МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………….

1. АЙМАҚТЫҢ СЕЙСМОТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ……………………

1.1 Нығайған іргетастың негізгі тектоникалық құрылымы……………………..

1.2 Маңызды сейсмогенді құрылымдар…………………………………………..

1.3 Қапшағай су электр станциясы (CЭС) ауданындағы активті жарылымдар………………………………………………………………………...

2. ҚАПШАҒАЙ CЭС АУДАНЫНЫҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1.Іргелес территорияларда болып өткен күшті және апатты жерсілкіністер

жайлы деректер…………………………………………………………………

2.2 Қапшағай CЭС ауданының қазіргі сейсмикалық жағдайы………………….

2.3 Жерсілкіністер ошақтарының механизмі…………………………………….

3.ҚАПШАҒАЙ CЭС НЫСАНДАРЫНА ТҮСІРІЛЕТІН ЫҚТИМАЛДЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ӘСЕРДІ БОЛЖАУ……………………………………………

3.1 Ықтималды күшті жерсілкіністер ошақтарын болжау………………………

3.2 Ықтималды  күшті жерсілкіністері  әсерінің негізгі параметрлерін есептеу

3.3 Уақыт және спектр түрінде сейсмикалық әсерді болжау……………………

3.4  Арна бөгетінің динамикалық параметрлерін анықтау………………………

4.    ЭКОНОМИКА...................................................................................................

Қорытынды…………………………………………………………………………

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………….

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қапшағай CЭС-ы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 70 км қашықтықта Алматы облысы территориясында орналасқан. Қазақстан Республикасын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған ең жауапкершілікті объекттердің қатарына жатқызылады. Басқа жағынан қарасақ, Қапшағай CЭС-ы сілкінгіштігі жоғары ауданда орналасқан және одан қарай солтүстік бағыттағы  Алматы облысының Іле және Балхаш аудандарының елді-мекенді пункттеріне күрделі потенциалды қауіптілік әкелуі мүмкін. Сондықтан да күшті жерсілкінісі кезінде объекттің төзімді болуы экономиканың тұрақтылығы мен адам өмірі үшін өте маңызды болып табылады.

Осыған байланысты 1999 жылы Сейсмология институты ЖАҚ АПК келісімі бойынша: “Қапшағай СЭС нысандарын сейсмотөзімділікке тексеру” тақырыбына жұмысты орындауды бастады. Келісімге сәйкес жұмыс екі кезеңге бөлінді: бірінші кезеңде 1999 жылы тасты қалдықты арна мен апанды бөгеттерге ықтималды сейсмикалық қауіптілікке сәйкес сейсмотөзімділікке есептеулер жүргізу жоспарланды. Екінші кезеңде 2000 жылы қалған барлық құрылысты объекттерді тексеру болды.

Жұмыстың бағдарламасы ретінде жергілікті сейсмогенді құрылымдардың активтелуін бақылау, Қапшағай CЭС нысандарына  ықтималды сейсмикалық қауіптілік параметрлерін анықтау, сонымен қатар Қапшағай су қоймасының пайдалану уақытына сілкінгіштіктің байланысын зерттеу мақсатындағы ұзақ (кем дегенде екі жыл) сейсмологиялық және сейсмометриялық бақылауларының ұйымдары қарастырылды. Сонымен қатар, келесі сейсмотөзімділік есептеулеріне қажетті бөгеттер мен қалдықтардың (ығысу модулі, Пуассон коэффициенті) динамикалық параметрлерін анықтау үшін үлкен көлемдегі сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу де қарастырылған болатын. Алайда, келісімнің бағасын төмендету мақсатындағы тапсырыс берушінің талаптары бойынша жұмыс көлеміндегі жүйелі түрдегі сейсмологиялық және сейсмометриялық бақылаулар толығымен алып тасталды. Сейсмобарлау жұмыстарының көлемі азайды. Бұл жағдайда жергілікті сілкінгіштіктің деңгейін анықтау, максималды сейсмикалық қауіптілік толығымен 1994-1995 жж Қапшағай CЭС дирекциясының келісімі бойынша орындалған. Сейсмология институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептемесінен, “Қапшағай СЭС нысандарына сейсмикалық қауіптілікті анықтау” тақырыбы бойынша алынды. 1999 жылғы сейсмометриялық бақылаулардан әрбір бөгеттегі тіркелген 2-3 алыс қашықтықтағы жерсілкіністер бойынша жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, сейсмикалық құрылғылар бөгеттің жағалауларымен (тасты жерлерде) және әр түрлі нүктелерінде орналасты (адырда, табанда және орталық бөлігінде). Алынған материалдар бөгет денесінде сейсмикалық толқындардың басылу коэффициентін бағалауға мүмкіндік берді.

Арна мен апанды бөгеттердің динамикалық параметрлерін анықтау үшін сейсмобарлау жұмыстары орындалды. Олардың нәтижелері бұрын жасалғандармен (1992 ж) сәйкес келді. Арна бөгетінің жуылған майда дәнді эолды құмдарынан 1:400 масштабындағы үлгісі жасалды. Өзен арнасы мен жағалауларына табанды призма болып келетін ілігерлік жерлері жасалды.