КІРІСПЕ

 

Беті

 

 

Кіріспе3

 

I. Топтық бактериялды сілтілеудің негізгі технологияларына  қысқаша сипаттама (Heap bioeaching)       4

 

II. Топтық  химиялық және бактериялды сілтілеу технологиясының экономикасы (Heap leaching и Heap bioleaching) 9

 

III. Чандық бактериялды сілтілеудің негізгі технологияларына қысқаша сипаттама ( биореакторларда) 12

 

IV. Чандық бактериялды сілтілеудің технологиясының экономикасы ( биореакторларда) 14

 

V.Жартылай өндірістік және лабороториялық  зерттеулерде чандық бактериялды сілтілеуді өндірісте қолданудың қорытындыларының анализі

 

VI. Қорытынды 32

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       1947 жылы Colmer мен Hinkle-дің кеніштерден Thiobacillus тобына жататын бактерияларды  өндіріп алуымен, бактериялар мен микроағзалардың  кендер мен концентраттарды сілтілеудегі рөлі анықталды. Кейін  Thiobacillus ferrooxidans (Temple and Colmer, 1951), Thiobacillus thiooxidans (Temple and Delchamps, 1953) өндіріп алынып және зерттеліп, 2000 жылы Thiobacillus ferrooxidans қайтадан Acidithiobacillus ferrooxidans (Kelly and Wood, 2000) болып  жіктелді. 

Бактериялар мен микроағзаларды 1950-1980 жылдар аралығында төмен сортты кендермен мен бірбеткей қиын байытылатын өндірістік өнімдерді, концентраттарды қайта өңдеуде қолдану технологиясын  жасау жөнінде ғылыми – зерттеулік жұмыстар кешені жүргізілді. Мыс   топтық бактериялармен сілтілеумен қатар құрамында алтын бар төзімді кендер мен құрамында көміртектес заттар бар арсенопириттік – пиритті концентраттарды тауып зерттеу қолға алынды. 

      Бұл аралықтардағы зерттеу жұмыстарының маңыздысы жартылай өндірістік тәжірибе жасап ұшқыштық құрылғылардағы микроағзаларды  төмен сортты мыс кендері мен Río Tinto (Испании), Cananea (Мексика), Toromocho (Перу) кен кеніштерінде топтық қышқылдануда қолданып, соған сәйкес кен шығару 8; 9 және 10 мың т/жылына дейінгі көрсеткішпен өндірістік қарқыны артты.

     Өндіріске биотехнологияның енгізілуімен қатар SX-EW технологиясының  (electrowinning) қолданылуы  прирометаллургиялық әдістерді қайта өңдеу арқылы серноқышқылды  ерітінділерден жоғары сапалы катодты мыс алу жолдарын берді.

    Нәтижесінде 1982 жылы Sociedad Minera Pudahuel (Чили) компаниясының Lo Aguirre мыс кенішінде  ең алғашқы рет өндірістік масштабта төмен сортты кендерден мыс өндірудің технологиясы қолданылып, бөлшектеу – топтастыру – бактериялды сілтілеу -  SX-EW технологиясы бойынша мысты өндіру жүзеге асты. Жылына кендерден  құрамында 1% шамасында мыс бар  14 мың тонна катодты мыс алынады.  

    Sociedad Minera Pudahuel (Чили) компаниясының Lo Aguirre мыс кенішінде бактериялды сілтілеу әдісін сәтті  пайдалануынан кейін осыған ұқсас үрдістер 17 мекемеде, соның ішінде 10 - ы Чили рудниктерінде, АҚШ, Перу, Австралияда да қолға алынды.  

     Төменгі сортты құрамында алтын бар кендер мен арсенопириттік – пиритті концентраттарды қайта өңдеу биотехнологиясын зерттеу жұмыстарына да осы әдіс енгізілді.

   1986 жылы  ең алғаш биотехнологияны бірбеткей құрамында  алтын бар концентраттарды өндіру технологиясында, бактериялды қышқылдандыру (БҚ) – цианиттеу жұмыстарын қолға алған Fairview (ОАР) кәсіпорны.

     Fairview кәсіпорнының құрамында алтын бар концентраттарды қайта өңдеудегі жемісті еңбегі тек ОАР – да ғана емес, Аустралия, Бразилия, АҚШ, Ресей сияқты, өзге де мемлекеттерде де осы саланың дамып, өркендеуіне негіз болды.

    Құрамында алтын бар кендер мен бірбеткей алтын қоспалары бар концентраттарды қайта өңдеу биотехнологиясы алтын кендері өндірісінің 17 кәсіпорнында ендіріліп, ОАР, АҚШ, Қытай, Қазақстан, Аустралия, Ресей және өзге мемлекеттерде қолданылып жатыр.