Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3
І тарау.    Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны............5
1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы............................................................9
1.2. Жобалап оқыту технологиясы............................................................12
1.3. Модульдік оқыту технологиясы.........................................................15
1.4. Дамыта оқыту технологиясы..............................................................22

ІІ тарау.  Бастауыш сыныптарда  жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
 2.1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіс – тәсілдері.......28
 2.2. Қазақ тілінен дамыта оқыту сабағының үлгісі.................................44
2.3. Қазақ тіліннен жай сөйлемдерді оқытуда тест тапсырмаларын пайдалану үлгісі.....................................................................................................46

Қорытынды................................................................................................57

Пайдаланылған  әдебиеттер....................................................................59


  
        Кіріспе

    «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - делінген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттейді.
Жұмыстың көкейкестілігі: ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
Мұғалімнің шеберлігінің негізі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты.
Тақырыпты таңдау себебі: Бүгінгі күні мемелекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдеріне аса зор көңіл бөлінуде екені бәрімізге белгілі. Оның үстіне келешек маман  ретінде ұстаздық жұмысты бастамас  бұрын өз мамандығымды жете білу мақсатында жаңа технологиялық әдістерді зерттеп білу қажет деген талап «Мемлекеттік тілді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары» деген тақырыпты таңдауыма себеп болды.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда, білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар пайда болуда. Диплом жұмысының мақсаты жаңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде жаңа  технологиялық әдістерге байланысты теориялық және практикалық материалдар, В.Давыдовтың, А.Зайцевтың, Ф.Оразбаеваның, Е.Сармановтың, Б.Тұрғынбаева, т.б. еңбектері, «Қазақ тілі және әдебиеті», «Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде» журналдары алынды.
Диплом жұмысында мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттама әдісі, талдау-жинақтау әдісі.
Диплом жұмысының құрылысы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.