Аннотация 

 

Бұл курстық жоба “Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу” тақырыбында әзірленді. Курстық жоба мына бөлімдерді қамтыды: стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі; берілген өнімге техникалық шарт ретінде ұйым стандартын әзірлеу; жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу; стандарт жобасына түсіндірме хат жазу; берілген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу; стандартты жасау бойынша жұмыс бағасын есептеу; өнімнің тәжірибе үлгісіне қабылдау актін түзу; өнімге каталогтық бет әзірлеу; стандарт ісін құрастыру; студенттің өзіндік ғылыми жұмысы. 

Жалпы курстық жұмыстың теориялық бөлімі  А4  форматындағы ____ бетті, ал  графикалық  бөлімі А1 форматынан  3  бетті құрайды.

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Жалпы жағдайлар

 1.1 Стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі                                               -     

 1.2 Стандарттарды әзірлеудегі негізгі мақсаттары мен принциптері                -

 1.3 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру                                                          -

 1.4 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциялау)                                         -

 1.5 Стандарт жобасын соңғы редакциясын жасау                                               -

 1.6 Стандарттарды бекіту, тіркеу және басып шығару                                       -

 1.7 Стандарттарды әзірлеу, бекіту және өзгертулерді енгізу тәртібі                 -

 1.8 Қолдану, стандарттарды жою, стандарттармен ақпараттық        қамтамасыз ету                                                                                                         -

2 Белгіге өнімге техникалық шарт ретінде ұйым стандартын әзірлеу

 2.1 Жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу                                     -

 2.2 Стандарт жобасына түсіндірме хат жазу                                                        -

 2.3 Берілген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу                                             -

 2.4 Стандартты жасау бойынша жұмыс бағасын есептеу                                   -

 2.5 Өнімнің тәжірибе үлгісіне қабылдау актін түзу                                             -

 2.6 Өнімге каталогтық бет әзірлеу                                                                         -

 2.7 Стандарт ісін құрастыру                                                                                   -

3 Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы

 3.1 Берілген өнімнің өндірісінің технологиялық нұсқауын әзірлеу                   -

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кріспе

 

Қазіргі нарықтық заманға сай, әрбір ұйым  бәсекеге қабілетті, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің ұйым стандартын әзірлейді.     

 Өнімге ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады. Стандартты дұрыс жасау, орнатылған талаптар бойынша қателік жібермеу аса маңызды, себебі талаптардан ауытқу байқалған жағдайда өнім өндірушіге де, оны тұтынушыға да зиян келуі мүмкін, сондай – ақ шығынға ұшыратады. Яғни, стандарт талаптарын толық меңгеру – біздің денсаулығымыздың да, табысымыздың да көзі болмақ.  

Курстық жобаның мақсаты – кез келген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу үшін оның жасалуының нормативтік құжатта орнатылған талаптарын меңгеру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Жалпы жағдайлар

 

1.1 Стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі.

 

Стандарттау жөніндегі жұмыстар мен жоспарларды, сондай-ақ осы жұмыстарды қаржыландырудың жалпы ережелерін, қалыптастыру тәртібін, келісу, бекіту, орындалуына бақылауды ҚР СТ 1.7-2003 стандарты белгілейді. 

Жоспарлар негізінен стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және қолданыстағы     стандарттарға     өзгерістер     енгізу     бөлігінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және түзету мақсатымен әзірленеді.

Жұмыстар жоспары мемлекетгік стандарттау және мемлекетаралық стандарттау бөліктерінен тұрады.

Жоспарға:

- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге алынатын нормалар мен талаптарына арналған мемлекеттік және     мемлекетаралық стандарттарды, жалпы техникалық нормалар мен халықтың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне өнімнің, процестердің және қызмет көрсетулердің және қоршаған ортаға қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді, өнімді өндіріске жеткізуді, терминологияны, сыньштауды, қабылдау ережелерін, сынамаларды сүрыптауды және енім сапасын бақылау әдістерін,   өнімді   орау,   таңбалау,   тасымалдау   және   сақтау ережелерін;

- мемлекеттік  стандарттарды  халықаралық  талаптармен үйлестіруді қосады.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде    мүдделі мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктер, заңды және жеке түлғалар бола алады.

Жоспар  1  жылға  әзірленеді және мемлекеттік және мелекетаралық  стандарттау жөніндегі жұмыстарды орьшдауға белгіленген тізбесімен, осы  кезеңде үнемі қолданыстағы құжат болып табылады.

Жоспар жоспарланған кезеңге  арналған  стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі басым бағыттардан шығып, мүдделі мемлекеттік   басқару органдары, ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке, заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен қалыптастырылады.

Жоснарланған кезеңге ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.

Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бөлігінде жоспарға ұсыныстарды хатшылығын Қазақстан Реслубликасы жүргізетін МТК, ТМД елдерінің мүделлі үлттық мекемелері немесе олармен келісім бойынша  басқа да мекемелер үсынады.