ЖОСПАР:

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3-4

 

І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІН  АНЫҚТАУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ   АСПЕКТІЛЕРІ 

1.1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі

мен   маңызы ..................................................................................................5-10

1.2. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының мәні..........................................................................................10-16

 

ІІ ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ТӘРБИЕ БЕЛСЕНДІЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ 

2.1.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау

ерекшеліктері..................................................................................................17-20

 

2.2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру

жолдары.........................................................................................................20-25

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26-27

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................28-29

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан  Республикасы  Президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген. Олай болса, алға қойылған  мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық  әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарында тұлға тәрбиелеу  міндеті қойылып отыр.

Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор. 

Білім беру жүйесінде мектептің оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамаларын бұрынғыдай «адамның күні адаммен»емес, «адамның күні адамзатпен және табиғатпен»деген анықтамаға лайықтап құрып, оны төменедегідей бағыттарын анықтадық:

- оқушыларды бүкіладамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның, технологияның даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықталуына;

- нарықтық экономиканың жағдайында интеллектуалдық, экономикалық және әлеуметтік бәсекеде қажетті іскерлік қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыру, ақпараттық технология, халықаралық экономикалық, құқықтық қатынастар және әртүрлі білім-ғылым салалары бойынша энциклопедиялық білім мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыруға;

- жаһандану дәуірінде ұлттық рухани қазыналарымызды, қасиеттерімізді, тіліміз бен ділімізді сақтай білуге тәрбиелеу.

Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып, оқушылардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан-дүниесіне қатыгездік пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін таңдап дұрыс бағытта дамыту, әртүрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр. 

Курстық жұмыстың мақсаты: 

  1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі

мен   маңызы;

2.Шығармашылық белсенділікті дамыту – мұғалімнің басты міндеті;

3.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау   ерекшеліктері;

4. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру

жолдары.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: педагогикалық процесте оқушылардың  шығармашылық белсенділігін анықтауды ұйымдастырылу жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалім қызметтері мен мақсаттары.

Курстық жұмыстың міндеттері: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалімнің қызметінің тиімділігі:

- Шығармашылық белсенділік ұғымына анықтама берілуі;

- Оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің маңызын анықтау;

- Шығармашылық белсенділікті дамытудың жолдарына сиапттама;

-Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың ерекшеліктері;

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; ҚР этномәдениеттік білім беру концепциясы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне  сүйеніп жасалған.

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

 

 

 

І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН  АНЫҚТАУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ   АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1.Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің қызметі мен   маңызы

 

Қазақстан  Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық  қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Білім туралы» Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің  басты міндеті «... ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар төмендегідей:

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті ділгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;

- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу; 

- өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана білу;

- өз еңбегін ғылыми негізде үйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компютерлік әдістерін меңгеру;

- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Бұл талаптар – маман даярлығына қойылатын жалпы талаптар. Педагогикалық қызмет – қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастарының өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының