МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................6

1 Жаңарған қоғамдағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері ......................................................................................11

1.1Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі тарихи әлеуметтік негіздері..........................................................................................................................11

1.2Ұлттық құндылықтар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.................................................................................................................20

1.3Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі мүмкіншіліктер..............................................................................................................33

2 Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің эксперименттік тәжрибе нәтижелері .........................................................................37

2.1Ұлттық құндылықтар негізінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жай-күйі ..........................................................................................................37

2.2 Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде тәлім тәрбиелік дәстүрлерді пайдаланудың іс-тәжрибелері................................................................45

2.3 Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруі жеттілдірудің эксперименттік жұмыс нәтижелері.............................................................................64

Қорытынды.............................................................................................................74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................77

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеудің көкейтестілігі Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өмірін идеялық – тәрбие жұмыстары саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған мемлекеттік стратегиялық бағдарымен анықталды.

Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Қазақстанның орта білім беру орындарында оқушыларға этностық ерекшеліктерді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, мәліметтік сипатта болып, мектептерде оқушыларды міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, олардың патриоттық бағытын дамытуды қиындатты. Бұл қазіргі таңда көптеген мәселелерді қайта қарауды және оқушыларды жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінгі таңда табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Қазіргі кезде «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақтың құдыретілігі, иманды, адамгершілігі, қойнының кеңдігі, көзінен, жүрегінен көрініп тұрған халық. Оның патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі осыларды сыртқа шығаруы керек, жоғарғы дәрежеге көтеру керек ол үшін сапалы патриоттық тәрбиелеу керек. Ол сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән элементі, компоненті, сана мен келген ойлау нәтижесі. Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім – тәрбиелік ой  пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас. Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта төлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларына (принциптеріне) көңіл бөлуге ықпал етті. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп - екшеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу өзекті мәселелердің бірі болуда. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасызҚазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етіуді қажет санайды.

Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.

А.А.Бейсенбаева [1],  Қ.Бөлеев [2],  Қ.Б.Жарықбаев [3], С.Т.Каргин  [4], Ғ.М. Кертаева [5], Қ.С. Қалиев [6],  К.Ж. Қожахметова [7],  С.А. Ұзақбаева [8], этномәдениет мәселесі бойынша М.Х. Балтабаев [9],  Ж.Ж. Наурызбай [10],  А.С. Сейдімбек [11], патриоттық тәрбие бойынша, С.К.Нурмукашева [12], Н.Р. Рамашовтың [13],  еңбектері.

Осы үрдісті одан әрі дамыта отырып, көптеген ғалымдар қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын тәрбие құралы ретінде және дене тәрбиесі, музикалық-эстетикалық тәрбиесі арқылы қарастырғандар Р.Қ. Дүйсембінова [14], Т. Ә. Қышқашбаев [15], Ы.Оршыбеков [16], Е. Сағындыков [17]. т. б.

Ү.К. Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызыметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеуде педагогикалық негіздерді өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған [18].  

А.А.Бейсенбаева «Қазақтың ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «патриотизм», «патриоттық тәрбие» ғылымдарының мәні, олардың құрылымдық компонентері мен функцияларын нақтылап, жоғары сынып оқушыларының патриотизмін сыныптан тыс жұмыстарда қазақ ерлік эпосы арқылы қалыптастырудың механизмін жасады [19]. 

Ә.Ашай «Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбиесін ұйымдастыру» атты еңбегінде  бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасының дәстүрлері арқылы адамгершілік, ізгілік, еңбек, дене, экологиялық, эстетикалық бағытта тәрбиелеудің әдістерін айқындаған [20]. 

Патриоттық интернацоналдық тәрбие проблемасын зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысады. Олар мына бағыттарда, атап айтсақ, ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери - патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тєрбиесі проблемаларын қарастырады. Олар С.Ешімханов [21], Р.С. Елубаева [22], Е.Жұматаева [23],  С.Т. Иманбаева [24] т.б.

 Соңғы жылдары қазақстандық патриотизмге зор мєн берілуде. Бұл тұрғыда К.Т. Әбілғазиева [25], Ғ.Б. Базарғалиев [26], Д.С.Құсайнова [27],  А.К. Салимолдаева [28],   еңбектерін атауға болады. 

Патриоттық тәрбиенің кейбір мәселелерін қарастырған ғалымдар  С.Абдыманапов [29], Л.А. Шкутина [30], т.б.

Дегенмен жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасай келе біз зерттеп отырған проблема мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу толық зерттелмегені байқалды. Қазіргі жаңа қоғамда оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұлттық құндылықтар тұрғысынан арнайы жеке зерттеу ретінде толық қарастырылмаған деп тұжырымдауға негіз береді. 

Республика орта мектептерінде патриоттық тєрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін зерделеу барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде озық тәжірибелердің тарихи-педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі және оқу-тәрбие процесіне пайдаланбауы, оқушылардың ұлттық құндылықтар негізінде патриотизмге тәрбиелеу, оқушыларды ел жанды, отанының нағыз патриоттары болу мүнкіндіктері, педагогика теориясы мен практикасында дұрыс пайдаланылмауы арасындағы қайшылықтан туындап отыр. 

Осы айтылғандарға орай, біз өз зерттеуіміздің өзектілігімен қажеттілігін еліміздегі педагогика ғылымының қазіргі күн талабынан туындап отыр деп толық айта аламыз.

Зерттеу жұмысында бұл міндеттерді қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие орындайтыны және орындай алатыны қарастырылады. 

Аталған қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушылардың отанымыздың жанашыр патриоты болуын және бүгінгі заман талабына сай жетілдіру мақсатында, тақырыбымызды «Мектеп оқушыларының патриоттық білімін жетілдірудің жолдары» деп таңдауымызға негіз берді.

Зерттеудің мақсаты: Халқымыздың ұлттық мұрасындағы ұлт тәрбиесіне ғылыми-педагогикалық сипаттама беріп, оқушыларға патриоттық тәрбие беруді теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу жолдарын ашу.

Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі.

Зерттеудің пәні: Орта білім беру мекмелерінде ұлттық құндылықтар негізінде  оқушыларға патриоттық тәрбие беру мазмұны. 

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде патриотизмге тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама берілсе, онда оларға тарихи-педагогикалық талдау жасалып оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, өз ұлтын құрметтеу қалыптасып ұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие берудің жолдары айқындалар еді, өйткені тәуелсіз Қазақстан жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің үлгісі жасалып, патриоттық тәрбие беру жолдары жоғарғы нәтиже берер еді.

Зерттеудің міндеттері: 

1 Патриоттық тәрбие проблемасының зерттелу деңгейі мен бағыт-бағдарының мазмұнын анықтау;

2 Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері мен ұлттық құндылықтар ерекшеліктерінің мәнін ашу;

3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының негізінде оқушылардың патриоттық іс-әрекеттерін қорытындылау.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық,  әдебиеттерге талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процессін бақылау; оқушылармен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; арнайы курсты өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері қолданды. 

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектерімен ой - пікірлері алынды. 

Зерттеудің негізгі көздері: Дипломдық жұмысты жазуда әр дәуірде өмір сүрген ойшыл - ғұламалардың тәлім – тәрбиелі мұралары, Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының білім заңдары, Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдырға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2008-2009) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық - педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие материалдары бойынша деректер жинақталды. 

Екінші кезеңде (2009ж-2010ж) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп сұрыпталды. Патриоттық тәрбиеге байланысты педагогикалық құнды ой -пікірлер сараланып жүйеге келтірілді, оның ішінен патриоттық тәрбиеге қажетті мәселелерді іріктеп, зерттеуміздің негізгі желісіне зерттеу барысында жинақталған ғылыми материалдарды тұжырымдап зерттеу нәтижелерін мақұлдаудан өткізілді.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қортындылар жасап, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесінде зерттеу деңгейіне бағыт - бағдарына сипаттама беріліп, кемшіліктердің көзі ашылды.

2. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктері анықталып, психологиялық және ерекшеліктері ашылып жаңа анықтама берілді.

3. Патриоттық тәрбие жүйесіндегі оқушылардың патриоттық іс-әрекеттері тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденіп, нәтижелері шығарылып, ұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие процесінде сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік ашылды, әрбір оқушы ұлттық құндылықтар негізінде жүйелі білім алып, патриоттық іс-әрекетке жасауға дағдыланды.

Зерттеудің базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы №57 қазақ орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеудің мынадай негізгі қағидалары қорғауға ұсынылады:

1Ұлттық құндылықтардағы патриоттық тәрбиені зерттеудің бағыт - бағдарымен мазмұны анықталды;

2Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде психологиялық –педагогикалық ерекшеліктері мен ұлттық  құндылықтар ерекшеліктерінің мәні ашылады;

3Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының негізінде оқушылардың патриоттық іс-әрекеттері қорытындыланады.

Дипломдық жұмыс құрлымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейкестілігі құрлымы, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері беріліп, дипломдық жұмыстың практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

«Жаңарған қоғамдағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі ұлттық құндылықтардың бағыт-бағдары ашылып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми – тәжрибелері сипаталады. Сонымен қатар оқушыларға патриоттық тәрбие берудің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады.

«Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің эксперименттік тәжрибе нәтижелері» атты екінші тарауда мектептерде ұлттық құндылықтар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың мүмкіншілктері және де оқушылардың оқу-үрдісінде тәрбиелеудің жолдары қарастырылып патриоттық тәрбиенің іс-тәжірибедегі тиімді жолдары пайдаланылады.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде негізделген тұжырым мен ұсыныстар берілді, проблеманың перспективасы көрсетілді.