М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ ............................................................................................. 3

1-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН  БАҒАЛАУДЫҢ      ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 . Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу....................................................................................................7

1.2. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және        қағидалары.Бағалауүрдісі...................................................................... 11

1.3. Автокөлік құралдарын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасызетілуіжәнеметодологиялықнегіздері................................ 17

2-ТАРАУ. ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАНК ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ

2.1Автокөлік құралдарын кепілдікке алу мақсатында құнын есептеу........

2.2. Алматы облысы бойынша Көлікті бақылау басқармасының қысқашасипаттамасы.............................................................................

2.3. Mercedes-Benz  300 SE 2.8 автокөлік құралын тәуелсіз бағалау...................................................................................................  

3-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.

3.1.Шетелдегі автокөлік құралдарын бағалау ерекшеліктері......................................................................................... 

3.2.Автокөлік құралдарын бағалау қызметінің кемшіліктерін талдау........................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘЕБИЕТТЕР.......................................................... 

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................

 

 

К І Р І С П Е

   Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.

     Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.

Автокөлік құралдарын бағалау ─ бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, [17] олар: 

-1-  автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау  объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;

-2- автокөлік құралдарына қатысты құнын анықтайтын факторлардың құрамы мен әсері басқа бағалау объектілеріне қарағанда өзгеше;

-3- автокөлік құралдары басқа бағалау объектілеріне қарағанда, құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік аспектілері жағынан айырмашылығы бар;

-4- автокөлік құралдары қауіпті объект болып табылады, оның нәтижесінде материалдық залалды өтеумен байланысты құқықтық зардаптар туындайды, және ол бағалауды жүргізуді талап етеді;

-5- автокөлік құралдары нарығының құрылымы мен параметрлері басқа бағалау объектілерінің тауар нарықтарының сипаттамаларынан айырмашылығы бар, ол автокөлік құралдарының нарықтық құнын анықтауға қажетті әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуде үлкен бір мәселе, мұндай бағалауда негізінен салыстырмалы әдіс қолданылады.

Қазіргі жағдайда автокөлік құралдарын бағалаудың қажеттігі келесі жағдайларда туындайды:

• бизнес-жоспарды әзірлеу, автомобильдік-құрылыс өндірісін құру және дамыту;

• автокөлік құралын өндіріске жіберілгендегі, болжамды нарықтық құнын бағалау;

• «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қордың белсенді бөлігін қайта бағалау;

• жекешелендіру кезінде бағалау;

• мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарымен мәміле жасағанда;

• автокөлік құралдарының кедендік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіргізлгенде;

• мүлік салығын есептеу үшін салық салу базасын анықтау;

• автокөлік құралдарын сату-сатып алу, сонымен қатар аукциондық;

• автокөлік құралдарының кепілдігін рәсімдеу;

• автокөлік құралдарын жалға және лизингке беру;

• кәсіпорынның жарлық қорына салым ретінде автокөлік құралын рәсімдеу;

• қоғамнан шыққанға, қоғам тарағанда және қоғам жойылғанда қоғам қатысушысының (акционердің) салымын еншілеу (бөлу);

• кәсіпорынды жалпы бағалауда негізгі қордың бөлігі ретінде автокөлік құралдарын бағалау;

• жою немесе авария, өрт, жарылыс, найзағай соққысынан, нөсерлі жауын-шашын, бұршақ, қалың қар, жер сілкіну, сел, опырылу, көшкін, тасқын, су басу, мұз астына түсіп кету, су құбыры немесе жылу жүйесі нәтижесінде зақымдану жағдайында, сонымен қатар ұрлау (айдап кету) әрекетімен байланысты ұрлау және жойылу (зақымдану) жағдайында автокөлік құралдарын сақтандыру;

• автокөлік құралы зақымданғандағы залал құнын бағалау;

• автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

• автокөлік құралдарын сыйға тарту (салық салу мақсатында);

• автокөлік құралдарын мұраға қалдыру (салық салу мақсатында);

• сот шешімімен мүлікті (автокөлік құралдарын) бөлу;

• автокөлік құралдарымен бартерлік мәмілелер; 

• мүлікті түгендеу (инвентаризациясы);

• автокөлік құралдарын конфискациялау; 

• автокөлік құралдарын есептен шығару және жою. 

Жалпы дипломдық жұмысқа тоқталатын болсақ, мұнда алға қойған мақсаттарға жету үшін, автокөлік құралдарын бағалау бойынша ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар дипломдық жұмыс автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі аспектілерін ашып көрсетеді. 1-тарауда толығымен және дәлелді түрде автокөлік құралдарының ерекше белгілеріне арналған және оларды бағалау объектісінің жеке класы ретінде қарастырады. Бұл бөлімде автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі қағидалары, бағалау мақсаттары, құн түрлері және автокөлік құралдарының жіктелуі сияқты маңызды көрсеткіштері берілген.

Ұсынылған бағалаудың методологиялық негізідері автокөлік құралдарын бағалауда негізгі әдістерді (нарықтық немесе салыстырмалы, шығындық және табыс) қолдану ерекшеліктеріне сипаттама береді, сонымен қатар тек автокөлік құралдарын бағалауда қолданылатын ерекше тәсілді ашып көрсетеді.

2-тарауда тәжірибеде жиі кездесетін, автокөлік құралдарының нарықтық құнын бағалау мақсатына қажетті ұйымдық және технологиялық аспектілер қарастырылған. Есептеу жұмысының мазмұнын түсіну үшін және дипломдық жұмыс инстументальды сипатта болуы үшін қосымшаларда бағалау жұмысын жеңілдетуге қажетті көмекші материалдар берілген. Статистикалық мәліметтер, басқа да құжаттар нысаны, автокөлік құралдарын бағалау туралы есеп келтіріп, мазмұны толығымен ашылған.

3-тарау шетелдегі автокөлік құралдарын бағалау бойынша қызметтің ұйымдық, әдістемелік, ақпараттық және экономикалық аспекттілерін қарастырады, Германиядағы автокөлік құралдарын бағалау қызметінің қазіргі жағдайы, бағалау қызметінің ерекшеліктері және қолданылатын әдістерінің мазмұнын ашады. Салыстырмалы түрде біздің елдегі автокөлік құралдарын бағалау үрдісінде туындаған негізгі мәселелер, шетел тәжірибесі келтірілген.

Жалпы дипломдық жұмыс бойынша, автокөлік құралдарын бағалау қызметінің кемшіліктері аталып, оларды жою жолдары ұсынылған, шетел тәіжірибесіндегі артықшылықтарды қолданып, автокөлік құралдарын бағалау қызметін дамыту, қажетті деңгейге жеткізу сұрақтары қарастырылған.