Мазмұны

 

Кіріспе ...........................................................................................................................3

1 Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету

1.1 Тыңдап түсіну- сөйлеу әрекеті…………………………………………………...6

1.2 Тыңдап түсіну сөйлеу әрекетінің басқа түрлерімен байланысы .......................8

1.3 Аудиомәтіндерді (тыңдап түсінуге арналған мәтіндерді) 

сұрыптаудың өлшемдері .............................................................................................15

1.4 Тыңдап түсінуге үйретуде қолданылатын аудио-визуальдық құралдар. .........20

2 Орта мектепте ортаңғы сыныптарға ағылшын тілінен тыңдап түсінуді үйрету.24                                                                                           

2.1 Ағылшын тілін тыңдап түсіну арқылы оқытудың эксперимент нәтижелері…26

2.2 Тыңдап түсіну арқылы ауызша сөйлеуге үйретудің 

психологиялық мәселелер……………………………………………………………32                                                                                                  

2.3 Ағылшын тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану……………36

2.4 Мультимедиалық бағдарлама арқылы тыңдап түсіну әдістемесі…………….45

2.5 Ойын арқылы тыңдау дағдыларын дамыту .......................................................46

Қорытынды .................................................................................. ..............................55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................. ...............58

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Кіріспе

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Тұжырымдамада көрсетілгендей, ортаңғы сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және түсініп жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және түсіну баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Ортаңғы сынып оқушылары еркін мазмұнды түсініп байланыстырып сөйлеуге үйрену,түсініп тыңдау арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады. Түсініп тыңдау әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі айтудың нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асырады. Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету,тыңдап түсіну белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс. Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды интеллектуал тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады.Жеке тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Ғылым ретінде дамуына түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбек жазылды. Ынталандыра оқыту – тілдік жағдаяттың өзіндік табиғатынан туындайтын, оқыту үрдісіндегі тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыратын әрекет. Ортаңы сынып оқушыларына тілді түсіну,сабақты ұйымдастыруда сапалы меңгерту үшін оқушының дара тұлғалық ерекшеліктеріне назар аудару қажет екені белгілі. Оқуға деген оқушының ынталылығын қалыптастыра отырып, олардың қоғамдық ортаға енуіне қажетті тілдік дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасау қазіргі уақыт сұранысынан туындап отыр. Ортаңғы сыныптарда ағылшын тілін оқытуда аудио құралдарды қолданудың маңызы, оның алғышарттары, тыңдалым түрлері, оларды ұйымдастыру мәселелері сөз болады.

Диплом жұмысы зерттеуінің арқауы болып отырған ағылшын тілінің бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр.

Зерттеу нысаны. Оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің ортаңғы сыныптарында ағылшын тілін түсініп тыңдау арқылы ынталандыра оқыту үрдісі. 

Зерттеу пәні. Оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің ортаңғы сынып оқушыларына сөйлеу әрекеттерін меңгерту арқылы тыңдап түсінуді ұйымдастыру негізінде ағылшын тілін ынталандыра оқыту. 

Зерттеу жұмысының мақсаты. Тыңдау арқылы ынталандыра оқыту негізінде оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің ортаңғы сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету әдістемесін ұсыну. 

Зерттеу міндеттері. 

· Ортаңғы сыныптарда ағылшын тілін үйретуде сабақ ұйымдастыру және материалдарды іріктеу және жүйелеу. 

· Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, түсініп тыңдауға үйрету;

· Түсіну арқылы тілді оқушыларына ынталандыра оқыту әдістерін айқындау.

· Сөйлеу әрекетіне енетін компоненттер негізінде тілді оқыту кешенін қамтитын жаттығуларды анықтау. 

Зерттеу болжамы. Ортаңғы сынып оқушыларын тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер оқушыға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе, оқушыларды тыңдап түсіну арқылы үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде айтуға дағдыланады, өйткені оқушыны тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады. 

Зерттеудің жетекші идеясы. Ортаңғы сыныпта ағылшын тілін оқыту үрдісінде оқушыларға тыңдап түсіну арқылы мәтінді ауызша айту туралы жан-жақты теориялық білім бере отырып, мәтін құрастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану олардың өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізуге үйретіп,сөйлеу біліктері пен дағдыларын қалыптастырады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдіс (оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау); оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу); 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- ортаңғы сыныптарда оқушыларды тыңдап түсінуге,сөйлеуге үйретудің әдістемесі алғаш рет ғылыми түрде негізделеді;

- ортаңғы сынып оқушыларын тыңдап ұғынуға үйретудің лингвистикалық, философиялық, психологиялық негіздері толық баяндалады; 

- оқушыларға мәтін құруды үйретуге қажетті теориялық білімі мен білігін және дағдысын жетілдіріп, бекіте түсетін арнаулы жаттығу түрлері, тапсырмалар кешені беріліп, оларды пайдалану жолдары көрсетіледі;

Зерттеудің теориялық маңызы. Ортаңғы сынып оқушыларын тыңдап түсінуге үйретудің теориялық негіздері пайымдалып, оны мәтін арқылы іске асырудың нәтижелері ортаңғы сыныптарда  ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік ашады. Зерттеудің теориялық мәселелері, ағылшын тілін оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды қолдану мәселесі бойынша өзіндік үлес қосады. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің ары қарай зерттелуіне негіз болады. 

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды оқулықтар мен техника құралдарын пайдалануы. Сондай-ақ зерттеу жұмысында құрған бағдарлама мен сол бойынша дайындалған жаттығулар кешенін мектеп мұғалімдері тіл дамыту сабақтарында қолдануына болады. 

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

 

1 Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуге үйрету

1.1 Тыңдап түсіну- сөйлеу әрекеті

 

Тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болып табылады, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Ортаңғы сынып оқушылары сөйлеуге үйрену арқылы тыңдап түсіну тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады [1, 272б].

Тыңдап түсіну арқылы сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі ауызша сөйлеу нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асырады. 

Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі тыңдап түсінуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.. Ортаңғы сыныптарда оқушының белсенділігі мен оқуға деген ынталылығын қалыптастыруға; оқушының қызығушылығын ескере отырып, олардың оқу әрекетін өздігінен орындауына жағдай жасауға;тыңдап түсіну арқылы тілді үйренуге талап етеді.

Ауызша сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.

Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер Ф.Ш.Оразбаеваның, С.Р.Рахметованың, Т.Әбдікәрімнің, Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның, Ә.Е.Жұмабаеваның, Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен ортаңғы сынып жасындағы балалардың тыңдап түсінуге ауызша сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес.

Ортаңғы сынып оқушыларының тыңдап түсіну арқылы мәтін құрастыру тексеру барысында бірқатар ауытқулықтар бар екені байқалды [2, 12б]. Мысалы: 

1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмай-тындығы;

2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы оқушыны тыңдап түсінуге сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;

3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;

4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;

5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;

6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.

Мұның себебі, ортаңғы сыныпта балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат бергенімен, оқушыға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйрету, көркем жазу, көшіріп жазуға үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді. Осы сияқты ауытқулықтарды есепке ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі айқындалады: ортаңғы сынып оқушыларын ауызша сөйлеуге үйретуде мәтіннің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері туралы теориялық білім бере отырып, мәтін құру білігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру [2,102б].

Тыңдап түсіну – сөз әрекетінің түрі және оқытудың мақсаты, әрі құралы. Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан-жақты жүргізген тұста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз.

Коммуникативті құзырлылықты оқыту технологиясы сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды.Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым-қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі [3, 223б].

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну. 

Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.Бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз ететі.