Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

І тарау  Бастауыш сынып математика сабақтарында пәнаралық байланыстар 

1.1 Математика және тіл дамыту . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

1.2 Математика сабақтарында табиғаттану және өлкетану  

      материалдарын пайдалану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13

1.3 Математика сабақтарының еңбек және бейнелеу өнері 

      сабақтарымен байланысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

1.4 Бастауыш сынып  оқушыларына  математиканы  үйретуде ән - күй және дене шынықтыру сабақтары элементтерін қосу . . . . .  25

1.5 Математика сабақтарындағы пәнаралық мазмұнды үй тапсырмалары  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  26

 

II тарау  Бастауышта математиканы оқыту барысында пәнаралық байланыстарды іске асырудың кейбір жолдары

2.1 Бастауышта математикадан сыныптан тыс сабақтарда пәнаралық байланыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

2.2 Бастауыш мектепте  математикада экономикалық білім   мен   тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . 32

2.3 Практикалық мазмұнды есептерді шығаруда ұқыптылыққа тәрбиелеу  мен  экологиялық  мазмұнды  есептер . . . . . . . . . .  40

 

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

 

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 56

 

 

 

Кіріспе

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында: "Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет " – деген.  Яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына  ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын  күш тек білімде ғана. Сондықтан да, қазіргі уақыт талабы – оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық қабілетін, ақыл - ой белсенділігін дамыту. 

Оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы шығармашылықпен еңбек ететін, жаңа білімдерді өз бетінше игеруге қабілетті және оны мақсатты түрде қолдана білетіндей азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат. Оқыту – оқытушы мен оқушы арасындағы, біріншісінің адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибені, білімді оқушыға беруді, ал екіншісінің оны меңгеруді жүзеге асыратын күрделі де, көпжақты үрдіс екендігі белгілі.

Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі. Материалдық дүниенің арасындағы өзара тығыз байланыстар арқылы шындықты жете танып білуге, олардың бір-бірімен байланысты қарым - қатнасын түсінуге болады.

Пәнаралық байланыс экономикалық географияның, әрбір өлкенің, ауданның байлығы мен өндірістік мүмкіншіліктерін ашатын, оның болашағын көрсететін басқа да табиғаттану ғылымдарының дамуымен байланысты экологиялық негізде қарастырылуы шаруашылықта тиімді. Жоспардағы маңызын анықтауға көмектеседі. Оқу процесінің барысында оқушылар танымдық, практикалық мақсатты бағдарлы іс - әрекеттермен шұғылданады, нәтижесінде оқушыда пәнаралық іскерлік қалыптасады.

Пәнаралық іскерлік оқушының бір пәннен меңгерген білім-іскерлік дағдыларын, екіншіде жақын меңгеруде пайдалана білу қабілетінен көрінеді.

Пәнаралық байланыс тіл әдебиет пәнінен меңгерген кітапты пайдалану іскерліктері, география, тарих, математика т.б. пәндерді. Оны үйренуде қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері екінші пәнді терең меңгеруге ықпал етеді.

Єрбір пәнді өткенде, оны басқа пәнмен байланыстыра отырып, өтудің үлкен ерешекліктері бар. Қазіргі сабақта кеңінен өріс алып жүрген. Ана тілі пәнін өткенде, оны математика немесе қазақ тілі пәнімен де байланыстырып өтуге болады. Бұл жағынан оқу мазмұнын бекітсең, екіншіден тәрбие алып шығады.

Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарды пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көз-қарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл зерттеудің көкейкестілі.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, дамытушылық аптаның арасындағы байланыстарды құру. Сонымен пәнаралық байланыстың мазмұнына мыналар жатады:

1. Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуы.

2. Дидактикалық - материалистік көзқарастың қалыптасуы – білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Пән материалын оқып үйрену, оның мазмұнын мағынасын толық түсіну бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі психологиялық процесс. Мазмұнды меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Сондықтан да оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуға кедергілер мен қиындықтары кездеседі. Тәжірибеде байқалғаны мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыс ерекше роль атқарады. Оқытудыға пәнаралық байланыстар – ол оқушыларды өнімді ойлау қызметіне шығармашылық элементтерін ендіру әдісі, бұл оқу процесінің жетілдірудің маңызды факторы. 

Пәнаралық байланысты жасау методикасын меңгеру, мұғалімдер мен оқушылардың, әдіскерлер мен дидактардың уақыты мен күш салуын талап етеді. Осының барлығы оқу процессін жетілдірудің факторы ретінде, оны ұйымдастыру комплексті тәсілде жету мақсатында, мұғалімдерге пәнаралық байланыстарды іске асыруда мақсатты дайындық керектігін айтады.

Балаларды күнделікті өмірдегі және табиғаттағы бар нәрселердің байланысын көруге үйрету керектігін мұғалім біледі, сондықтан оқытудағы пәнаралық байланыстар – қазіргі уақыттың бұйрығы.

Зерттеу пәні –  бастауышта математиканы оқытуда жалпылау пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесі.

Пәнаралық байланысты қолдануға қатысты маңызды теоретикалық - әдістемелік ережеге, бізге таныс мына төмендегі мәселелерде іске аса алатын барлық пәндерді оқыту жатады.

а) оқшылардың ой - өрісін кеңейту, олардың білім алуға және оны пайдалануға деген құштарлығы мен ынтасын арттыруды қалыптастыру;

ә) балаларды белсенді шығармашылық қызметке тартуға мүмкіндік беретін, біліктілік пен дағдыларға үйрету;

б) шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- математика сабағы пәнаралық байланыстар құруға ыңғайсыздау, бірақ зейінді, ізденгіш мұғалім, бұл жерде де пәнаралық байланыстардың принципін іске асыру мүмкіндігін табылды.

Айта кету керек, бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды іске асырудағы өз тәжірибелерін талдап, қорытпаса, терең зерттемесе, бұл жұмыс толыспайды. 

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері мыналар болып табылады:

1. Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талқылау және оның толық жетілуінің негізгі бағыттарын анықтау.

2. Қазақ тілі, ана тілі, ән-күй, бейнелеу өнері. Еңбек айналамен таныстыру және дене шынықтыру сабақтарының элементтерін пайдаланған математика сабақтарындағы байқаулардың нәтижелерін жинақтап қорыту.

Диплом жұмысының практикалық құндылығы

Жұмыс бастауыш сынып мұғалімдеріне пәнаралық байланысты математика сабақтарында пайдалануға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Жұмыстың мақсаты мыналардан тұрады:

1. Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясында және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын анализдеу;

2. Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі бағыттарын көрсету;

- бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық байланысты пайдаланудың аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.

3. Сыныптан тыс шараларды оушылардың көзқарастарын қалыптастыру, оқуға қызығушылығын дағдыландыру, өмірге, қоғамдық-пайдалы еңбекке дайындау мақсатында пайдаланудың тиімділігін көрсету.

4. Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.

 

 

 

І тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

1.1  Математика және тіл дамыту

Оқушылардың тілін дамыту – математиканың оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты, сонымен математикалық қабілеттерінің дамуына әсер етеді, жұмысты бірінші сыныптан бастау керек.

Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.

Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:

1. Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу, қосу, шешу т.б.

2. Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.

Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытатын. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.

3. Бір оқушы 43-12 мысалын былай оқыды: «қырық үш алу он екі». Оқушыларға сұрақ қойылды: «дұрыс па». Оқушылар мұғалімнің көмегімен қатені тауып, мысалды дұрыс оқыды.

Математикалық терминдердің мәнін түсінікті етіп айтып беруге, дұрыс жазылуын терең меңгеруге және айтылатын ойдың бас-аяғын дұрыс құрай білуге әкеліп түйіндейді. Осы мақсатпен оқытушы төмендегі есептерді ұсынады:

1. Математикалық терминдердің маңызын түсіндіру жаттығулары (терминдер класының бағдарламасынан алынады).

2. Терминдерді дұрыс жазуға арналған жаттығулар

Мысалы: «Қосылғыштардың қосындысы өзгермейді». Барлық жаңа математикалық терминдерді балалар дәптерлеріне немесе «талқылау сөздіктеріне» жазып алатын. Сонымен, оның ана тілі мен қазақ тілі сабақтарының сөздері жазылып, сөздердің түсіндірмелері көрсетілетін.

Үшінші түрдегі жаттығулар ережелерімен анықтамаларды дұрыс және дәл айтуды меңгеруге бағытталған.

Математикалық тіл мәдениетінің қалыптасуы грамматикалық және математикалық қателерді жоюға, тілдің  көдейлігі мен нақтылы еместігін артық сөздерді қолданбауға, сөйлеудегі сөздерді дұрыс жүйеде пайдалануға және т.с.с. жоюға әкеледі.