Мазмұны

Кіріспе 2

1.Алғашқы танысу. 3

2. Фрагменттердi бөлектеудiң жолдары 7

3.Ауыстыру буферiмен жұмыс iстеу 9

4. Алаңды қою мен қағазды таңдау 10

5. Форматтау 10

5.1. Символдарды форматтау 10

5.2. "Әрiпше" ("Буквица") 11

5.3. Абзацты форматтау 11

5.4. Негiзгi стильдер 11

5.5. Әсерлеудi құжаттың фрагменттерi арасында көшiру 12

5.6. Тiзiмдер 13

6. Масштабты өзгерту 13

7. Кестелермен жұмыс 13

7.1. Кестелердi жасау 14

7.3. Кестенi толтыру 17

7.4. Кестенi сызғыштармен және құюмен әсерлеу. 17

"Таблицы и границы" құралдар тақтасы 18

8. Суреттер және сурет салудың құралдары 19

9.Басылмайтын символдар 23

10. Құралдар тақтасымен жұмыс iстеу 24

11.Word-сервистiк мүмкiншiлiктерi 25

11.1. Автоауыстыру 25

11.2. Автотекст 26

11.3. Дұрыс жазылуы 26

11.4. Тезаурус 27

11.5. Word-тағы алаңдар 27

11.6. Беттердi нөмiрлеу 27

11.7. Мәтiннiң басына атау беру 28

12. Баспаға шығару 30

Қорытынды 31

Қолданылған әдебиеттер 32

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ms Word – текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Wіndows жүйесінің қосымша программасы. Ол – тексті және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кен тараған текст редакторының бірі.

Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған текстік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға еңгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысында керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамталған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын құрал-саймандар және т. с. с. жетіп артылады.

 

 

 

 

МӘТIНДIК  ПРОЦЕССОР MS WORD

1.Алғашқы танысу

   MS WORD - бұл құжатты бағдарлама тексттердi өңдейдi (мәтiндiк процессор), ол алуан түрлі құжаттарды жасайды: хат пен жұмыс қағаздан, кiтапша мен кiтапқа дейiн. Word-та мәтiндермен жұмыс iстегенде, олардың iшiне графиктi енгiзуге, кестелердi жасау, мәтiнге түрлі өзгертулер енгiзу, баспаға  шығару және жұмыстың нәтижесiн дискiге сақтауға болады.

   Word-та жаңа құжатты жасағанда бiрнеше жолдары бар, мысалы:

1.Басты меню арқылы ("Пуск" ("Бастау" батырмасын басқан соң). Ол үшiн, "Программы"  жолын таңдап, тышқанның сол жақ батырмасымен "Microsoft Word" бөлiгiн басу.

2. Егер компьютерде Microsoft Office бумасы орнатылған болса, Word-ты Office терезесiнен жүктеуге болады. Ол үшiн, "Создать документ" ("Құжат жасау") батырмасын Microsoft Office терезесiнде басып, пиктограмма "новый документ"-тi таңдау және ОК батырмасын басу.

   Word бағдарламасы жүктелген соң экранда екi бөлек терезе болады: 

бағдарламаның терезесi және құжаттың терезесi. Windows-тың әрбiр терезесi сияқты, Word бағдарламасының терезесiнде басының, менюiнiң, сонымен бiрге көлденең мен тiк айналдыру жолдары бар.

   Одан басқа, Word бағдарламасының терезесiнде құралдар тақтасының батырмалары болу мүмкiн, олар жиi қайталанатын әрекеттердi жасау үшiн, командаларды тез беруге мүмкiндiк бередi. Көбiнесе бұл екi құралдар тақталары: стандартты және формайттайтын. Экрандағы терезелердiң кескiндерiн басқаруға болады, мысалы, Меню: Вид=.>Панели инструментов командалар арқылы. Терезенiң астында сызғыш болу мүмкiн. Сызғышты экранға шығару үшiн, Меню:Вид=>Линейка командалар пайдаланады.

    Word бағдарламасының жалғыз терезесiнде бiр немесе бiрнеше терезелер болуы мүмкiн. Меню: Окно пунктынде ағымдағы жұмыстың барлық ашылған құжаттардың тiзiмi келтiрiледi, ол бiр құжаттан басқа құжатқа көшуге мүмкiндiк бередi. Активтi құжат (бұл құжат ашылған құжаттардың тiзiмiнде ең жоғарыда орналасқан) "v" символмен белгiленедi. Меню: Окно=>Упорядочить командалар арқылы бiрнеше құжаттарды экранда бiрге орналастыруға болады.