Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………......4

 

I Терминдер және терминдер жүйесі 

1.1  Термин атауы және оның тілдік сипаты………………………………….....7

1.2  Ағылшын тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері………………..12

1.3  Қазақ тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері…………………….24

I-бөлім бойынша қорытынды…………………………………………………...33

 

II Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы  лексикалық ерекшеліктері

2.1 Мұнай-газ терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне  аударудағы қиындықтар……………………………………………………………………....34

2.2 Мұнай-газ саласындағы терминологиялық сөз тіркестерінің компоненттерінің арасындағы байланыс………………………………………42

2.3 Мұнай-газ терминдерін  аударуда қолданылатын  тәсілдер……………...46

II-бөлім бойынша қорытынды………………………………………………….57

 

Қорытынды……………………………………………………………………..58

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі .......……………………………………….....60

 

Қосымша

 

Кіріспе

 

Ғылыми ақпараттың мәнінің қиындауы және көлемінің үздіксіз жоғарылауы жаңа тапсырмалар мен қатынасын анықтай отырып, ғылыми терминологияның терең көп көріністі зерттеуін іске асырады. Қазіргі кездегі жағдайдағы маңызды тапсырмалардың бірі «ақпаратты-технологиялық жарылыстың» басқарушы процеске айналуы, бұның негізінде терминологияны стандарттау және унификациялау жатыр. Терминошығармашылықтың теориясы мен практикасы лингвистердің ғана емес, білімнің сәйкес сала мамандарын, сонымен қатар терминология стандарттауы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың да көңілін аудартады. Оның реттелуі туралы жұмыс және халықаралық деңгейдегі унификациялау XIX ғасырдың ортасынан басталғандықтан, химиялық терминология бұл жағдайдағы анық мысал болып табылады. Кез-келген объектіні зерттеу оны қарастырудың кешенді, жүйелік қатынасын талап етеді. Жүйелік қатынас кезінде объект функциялануы бір деңгейдегі жүйелілігінің әрекеттесуін, сонымен қатар оның иерархиялық құрылысындағы әр түрлі деңгейдегі байланыстарды қамтамасыз ететін, бағынышты жүйелер мен бүтін жүйе элементтері жатады. 

Тілдік құбылыстарды зерттеуге жүйелік қатынастың негізгі күйлері, біріншіден, бүтін бірлікті тудыратын, зерттеу объектісі ретінде элемент ұйымдарының жиынтығының бөлінуі; екіншіден, элементтердің бірігуінің ішкі заңдарының бүтіндігі, интеграция механизмі; үшіншіден, өз кезегінде, иерархиялық принциптің негізінде бүтінге кіретін жүйелік түзілулер болып табылатын осы бүтінді (жүйелілік немесе микрожүйе) құрайтын тәуелділіктер мен қатынастарды орнатуға бағытталған.

Ақпараттық процестердің автоматтандырылуының дамуына, терминологиялық мәліметтердің, автоматтандырылған сөздіктердің банктерін құру үшін электронды-есептеуіш машиналарын қолданумен байланысты терминология мәселелері жиі талқыланады. Бұндай сөздікті және мәліметтер банкін құру терминологиялық лексиканың стандарттауынсыз және унификациялауынсыз, терминологияның лингвистикалық мәселелерін зерттеусіз, білімнің әрбір нақты облысындағы термин өндірістерінің ерекшеліктерін анықтаусыз мүмкін емес. Бұл «терминологияны құрудағы әдістемелік көріністердің ары қарай терең зерттелуі және даму қажеттілігін» тудырады.

 Ағылшын тіліндегі мұнай-газ терминологиясы гетерогенді модель бойынша құрылған, яғни адамзаттық білімнің бірнеше облыстарының байланысуының нәтижесі болып табылады. Оған геологиялық, геофизикалық, геомұнай-газ терминдері кіреді, сонымен қатар мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға, шаюға, мұнай және газ кен-орындарын өндіру, жерасты гидравликасы, мұнай мен газды өңдеу және т.б. қатысты терминдер жатады. 

Ғылыми зерттеу өзектілігі: егеменді ел болғалы бері бой көтеріп келе жатқан мемлекеттік тіліміздің мұнай-газ саласымен байланысты термин қорын қалыптастыру, шетелдік ғылыми терминдердің қазақ тілінің мүддесін көздеп, ішкі заңдылықтарын сақтай отырып аударылуынан, мұнай газ саласында болып жатқан өзгерістерге сәйкес ғылыми термин сөздіктерінің жаңартылуынан, жаңа ақпараттардың толықтырылуынан туындайды.

Зерттеу нысаны: қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам  жүйесінің бірліктері, сөзжасамдық қызметі, солардың нәтижесінде жасалған мұнай-газ терминдерінің  түрлері. Мұнай-газ терминдерін, олардың контекстегі көріністерін ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударудағы мәселелер. 

Зерттеу жұмысының мақсаты: мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау және оған талдау жасау. Ал осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

- терминдердің жүйелілігін, аударылатын тілдегі аударманың ерекшеліктерн анықтау;

- мұнай-газ терминдерінің жасалу жолдарын, мағыналарын когнитивтік тұрғыда көрсету;

- ағылшын және қазақ тілдеріндегі  мұнай-газ терминдерінің сөзжасам жүйесінің құрамын айқындау;

- мұнай-газ терминдерінің қазақ тіліне аударылуындағы қиыншылықтары мен тәсілдерін анықтау.

Зерттеудің дереккөздері: жұмысты  жазу барысында Айтбаев Ө. «Қазақ  терминологиясының  дамуы мен қалыптасуы», Құрманбайұлы Ш. «Терминтану», Ткачева Л.Б. «Основные закономерности  английской терминологий», Гореликова С. Н. «Природа термина и некоторые особенности терминообразования в английском языке»  сияқты ғалымдардың сөздіктерінен ағылшын топонимдері алынды. 

Теориялық және методологиялық негізде қазақстандық, ресейлік және шет ел лингвистерінің жұмыстары алынды. Nida E., Taber Ch., Татаринов В.А., Құрманбайұлы Ш., Айтбаев Ө., Гринев С.В., Авербух К.Я., Бархударов Л.С., Миньяр-Белоручев Р.К., Құрманбайұлы Ш., Макова М.И. сияқты ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдері: зерттеу жұмысында баяндау, дәстүрлі сипаттама, салыстыру, статистикалық талдау, морфемдік талдау, мағыналық талдау, жинақтау әдістері, аударма тәсілдері қолданылды. 

Жұмыстың құралы мұнай-газ терминдері болып табылады. 

Дипломдық жұмыстың  зерттелу объектісі болып, мұнай-газ терминдері және олардың аударма барысындағы  қиындықтары табылады.

Зерттеу жұмысының тілдік материалы: қысқаша терминологиялық сөздіктер, ғылыми сөздіктер,  ғылыми энциклопедиялар, мұнай-газ саласымен байланысты  методикалық оқулықтар, қазақ және ағылшын  тілдерінде берілген мәтіндер.   

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мұнай және газ терминдерін құрылымдық-семантикалық талдау терминдердің пайда болуына себеп болып, тарихи, мәдени дәлелдерді қамти отырып, ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай мен газға байланысты терминдік өрістің пайда болуы және дамуына әсер етті. Мұнай және газға байланысты терминдердің жеке топтамасын ерекшелеп көрсетуге, оларды құрылымдық, номинативті – деривациялық, функционалдық сипаттамасын жүргізуге болатындығын көрсетті.

Зерттеудің теориялық маңызы: зерттеу нәтижелері мұнай-газ терминдерін аударуға және оларды оқып-үйрену әдістемесінің жаңаруына мүмкiндiк туғызады. Сонымен қатар ондағы мұнай-газ терминдерінің функциясының заңдылықтары мен тенденциялары анықталады, жүйе түзуші байланыстар зерттеледі, соған қоса берілген терминожүйедегі терминологиялық номинацияның ерекшеліктері және процесс туралы мәліметтер нақтыланып және толықтырылады.

Зерттеудің практикалық құндылығы:  зерттеу нәтижелері негізінде мұнай-газ терминдерінің шығармашылық негізде қолданыстық мәнінің ашылуы лексикология салаларына өзіндік үлесін қоса алады. Осы терминдерді анықтаудың тіл тарихын зерттеушілер үшін теориялық та, практикалық мәні бар. Оларды жоғарғы оқу орындарында «мұнай-газ ісі», «органикалық заттардың мұнай-газ технологиясы» курстарынан дәріс беруде, мұнай-газ терминдерінің ағылшынша-қазақша, орысша-қазақша түсіндірме сөздіктер жасауда қолдануға болады. Сонымен қатар мұнай-газ терминдері мен термин тіркестерін практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Ауызша және жазбаша аударма тәжірбиесінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеудің кіріспе бөлімінде  тақырыптың  өзектілігі,  жаңалығы, мақсаты мен міндеті айқындалып, зерттеу әдістері, нысаны және зерттеуге негіз болған  материалдар  баяндалады.

Бірінші бөлімде терминдер туралы түсінік,  мұнай-газ терминдерінің ағылшын және қазақ тілінде жасалу жолдары баяндалады.

Екінші бөлімде мұнай-газ терминдерін аудару кезіндегі  қиындықтар мен оларды аудару тәсілдері қарастырылады.

Қорытындыда дипломдық  жұмыстың нәтижесі  көрсетіледі.

 

I ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Термин атауы және оның тілдік сипаты

 

Егеменді ел болып тәуелсіздігімізді алғалы  бері  елімізде  мемлекеттік тіл, соның ішінде терминтану  саласын дамыту, зерттеу мәселелері алдыңғы орынға шығуда. Бұл мәселенің негізгі себебі ретінде қоғамдағы, соның ішінде ғылым мен техника салаларында болып жатқан өзгерістерді атап өтпеу мүмкін емес. Қоғамдағы өзгерістер, ең алдымен тілде өз көрінісін табатыны белгілі. Осы тұста, еліміздің атақты академигі Ә.Қайдар тіліміздегі терминологияның бүгінгі күйі мен ертеңгі  жағдайы жайлы  сөз ете келе: «... қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылыми тіл – оның жон арқасы, бүкіл рухани-мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, сол ыңғайда  өзгертіп отыруға  бейімді құбылыс; сондықтан да  мемлекеттік әдеби тіліміздің бүгінгі күйі мен  ертеңгі жағдайы терминологияның реттілігімен, жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс  аясының кеңдігімен өлшенеді»,-деген пікір білдіреді [1, 3б.].  Терминдердің тілде атқаратын рөлін саралай келе