МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------3

І. ТЕРМИН – ТЕРМИНТАНУДЫҢ НЫСАНЫ
1.1. Терминнің тілдік сипаты----------------------------------------------------------5
1.2. Терминге қойылатын талаптар---------------------------------------------------7

ІІ. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКА ТЕРМИНДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУЫ
2.1.  Компьютерлік терминдердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері-----9
2.2. Компьютерлік терминдерге арналған глоссарий---------------------------14

ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИНТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------25

ҚОСЫМША----------------------------------------------------------------------------26







КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы бүкіл өмірімізді өзгертіп отыр. Бүгінде компыотерлер тұрмысымыздың барлық саласында пайдаланылуда. Сондықтан да бүгінгі қоғам мүшесі жан-жағын қоршаған техникада өз орнын таба білгені, оның тілін түсіне білгені құба-құп. Компьютермен тілдесу көпшіліктің күнделікті қажеттілігіне айналып отыр. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болған кезден бастап, мүмкіндігінше барлық салалар бойынша терминдердің казақша баламаларын қолдану дәстүрге айналды. Осы жақсы дәстүр аясында күнделікті шығып тұратын газет-журнал беттерінде, теледидар, радио хабар-ларында, сондай-ақ, көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен арнаулы сөздіктерде қазақша жаңа терминдер мен атаулар жиі ұшырасатын больш жүр. Олар апта сайын болмаса да, ай сайын көрініс тауып, біртіндеп көбейіп келеді. Дегенмен әлі де тілімізде бұрын тек орысша қолданылып келген көптеген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануда ала-құлалықтар көп болуда. Сондықтан да бұл салада біршама жұмыстар атқарылуы қажет-ақ. Терминология мәселесі қай кезенде де өзінің зәрулігін бәсеңдетпек емес, Қоғаммен бірге жасасып, ондағы болып жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беріп, күрделі ұғымдарға лайықты сөз тауып беріп, үнемі даму, қалыптасу үстінде. Жұмыстың өзектілігі де осында.
Көпшілік қауым жаңа терминдер мен атаулардың бірін білсе, бірін біле бермейді. Тіпті қай сөз қай үғымның баламасы екенін ажырата алмай жүргендер де жок емес. Мәселенің осы жағын ескеріп, біз жаңа терминдердің орысша-қазақша жөне қазақша-орысша аударма сөздігін жасауды жөн көрдік. Ондағы мақсатымыз — тілімізде жаңадан жасалған терминдер мен атауларды халыққа дер кезінде жеткізіп отыру, олардың орысша баламаларын көрсету, сол арқылы жаңа терминдердің өз мағыналарында дұрыс қалыптасуына септігімізді тигізу.
Әрине, "жаңа терминдер" дегенді бұл жерде шартты түрде ұққан жөн. Өйткені, сөздікке алынған орысша терминдердің бірлі-жарымы болмаса, басым көпшілігі жаңа емес. "Жаңа" — олардың қазақша баламалары ғана. Себебі бұл ұғымдар осыған дейін тек орысша аталынып келген. Қолдарыңыздағы сөздікте көрсетілген қазақша баламалар соңғы 5-10 жыл ішінде ғана пайда болып, күнделікті тұрмысымызда қолданылуда.
Шындығына жүгінсек, "жаңа" терминдер тілімізде бұрыннан бар көне сөздер. Сол "бұрыннан бар көне сөздер" соңғы кезде мүлде жаңа мағынада, яғни белгілі бір нақтылы ұғымды білдіретін терминдердің қазақша баламалары ретінде қолданылып жүр.
Сөздіктегі мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдерді сол күйінде қолдануға міндеттіміз. Біз сөздікте келтірілген сөздер тізбегін республикамызда жиі шығатын әртүрлі газет-жур-налдардан, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден, сөздіктерден, оқулықтардан, теледидар мен радио хабарларынан, тіпті ауызекі сөйлесу тілінен жиып, алфавиттік жүйеге түсірдік те, іздеп табуға, пайдалануға қолайлы болу үшін, алдымен олардың ағылшынша-қазақша-орысша, содан кейін қазақша-ағылшынша-орысша сөздігін жарыстыра бердік.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұсынылып отырған үғым-атауларымыздың бір тобы қазіргі заман талабына сай өмірімізге дендеп кеткен жаңа технология мен жай техника тіліне, іс пен ойынға, күрделі мамандық иесі мен жай ғана мектеп оқушысына да таңсық емес компьютер саласына қатысты болып отырғандықтан, компьютерді пайдаланумен қатар оның ұғым, түсініктерін нақты егжей-тегжейлі зерттеп білу. Мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді көрсетуге болады:
 Термин атауының мағынасын ашу;
 Терминдерге қойлатын талаптар;
 Компьютерлік терминдердің аударылу ерекшелігене сипаттама беру;
 Компьютерлік терминдерді аударғандағы дәлдігін, мағыналылығын және тілдік нормаға сәйкес келуін қадағалау;
Негізінде, орыс тіліндегі терминдер негізі шеттен енгендіктен, оның түпнұсқасы — ағылшын тіліне зер салған дұрыс тәрізді. Өйткені сөздің түп негізіне сүйенбегендіктен, ортадағы тілде кеткен қателікгер қазақ тіліне шұбатылып келгені байқалады. Шынымен де қазақ тілінің қазіргі ғылыми-техникалык деңгейіне тән ұғыматауларға көндіге бермейтін тұстар баршылық. Сондықтан да аудару қиындығына қарамастан, біз осы сөздікте компьютер технологиясына қатысты ұғым-атаулар мен сөз орамдарын шыққан төркінінен сатылап қана қазақшалау ісіне, және оның туралығына, нақтылығына баса мән бердік.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.