МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

І. Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары

 

1.1 Өзіндік шығармашылық жұмысты ұйымдастыруды зерттеу мәселелері

1.2 Өзіндік шығармашылық жұмыстардың қызметтері, мақсаттары

1.3 Оқушылардың шығармашылық өзіндік жұмыстардың деңгейлері

 

ІІ. Шет тілі сабағында оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

2.1 Ағылшын тілі сабағында оқушының өз бетінше шығармашылық жұмысын ұйымдастыру

2.2 Ағылшын тілі сабағын оқушыларға өз бетінше тапсырма беру арқылы өткізу тәжірибесі

2.3 Оқушылардың өз бетінше жұмысы үшін үйге тапсырма

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.

Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.

Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағана ерекше наза аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетгі элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады.

Т.И.Шамова 'өзіндік жұмыс' пен дербестік әрекет' «жеке жұмыс» деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар тек өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды:

Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т.б. сияқты өзіндік формаларын ұсынады.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі — тасқынды ақпараттарды іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен байланыссыз оқу процесінде мұндай бағдарлаудың тек қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген жас маман жұмыс орнында іріктеу, бағдарлаумен, әдебиеттермен жұмыспен, нұсқаулармен жаңадан танысуға тура келеді.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды материал жинақтай отырып зерттеу.

Зерттеу міндеттері.

  • оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруын қадағалау;

  • оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруын бақылау;

  • оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру деңгейін анықтау т.б.