МАЗМҰНЫ

 Кіріспе.......................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты ...................................................................................................................5

ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері
2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.....................................................................................................................12
2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы...........23
2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары....................................................................................................49
2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары..........................................................52

Қорытынды...........................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................63












Кіріспе

Ана тілі – бүкіл ақыл-ой дамуының негізі дәне барлық білімдердің темір қазығы. ¤йткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен берік дағды беретін, сауатты жаздырып, мәдениетті сөйлеуге, ойын әсерлі де жатық жеткізуге төселдіретін осы пән. Ана тілі орфографиялық ережені игеру үшін ғана емес, сонымен бірге, логикалық ойлауды қалыптастыру үшін де аса қажет.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалары, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім.
Жұмыстың көкейкестілігі. Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектептің І-ІV сыныптарында жазба жұмыстары арқылы тіл дамыту, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.
Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Теориялық-практикалық қолданылымы.   Жұмыс нәтижесі бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында сауатты жазуға үйретуге байланысты тақырыптарда оқушылардың дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруда  жалпы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде бастауыш мектеп ұстаздары үшін әдістемелік құрал ретінде пайдалануы мүмкін.
Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста іс-тәжірибе, әдебиеттер жинау, оларды талдау-жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды.
 Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.





І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты
          Бастауыш  сыныптардағы   жазу  сабақтарының    мақсаты-  балалардың   жазу  тілі  дағдысын  қалыптастыру1.  
         Жазу  дағдысының  психологиялық  негізі  мидың   үлкен  жарты  шар  қабығындағы   анализатор  ұштарының   бір-бірімен  күрделі  байланысқа  түсуі,   екінші  сигнал   системасының  жинақталып,  бір  арнаға  бағытталуы  болып  табылады.   Жазу     тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.   Ал  ауызша  сөйлеу   есіту-  кинестезиялық  нерв  байланыстары   арқылы  өтеді.
         Жазу  тілі  ауызша  сөйлеуден   кейін  шықты,   сондықтан  да  ол  үнемі  ауыз  тілге   сүйеніп  отырады.
        Ең  алғашқы,   ерте  дәуірде   адамдар  қандай  да  болмасын  бір  уақиғалар   туралы  мәліметтерді  кейінгі  ұрпаққа  қалдыруға  болады.  Сөйтіп  ондай  мәліметтерді   түрлі  суреттермен  белгілейді.   Бұл  кезең  -  идеографикалық   сөйлеу  кезеңі  деп  аталады.    Идеографиялық  сөйлеу   белгілі  бір   айтылатын  жағдай   туралы  еске  түсіру   рөлін  атқарады.
             Кейінірек   иероглифтік  жазу  шықты.   Бұл  заттарды  немесе    тұтас  ойды   білдірген.