МАЗМҰНЫ

 

І Кіріспе…………………………………………………………….... 4

 

ІІ Негізгі бөлім

 

1. Дискурс теориясы және педагогикалық дискурс (жалпы шолу)…6 - 32

1.1. Тілдің қалыптастыру қызметінің компоненті ретіндегі педагогикалық дискурс............................................................................................................... 6

1.2. Педагогикалық дискурстың вербалды амалдары. Сөйлеу жанрының функциялары …………………………………………………………………… 12

1.3. Педагогикалық дискурстағы сөйлеу әрекеті түрлерінің функциялары.. 25

1.4. Тұлғаның әлеуметтенуіндегі тіл мен сөйлеудің функциялары………... 29

 

2. Ұстаз-шәкірт тілдесімінің сипаттары…………………………… 33 - 56

2.1. Сынып ішіндегі тілдесім ерекшелігі……………………………………. 33

2.2. Сыныптан тыс тілдесім ерекшелігі……………………………………… 37

2.3. Ұстаз-шәкірт тілдесімінің коммуникативтік сапасы………………….. 41

 

ІІІ Қорытынды…………………………………………………….. 59

 

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………… 60

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда тіл тек жүйе ретінде емес, сондай-ақ қарым-қатынас құралы ретінде де зерттеліп келеді. Коммуникативтік қызмет процесіндегі тілдің функционалдылығы, яғни тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуы кеңінен лингвистердің назарына ілініп келеді. Тілдік қарым-қатынас ғылыми зерттеу нысаны ретінде пәнаралық сипатқа ие және философия, этика, логика, психология, әлеуметтану, лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, прагматика, сөз мәдениеті т.б. ғылымдар тарапынан зерттеліп келеді.

Қазіргі таңда ғылымардың зерттеу бағдары антропоцентристік бағытта болғандықтан, қазіргі тіл білімінде тілдік қарым-қатынасқа түсуші адамдардың психологиялық жай-күйі, мінез-құлқы, әлеуметтік мәртебесі, кеңістік пен уақытты сезіну секілді құбылстардың тілмен байланысы және керісінше, тілдің бұларға әсері секілді мәселелер қарастырылады.

Ұстаз бен оқушыларының арасындағы қарым-қатынас ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы - ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т.б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз – шәкірт тілдесімінде де өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктерінің, әлеуметтік жағдайларының айырмашылығы зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасындағы тілдік қолданыстар, оған әлеуметтік т.б. факторлардың, мектеп атмосферасының әсерін, басқа әлеуметтік топтардың тілдік коммуникациясынан ерекшелігін анықтау – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ұстаз-шәкірт тілдесімінің сипатын, педагогикалық дискурстың ерекшелігін, коммуникативтік сапасын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

- ұстаз-шәкірт қарым-қатынасындағы коммуникативтік жағдаяттар мен коммуниканттардың әлеуметтік статус мәселелерін анықтау;

- мұғалімнің сөйлеудегі әдеп қағидаларын жүзеге асыру тактикасын, позициясын анықтау;

- мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтердің сипатын ашу;

- мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтердің коммуникативтік сапасын сипаттау және оны жақсарту жолдарын айқындау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

  • ұстаз-шәкірт тілдесімі коммуникативтік қырынан алғаш рет ғылыми талқыға ұсынылып отыр;

  • педагогика саласындағы әлеуметтік факторлардың ұстаз-шәкірт тілдесімімен байланысы көрсетілді;

Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, бақылау, байқау, сипаттау, эмпирикалық, прагматикалық, коммуникативтік, анализ, синтез, математикалық статистика әдістері қолданылды.

Зерттеу дереккөздері. Мектептегі сабақ үстіндегі және сабақтан тыс мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтердің көрсеткіштері, видео, аудио материалдары талданды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні мен практикалық құндылығы.

Тілдік қарым-қатынас мәдениетінің құраушысы ретіндегі сабақтың тілдік этикетінің ерекшелігі анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижесі мектеп ұжымында педагогикалық шеберлік, оқушылармен қарым-қатынас әдебі мәселелерін шешуде, салалық білім деңгейін көтеруде қолданыла алады.

Зерттеу жұмысының жариялануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын негізгі мәселелер төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда жарияланды: «Ғылым және білім - 2009» атты жас ғалымдардың VІ Халықаралық ғылыми конференциясы (Астана, 2009); Т. Әбдіғаливаның 65 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген ғылыми-практикалық конференция (Астана, 2009).

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.