Берілген дипломдық жобада «SQL сеорверін қолданып  қосымшалар 

         жүйесін жетілдіру» тақырыбы   зерттелді.

 

 

SQL- СЕРВЕР, ODBC ТЕХНОЛОГИЯСЫ, WORD ,  EXCEL ,MS ACCESS,

VISUAL BASIC, VISUAL C++

 

 

 

          Берілген дипломдық жоба мақсаты SQL сеорверін қолданып  қосымшалар жүйесін жетілдіру болып келеді. Жұмыстың негізгі назар қойылған программасы SQL-құрылымдық сұранымдар тілі. Бірінші бөлімде құрылымдық сұранымдар тілінің даму тарихы, мәліметтер қоры туралы түсінікке сипаттама берілген. Жұмыста қарастырылған EDUCATION (Образование) МҚ-ның құрылымы, қандай кестелерден тұратыны туралы айтылған. Өрістердің мәндерінің типтері көретілген.

Екінші бөлімде SQL командалары, олардың типтері, қауіпсіздігін басқару шаралары, МҚ басқару операторларына қысқаша сипаттама берілді. Мысалдар келтіріліп, қолданылуы анық айқындалды.

Үшінші бөлімде желілік қосымшаларды құру тәсілдері қарастырылады. Бұл бөлімде SQL тілінің әртүрлі қолданбалы программалармен арасындағы желілік байланыстары туралы айтылады. Сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігі қарастырылған және экономикалық тиімділікті есептеу жүргізілген

 

 

 

Мазмұны.

Кіріспе.                                                                                                                                 3

Техника-экономикалық негіздеме                                                                                 6

           1. SQLқұрылымдық сұранымдар тілі                                                                7

1.1 SQL мүмкіндіктері мен артықшылықтары                                                       7

1.2 SQL даму тарихынан                                                                                           8

1.3 SQL  көмегімен мәліметтер қоры басқару                                                        9

          2.SQL командаларының типтері.                                                                       11

2.1.SQL мәліметтерінің типтері                                                                             11

2.2. Сандық типтер                                                                                                  12

2.3. Күні мен уақытты беру үшін арналған типтер                                              13

         3. Желілік қосымшаларды құру                                                                          28

3.1. ODBC технологиясы                                                                                        28

3.2.SQL-сервердің Word және Exce– мен өзара байланысы                               33

3.3. SQL-серверде  MS Access мәліметтерін пайдалану                                      40

3.4. Active Server Pages технологиясы.                                                                  45

3.5. Мәліметтер қорымен Visual Basic ортасында жұмыс                                   45

3.6. Visual C++-ті SQL-серверге кіру үшін қолдану                                            53

4.  Адам өмірінің қауіпсіздік негіздері                                                               55

5. Экономикалық тиімділік есебі                                                                       73

Қорытынды                                                                                                                      81 

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                                               82

Қосымшалар                                                                                                                       83

 

 

 

Кіріспе.

 

Есеп жасау, бақылау және жобалаулардың негізін көптеген картотекалар, тіркеу журналдары, сондай-ақ тізімдер, сызбалар құрайды. Олар біртіндеп көбейіп, жаңадан топтасады.  

Егер де ақпаратттар жинағының көлемі өте үлкен болса, онда керекті мағлұматты іздеп табу өте қиын болады. 

ДЭЕМ  және ақпаратты өңдеу мүмкіндігі пайда болғаннан кейін біздер көптеген ақпараттық-анықтамалық есептерин автоматизация арқылы шеше аламыз. 

Бастапқы кезде ЕЭМда ақапаратты сақтап, оны жинақтауға арнайы файлдар қолданылды. Бұл кезде әрбір функционалдық есепке дербес белгілі бір қорытынды ақпараттан тұратын файл құралатын. Осының бәрі де қолданушыға көптеген қиындылықтар әкелетін. 

ЕЭМнің дамуымен бірге басқару системаларын кұру идеялары талқыланды. Мысалы, өндірістегі бухгалтерлік есептің автоматизациясы кезінде мағлұматты сақтау, оны дұрыс өңдеу, және де белгілі бір уақыт сайын өзгертіп отыру. Бұл идеялар өзінің шешімін мәліметтерді басқару системасында, яғни МКБЖ ортасында тапты. МКБЖ арнайы ақпараттар базасымен тікелей жұмыс істейді. Дербес компьютерлердің пайда болуымен қатар таблицалардағы ақпаратты өндеудің ең қолайлысы МКБЖ болып отыр.. 

Access – реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым 2 өлшемді кестер реляциядық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр – түрлі формалардың есеп беруі (отчет) құружы жүзеге асырады. 

Мәліметтер қорында 2 өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. 

Дәлірек айтқанжа, мәліметтер қорында, кестердей әр бір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді, олар: 

а) мәліметтер қорын құру

б) мәліметтер қорының құрылымын өзгерту 

в) форма құру 

Реляциондық модель – ең қарапайым модель берілгендерді кесте таблица түрінде топтастырған модель. 

 

берілгендерді қолданбалы программаларға тәуелдігіш жою мақсатында 1970 жылы математик Код реляциондық модель концепциясын ұсынды. Қатынас белгілі бір шарттарда қанағаттандыратын 2 өлшемді кесте. 

Қатынастың бағандары – артрибуттар деп аталады. Ал жолды жазулар деп атайды. Реляциондық қоры дегеніміз – бір бірімен байланысты қатынастар жиыны әр – бір қатынас жеке файл түрінде сақталынады. Олар келесі тәртіппен байланысқан (файл, кесте, қатынас, мән). 

Модель құрылымның қаталдығы және жұмыс жылдамдығының берілгендер қорының өлшеміне тәуелділігі. 

Microsoft Access - бұл функционалдық  тұрғыдан толық әрі реляциондық МКБЖ. Онда қолданушыға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған: яғни, қолданушы кез келген ақпаратты анықтап, өңдей алады, онымен қатар үлкен көлемді қамтитын ақпартпен жұмыс істей алады.  

Ақпарат базасын басқару системаларына сүйеніп, біз ақпараттардың мінездемелерін, олармен  жұмыс істеуді, және бірлесіп жұмыс істеуді бақылай аламыз. 

МКБЖ 3 басты функциядан тұрады: 

1) ақпараттарды анықтау ; 

2) ақпаратты өңдеу; 

3) ақпараттарды басқару 

Осы функционалдық мүмкіндіктердің барлығы Microsoft Access те толықтай өңе алады. 

Кез келген құжатпен немесе электрондық таблицамен жұмыс істеу кезінде біз құжаттың мазмұның немесе таблицаның әр бір ұяшықтың орнын өзіміз таңдай аламыз. Текстік редакторларда бұл информацияны керек жерге орналастыру үшін қажет. 

Ал электрондық таблицаларда  ақпаратты сақтау, керек есеп айырысуларын жүргізу және қортындыларды керекті түрде ұсыну міндетініз болады. 

Егер де электрондық таблицадағы жолдар саны 100-ден асып кетсе, және де құжат біршене беттен тұрған жағдайда ақпаратпен жұмыс істеу өте қиын болады. Егер де сіз  басқа да қолданушыларға арналған белгілі бір электрондық таблицаларды құрсаңыз, ондағы өзгерістерді, және жаңадан енгізілген сандарды бақылай алмайсыз. 

Мысалы, сіздің таблицаныздың бір ұяшығында күн (мерзім), ал екіншісінде ол күнде түскен ақша сақталу керек болса,қолданушы оны кездейсоқтықтан ауыстырып алуы мүмкін. Осы сияқты көптеген мысалдар келтіруге болады. 

МКБЖның арқасында біз  ақпараттың түрін және де оның сақталу әдістерін өзіміз таңдай аламыз. Сіздер сонымен қатар жұмыс істеуге қолайлы болу үшін, (ақпараттарды дұрыс енгізу үшін) басты талаптарды қоя аласыз. 

Сіздер Microsoft Access барлық мүмкіндіктерді қолдана аласыз: DDE ( DynamicDataExchange, ақпаратпен динамикалық түрде алмасу), және OLE (Object.Linking and Emedding қарым-қатынас және объетілерді енгізу). 

Microsoft Access көптеген ақпарат форматтарымен жұмыс істей алады  (МКБЖның басқа да файлдық структураларымен). Сіздер ақпараттың импорт және экспорт процестерін текстік редакторларынан және де электрондық таблицалардан ала аласыз. 

Microsoft Access көмегімен сіздер Paradox, dBASEIII, dBASE IV, FoxPro және т.б. файлдарды өңдей аласыз. Бұл файлдарды сондай-ақ Microsoft Access импорттауға да болады. 

 

Текстік редактордағы немесе электрондық таблицадағы ақпаратпен жұмыс МКБЖ-дағы жұмыстарынан көптеген айырмашылықтары бар. Текстік редакторда даярланған құжатта сіздер таблицалық ақпаратты қосып, оны өңдей аласыз. 

Ал электрондық таблицада құрылған құжат берілген бір есепті шешу үшін арналған. Сондықтан оны басқа да бір есепке қолдану өте қиын. 

Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде МКБЖ көптеген әдістерді қолданады. Мысалы, сіздер ақпаратты іздеу шараларын жеке таблицада өңдіре аласыз. Бір команданы қолдана отырып, жеке бөлікте орналасқан барлық ақпаратты жаңарта аласыз. 

Таблицадағы ақпаратты өндеу үшін Microsoft Access SQL деген өте күшті тіл қолданылады. Оның көмегімен бір немесе бірнеше таблицадан бізге керекті информацияны ғана белгілей аламыз.

Microsoft Access ортасында есептерді шешу үшін SQL тілін міндетті түрде білу керек жоқ. 

 

 

Сұрақ жағдайы

 

Бүгінгі таңда коммуникация және мәліметтерді сақтау облысындағы компьютерлік жүйелер басқаларына қарағанда жылдамырақ дамып келе жатыр, өйткені оларға жаңа технологиялармен бірге және әлемдегі әлеуметтік өзгерістермен бірге жүруге тура келеді. Сақталуға арналған ақпараттың көлемінің жоғары ырғақпен ұлғаюына байланысты, программалық жабдықтаушыларға мәліметтердің үлкен көлемін басқарудың жаңа жолдарын өңдеуге тура келеді.

Мәліметтер қоры ақпараттық технологиялар облысында алдағы орындарды алатындықтан, олар адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Осы процестерді, басқару жүйелерінің дамуы интеграция жолымен тұтас бүтінге келе жатыр, осыған үлкен қадам мәліметтерді өңдеу стандартын SQL құрылымдық сұранымдар тілі көмегімен пайдалану болып табылады. SQL-ді пайдаланып жұмыс істейтін программалық жабдықтар, қолданушыға білінбей қызмет етеді, және ақпаратты басқаратын қажетті негізді береді. Қазіргі кезде клиент/сервер архитектурасына негізделген желілік ақпараттық технологияны пайдалануға көп көңіл бөлініп отыр.

Осы күндері адам өмірі әртүрлі типті ақпараттармен қаныққан, ал оларды басқару үшін әртүрлі қызметті мәліметтер қоры мен банктерін құру қажет. Осы себепті соңғы жылдары осы мақсатқа арналған көптеген компьютерлік жүйелер-мәліметтер қорын басқару жүйелері пайда болды.

 

Техника- экономикалық негіздеме

 

Мәліметтердің санының өсуі, оларды сақтау және өңдеу қажеттілігінен, әртүрлі компьютерлік жүйелерде қызмет ететін  МҚ-ң стандартты тілін құру сұранысы туындады. Шынында да, мұндай стандартты тіл қолданушыға мәліметтерді дербес компьютерден, желілік жұмыс станциясынан немесе әмбебап ЭЕМ-да жұмыс істей отырып басқару мүмкіндігін береді.

SQL (Structured Query Language)-бұл құрылымдық мұранымдар тілінің қысқартылған атауы, реляциялық МҚ-да мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі, және SQL-ді реляциялық мәліметтер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны МҚ стандартты тіліне айландырды. 

Реляциялық МҚ пайда болғанға дейін, көптеген МҚБЖ үшін  құрылған барлық мәліметтерді басқару тілдері, файлдардың логикалық жазулары түрінде берілген мәліметтермен жүргізілетін операцияларға бағытталған. Әрине, бұл қолданушыдан мәліметтердің сақталуын, қандай мәліметтер қажеттігін, олардың қайда орналасқанын және қалай алу жолдарын білу талапді  етеді.

Қарастырылып отырған SQL тілі логикалық байланысқан кесте-қатынастар жиынтығы түрінде берілген мәліметтермен операциялар жүргізуге бағытталған. Осы тілдің құрылымының ерекшелігі өңдеу процедурасына емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталуында. SQL мәліметтердің, индекстердің  қайда орналасқанын, және нәтиже алу үшін қандай операциялар тізбегін пайдалану керектігін өзі анықтайды, сондықтан бұларды МҚ-на сұранымдарда көрсетудің қажеті жоқ.