,Абилдина Д.,Рахманберген А., Сенгалиева А.,Шаяхметова Б. және т.б. зерттеу жұмыстарын қарастырылды. Бұл жұмыстарда бастауыш сыныптарда ана тілін оқып-үйренуде белгілі бір дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану тиімділігі көрсетілген. 

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. 

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   интер - активтi  деп аталып жүр. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек, осыған орай көп қырлы құрымды білім тәрбие мазмұнын анықтап құрұға көмектесетін қазіргі заманда ең басты мақсат - оқушылардың өз бетімен дамуын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, интерактивті әдісті қоланып оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі және оның теориялық тұрғыдан негізделмеуі мен ғылыми-әдістемемен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінде интерактивті әдісті қолдануға сұраныстарының артуы мен бұл қажеттілігін өтеуде білім, білік, дағдыларының жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу мәселесін әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін және әдістемесін айқындау деп белгілеп және тақырыбын: «Әдебиеттік оқу сабағында интерактивті әдісті қолданып оқушылардың қызығушылығын арттыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: әдебиеттік оқу сабағында интерактивтік әдісті қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді жолын анықтау

Зерттеудің нысаны: әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үрдісі.

Зерттеу пәні: интерактивті әдісті пайдаланып әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныпта оқу-тәрбие процесі кезінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын оятуда білім игеру жүйелі түрде және өзін-өзі жетілдіру мүмкін болса, онда бастауыш сыныптағы білім сапасы артады, өйткені қазіргі заман талабына сай оқушылардың техникаға бейімділігі мен қызығушылығы жоғары.

Зерттеу міндеттері: 

- ғылыми педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- тақырыпқа ғылыми-теориялық әдебиеттерінің негізінде терминдік анықтама беру.

- бастауыш сынып оқушыларының жинақаған білім, білік, икем дағдыларының сапалық көрсеткіштерімен танысып анықтау; 

- әдебиеттік оқу сабағында интерактивті әдісті қолданудағы тәжірибелерімен танысу;

- педагогикалық эксперимент ұйымдастырып, өткізу және оның нәтижесін талдау арқылы көрсету.

Апробация: тақырып негізінде Өскемен қаласындағы мемлекеттік мекеме №16 орта мектебінде эксперимент жұмыстары ұйымдастырылып, осы тақырып бойынша курс жұмысы талданып, қорғалды, әдістемелік бірлестікте осы тақырыпқа баяндама жасалды. Сонымен қатар тақырып бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама оқылды.

Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту – оқушылардың шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істей білуіне негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту теориясы мен оны практикада пайдалана білу туралы педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған тұжырымдамалар.

Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан–2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.

Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2009-2010 жылдар) зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, теориялық негізі анықталды. 

Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар) интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту жөніндегі материалдар мазмұны эксперименттен өткізіліп, нәтижелері осы жұмысының мазмұнына енгізілді.

Үшінші кезеңде (2011) аппробациядан өткізіліп, тәжірибелік жұмыс жалғастырылады, алынған ақпараттар жүйеленді, аралық, қорытынды бақылау жұмыстарына талдаулар жүргізілді. Қорытынды жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы және ғылымилығы: осы жұмыс аясында оқу-тәрбие процесінде интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын оятуда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі дәлелденді. Қарастырылған теориялық пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарды интерактивті тақтаны пайдаланып бастауыш сынып оқушыларның қызығушылығын ояту үшін қолдануға болады. Осы жұмыстың нәтижелерін студенттер курс жұмысын жазғанда, мектепте педагогикалық практиканы өткенде, бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында пайдалануға болады. 

Зерттеу базасы: Өскемен қаласындағы мемлекеттік мекеме №16 орта мектебінің 3 сыныбы.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімі мен тіркемеден тұрады.