Мазмұны

 

Кіріспе4

1 Информатика пәнінен оқушылардың білімін тексеру әдістерінің дидак-тикалық негіздері7

1.1 Оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспек-тілері 7

1.2 Орта мектеп оқу үрдісінде бақылау тәсілдері ретінде тесттік бақылауды пайдалану мәселелері

10

1.3 Тесттік бақылау тәсілдері - оқушылардың жеке ерекшеліктерін, білім деңгейін анықтаудың құралы13

2 Орта мектепте информатикадан тесттік бақылау тәсілдерін қолдану әдіс-темесі20

2.1 Оқыту үрдісінің құрамды бөлігі - бақылау20

2.2 Тесттік бақылау: тест туралы ғылым, тест мазмұнын құру принциптері, тест түрлері31

2.3 Жаңа педагогикалық технология арқылы оқушы білімін бағалау47

2.4 Әр бағдарламада жасалған тест тапсырмалар қабықшасына шолу50

Қорытынды58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі60

Қосымша А61

 

 

 Кіріспе

Соңғы он жылда Республикамыздың білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендіру стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Оқушылардың оқу әрекетін бағалаудың жаңа критерийлерінің пайда болуы соның нәтижесі. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандығын көздейтін жаңа білім стандарттарына көшу жағдайында жүзеге асуда.

Осыған байланысты педагогтар мен білім беру қызметкерлерінің оқушыларды аттестациялауға қарым-қатынасы өзгеруде. Білім беру жүйесінің жай-күйі туралы объективті ақпаратты қажетсіну мұғалімнен білім беру мекемелерінің жетекшілеріне дейін артып келеді. Мұндай ақпарат мұғалімге өзінің кәсіби әрекетіне баға беру, оқушының жетістігін бағалау, педагогикалық ықпалға түзету енгізу үшін қажет. Білім беру мекемесінің жетекшісіне сол мекеменің даму стратегиясын анықтау, педагогтардың жұмыс сапасын бағалау және сан-саланы басқару шешімдерін реттеу үшін қажет. Білім беру жүйелерінің стратегиялық даму бағдарламаларын қабылдайтын басқару органы жетекшілері де осындай ақпаратқа аса зәру. Жалпы алғанда тиімді түрде аттестациялау міндеттерін ғылыми деңгейде шешу мәселесі іс жүзінде барлық білім беру қызметкерлерін толғандырады. Сондай-ақ, білім беру жүйесінің жай-күйі туралы объективті ақпаратты пайдалануға ата-аналар мен оқушылардың өздері де белсенді түрде қамтылады.

Мемлекеттік білім стандарттарын жасау, оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттырды. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.

Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті шұғылданған авторлар қатарында - В.И.Андреев, Ш.А.Амоношвили, С.И.Архангельский, Г.А.Балл, Ю.К.Васильев, Г.Г.Городничий, И.А.Данилов, В.И.Журавлев, В.И.Загвязинский, М.Н.Катханов, В.В.Краевский, И.И.Кобылявский, М.М.Левин, И.Я.Лернер, В.П.Мизинцев, Н.Д.Никандров, В.М.Полонский, Л.И.Рувинский, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Т.И.Шамова, Н.М.Шахмаев, В.А.Якунин, т.б. көптеген ғалымдар болды.

Қазіргі уақытта талапкерлер мен студенттерді аттестациялық сынақтан өткізуде бақылаудың тестік түрлері неғұрлым объективті әдіс ретінде кеңірек қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына А.Е.Әбілқасымова, Б.Б.Баймұқанов, Л.Т.Искакова, Ю.М.Колягин, В.И.Крупич, Е.О.Медеуов, Ә.К.Қағазбаева, А.В.Метельский, Д.Р.Рахымбек, С.Е.Шәкілікова, И.М.Чередов, Н.М.Шахмаев, ҚА.Өтеева, және т.б. еңбектерін қосуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, оқушылардың педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын да айқындап көрсетті.

Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Басқаша айтқанда, төменгі сыныпта алған білім орта мектепті бітірерде ұмытылмауы тиіс. Ал білім неғұрлым ақ түсті меңгерілсе және сирек пайдаланылса, соғұрлым тез ұмытыла бастайтыны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен бірге бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.

Біріншіден, мемлекеттік білім стандарты талаптарын тесттік бақылау тәсілдері көмегімен қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, екінші жағынан, бұл мәселенің оқыту теориясы мен практикасында жеткілікті түрде шешімін таппағаны арасында қарама-қайшылық туындауда.

Сонымен, зерттеу жұмысының көкейкестілігі, ғылыми-практикалық мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: әр түрлі бағдарламаларды қолданып, тесттік тапсырмалар қабықшасын құру.

Зерттеу нысаны: информатика пәнін оқыту үрдісі. 

Зерттеу пәні: оқу орындарында информатика сабақтарында қолдану.

Зерттеу болжамы: егер информатика курсын оқыту үрдісінде әр түрлі бағдарламадағы тесттік бақылау тәсілдерін қолданылып отырса, онда оқушылар біліміне, мемлекеттік білім стандартына қойылатын талаптарды қанағаттандыруға болады, өйткені ол жағдайда тексеру барысында алынатын ақпараттың шынайлығы артып, оған жіберілетін уакыт үнемделеді, бұл оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтап, уақытылы жойып отыруға мүмкіндік береді.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет болды:

- Білім беру мемлекеттік стандарттарының талаптарын қамтамасыз ету үшін тесттік бақылау тәсілдерін пайдалану тиімділігі мәселелерінің зерттелу жағдайын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдау жасау;

- Информатиканы оқыту тиімділігін арттыру және мемлекеттік білім стандарттары талаптарын камтамасыз ету үшін тесттік бақылау тәсілдерін пайдаланудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және дидактикалық шарттарын анықтау;

- Оқушылар даярлығының сапасын тексеру үшін әр түрлі бағдарламаларда тесттік бақылау тәсілін пайдалану әдістемесін жасау, оларды тәжірибе жүзінде тексеру;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: таным, білім, жеке тұлға және оның іс-әрекеті, ақыл-ой, ойлау, құндылық туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасы теориялары болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: информатикадан әр түрлі бағдарламаларда тесттік бақылау тәсілдерін пайдаланудың әдістемесі әзірленді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: оқушылардың білімін тексерер кезде әр бағдарлама жасалған тесттік қабықшаларды қолдануға негізделді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Әр түрлі оқу орындарында қолдануға және мұғалімге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.