Мазмұны

 

Кіріспе ..................................................................................................................3 

І-тарау. Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері  

1.1. Халық педагогикасының мәні, мазмұны мен құрылымы ...........................6 

1.2. Қазақ этнопедагогикасы педагогика ғылымының бөлігі ретінде .............13

1.3. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану ....................................18

1.4. Сыныптан тыс жұмыста халық педагогикасын пайдаланудың 

формалары мен әдістері........................................................................................35

ІІ-тарау. Халық педагогикасын оқу – тәрбие ісінде қолданудың әдіс – амалдары.

2.1. Мектептің  оқу-тәрбие үрдісінде халы педагогикасын пайдаланудың жолдары................................................................................................................. 

2.2.Оқушылардың бойында халық педагогикасын тиімді арттыру, дамыту жолдары.

2.3.Халық педагогикасының оқыту – тәрбие ісінде қолданудағы дәрежесі.

Қорытынды.....................................................................................................47

Қолданылған әдебиет тізімі...........................................................................49

Қосымша...........................................................................................................

 

 

 

 

Кіріспе

   Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан  ой -  пікірлері мен іс-тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз. 

   Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық, балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.  

   Еліміздің президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек. Сірә, қарапайым әрі түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек.»,-деп көрсетуі бұл проблеманың көкейкестілігін айқындай түседі[26;18].

   Осы орайда республикамызда  халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады. 

   Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шаралары, ғылым мен  мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы, еліміздің мәдени-әлеуметік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік, эстетикалық тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген сенімдеміз. 

   Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде. 

   Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге 

қазақ ағартушылары  Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мән берген. 

   Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді. 

   Осындай жетістіктеріміз болса да педагогикалық әдебиетте, баспасөзде жазылып, мектеп тәжірибесінен көрініс беріп, жүрген талғамсыздық, сыңаржақтық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне әуестенушілік секілді келеңсіз құбылыстар бой көрсетуде. Мұның өзі уақыт талабына сай оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың қажеттілігі мен педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.

   Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде халық педагоггикасын пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр. 

   Бұл қайшылықты шешу курстық жұмысымның  тақырыбын «Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану» деп таңдауға мүмкіндік берді. 

   

   Зерттеу болжамы – егер оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану тиімді болуы үшін, оқыту үрдісінің мазмұны мен әдістемесі оқушылардың сана-сезіміне, сенімін, еркін, қарым-қатынасын және мінез-құлқын ұлттық тәлім-тәрбиелік мақсаттылықпен қалыптастыруға бағытталған жүйемен қамтамасыз етілер еді.

   Зерттеудің мақсаты -  халық педагогикасының мазмұны мен құрылымын теориялық тұрғыдан қарастырып, оны мектептің оқыту үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдарын айқындау. 

   Зерттеу міндеттері:

- халық педагогикасының теориялық негіздерін қарастыру;

- халық педагогикасын мектептің оқыту үрдісіндегі тәрбиелік    мүмкіншіліктерін ашып көрсету; 

- озық үлгілерін оқыту үрдісіне ендірудің нақты жолдарын көрсету.

   Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектептегі  оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану жүйесі.

   Зерттеу объектісі (нысаны) – Тасқала ауданы, Родник ауылы, Родник негізгі жалпы білім беретін мектептегі  оқыту үрдісі.

   Зерттеу көздері – халық педагогикасына байланысты тарихшы-этнографтардың, философтардың, психолгтардың және педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми педагогикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектептердегі  мұғалімдердің озат тәжірибесі; автордың педагогикалық тәжірибесі.

   Зерттеу әдістері: тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік  әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақ алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау арқылы озат педагогтық іс-тәжірибені зерттеу, оны қорытындылау, метематикалық әдістер. 

   Зерттеу базасы - Тасқала ауданы, Родник ауылы, Родник негізгі жалпы білім беретін мектебі.