МАЗМҰНЫ

 

Нормативтік сілтемелер.................................................................................. .

Анықтамалар мен қысқартаулар......................................................................

 

Кіріспе..................................................................................................................

І тарау Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми – теориялық негіздері

 

1.1  Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы................................

 

1.2 Ы.Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы оқу-ағарту саясаты............................................................................

  

1.3 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары ........................................................................................................

 

 

ІІ тарау   Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру туралы   ой – пікірлерін  оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары

 

2.1 Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары және әдістемелік көзқарастары......................................................................................................

 

2.2 Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілікке тәрбиелеу тақырыбындағы шығармаларының  педагогикалық  маңызы..........................

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................  

 

Қосымшалар..........................................................................................

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:  

 

Қоғамымызда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайда қазақ халқының тарихи дамуына байланысты балаларды ,яғни болашақ жастарды ұлттық озық дәстүр негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.

    Ғылымда  педагогикалық  категория  ретінде  алдымен адамгершілік  ұғымы анықталып, орныққан деуге болады. Педагогикада  адамгершілік   қоғамдық талапқа сай  ізгілікті , инабаттылықты  білдіретін  моральдық  ұғымдардың жиынтығы ретінде  қарастырылады. Мәселен, педагогикалық энциклопедияда  «адамгершілік  тәрбие» ұғымын адамгершілік мінез-құлық  дағдылары мен  әдеттерді, мінездерді, моральдық  қасиеттерді қалыптастыру  үрдісі» деп анықтайды, ал,қазақ  педагогикалық энцоклапедиялық  сөздігінде адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты  сенімді,  парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді  қалыптастыруға  және  адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға  бағытталған  жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі»  деген түсінік берілген Қазақ тілінің  түсіндірме   сөздігінде «Адамгершілік  тәрбиесі  ізгілікке, инабаттылыққа  баулудың жолы» деп түсіндіріледі.

Руханилық ұғымы-философиялық  категория.Философиялық  сөздікте  руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи  практикасының жоғарғы нәтижесі. Рух материяның «жоғарға  көркі» қоғамның , рухани  өмірі . қоғамдық сана мен  болмыстың  бейнесі болып табылады.. Сонымен белсенді ықпалын тигізеді.» деген  түсінік берілген. Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігіне жүгінсек, руханилық ұғымы  адамның  ой-санасына, ішкі  дүниесіне  байланысты  жіне  соған қатысты қасиеттерді білдіреді. 

 Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. 

     Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан: адамгершілік, мінез-кұлык; рухани-адамгершілік тәрбие; адамгершілік сезім; адамгершілік сана; тарихи сана; ұлттык мұрат (идея); ұлттық идеология; ұлттык сана; географиядық сана; морал: адамгершілік көзқарас; тағылым; ізгілік; менталитет, т.б. сияқты іс-әрекеттер мен касиеттерді окушылардың бо¬йына сіңіре білуіміз керек.

 Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.

Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық .

Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.

Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”.

М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.

Кезінде қазақ халқының болашақ тағдыры орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай сияқты ағартушы – демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел - жұрттың көрші елдің өнер – білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі жүзеге асыруға да  өлшеусіз үлес қосты. 

Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағының мешеу кезінде өмір сүріп , халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің  бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. 

Жан – жақты  талант иесі Ыбырай Алтынсариннің есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей  өтіп, өз халқымен  бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. 

Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог – ағартушы ретінде және белгілі қоғам қайраткері ретінде танып, оның шығармаларын жаңаша тұрғыда талдаған Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Асқар Тоқмағамбетов және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің мазмұны мен мақсатын , идеясын ашып көрсетті, ал педагогикалық, ағартушылық қызметін Ә.С.Сыдықов зерттеген, ал әдеби шығармаларына талдау жасап монография жазған  белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин болды. Біздің  тілімізге тиек болып отырған  еңбекке баулу мәселелеріне деректі зерттеулер жүргізген ғалымдар С.Мусин мен Ш.Имашев. 

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі, биік таланты бір кезде қандай жарқын  да жанды қасиеттерімен көрініп, қазір  де сол асыл  да абзал ерекшеліктерін  өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып , «жол болсын»  айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей , мән – маңызы мен қадір-қасиеті  арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат  қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді , мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесі туралы ой – пікірлерінің қазіргі кезде де өзінің құндылығын жоймағанын байқаймыз. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде өзіндік орны бар. Сол себептен  әдістемелік тұрғыдан зерттеу осы  жұмыстың  өзектілігін көрсетеді әрі біздің дипломдық жобамыздың тақырыбын алуға негіз болды.

Зерттеу  тақырыбы: «Ы.Алтынсариннің  педагогикалық  еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары»

Зерттеу нысанасы: ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық,  адамгершілік тәрбиесі туралы   ой – пікірлердің даму үрдісі.

Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік  тәрбиесіндегі , яғни тәлімдік ой – пікірлерін мектептің оқу – тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары.

 

 

 

І тарау.  Ы.Алтынсарин еңбектерінің ғылыми – теориялық негіздері

1.1 Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы

 

 

          Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

        Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...   Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Омарханұлы Әуезов болды. М. Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді…