Жоспар

Кіріспе 3

 I. Метрологияның жалпы сипаттамасы 4

 1.1 Өлшем түрлері 8

 II. Өлшем құралдары 10

 2.1 Өлшем құралдарының түрлері 11

 2.2 Өлшемдік түрлендіргіш 12

 2.3 Өлшем қондырғылары мен жүйелері 13

 III Өлшеудің техникалық құралдары 14

 3.1 Өлшеу процесінің элементтері 22

 IV Эталондар,олардың классификациясы 26

 4.1 Өлшеу құралдарының дәлдік кластары 28

 Қорытынды 29

 Қолданған әдебиеттер тізімі 30

 

 

 Кіріспе

 

 Қазақстан Республикасындағы экономиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен эканомикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етті. Халықаралық эканомикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысуышы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік эканомиканы жетілдіру керек.

Стандартизаци, сертификация және метрологияның халықтық жүесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжрібиелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті. 

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ВТО-ға кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды.

Жетілдіру процессі шексіз. Мемлекетте TQM (Total Quality Management) мәселесі шешілмей, көкжиекте әлуіметтік-этикалық сипаты бар критерийді орнататын SA – 80002 халықаралық стандарты пайда болды.

Стандартизация, сертификация және метрология бойынша кейбір актуальды салалар, ұйымдастыру жоспары және құқықтық жағынан едәуір алға жылжып, мемлекетіміздің эканомикасына да әсерін тигізді.

Қазақстан Республикасының эканомикалық рынокка өтуі, ішкі және сыртқы рыноктағы ұйымдар мен өндірістер, отандық фирмалары үшін жаңа талаптарды анықтайды.

Әртүрлі бағыт пен деңгей бойынша халықаралық келісім шартпен құпталған Халықаралық қызметтестік нормалардың халықтық және халықаралық ережелердің гармонизациялауын талап етеді. Бұндай түрдегі стандартизация, сертификация және метрология, жоспарлы эканомиканың жаңа жұмыс шарттарына сәйкес келмей, Ресейдің мәдени эканомикаға интеграция мүмкіндігін тежейді. Біздің мемлекетімізде жоспарланған ГАТГ/ВТО-ға кіру шарты осыған жарқын мысал болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Стандартизация туралы», «Өнім мен қызметті сертификациялау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдары, эканомика саласының әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады.

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.

Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру номенклатурасының кеңеюіне әкелді.