Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................................................3

1 Ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық негіздері.....................................7

1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы..................................................13

1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар............... ....18

1.3 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар............................................................................................................20

2 Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс......26

 

2.1 Ағылшын тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу .................................................................................................................................28

2.2 Ағылшын тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері………………………………………………..........35

    2.3 Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу  жұмыстары.42

 

Қорытынды........................................................................................................60

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................62

                                          Кіріспе

   Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан  көркемдігі мен  бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының  молдығы жөнінен ойып орын алған  тілдердің бірі.  Тіл  адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан,  ол адам баласы  сөйлеу  әрекетінің  арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда  жан-жақты  зерттелуі  тіл білімінде  XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін  сөйлеу әрекетін зерттеу  үлкен  мәселелердің  бірі екендігін  швед лингвисі  Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті  дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен  тыңдаудан тұрады», – деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі  және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа  байланысты,  мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді.

  Зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық негіздері қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы көрсетіледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары баяндалады. Екінші бөлімде  оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдістер туралы сөз болады.

Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне, яғни ауызекі сөйлеуге үйретуден алынған нәтижелер және эксперимент сынып оқушыларын тіл мәдениетіне үйретуден алынған нәтижелер салыстырылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. 

    Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.                                                            Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.                                                                          Тіл дамытуда мынадай  тілдік материалдарды пайдалануға болады:                                      

а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес,таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.                                                                                                                    б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-

рының тілін пайдалану. 

в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары. 

 

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде коммуникативтік әдіс.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

Зерттеудің міндеттері:

   – әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу; 

 –оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу  дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін  жасау;

- оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлесудегі коммуникативтік әдіс. 

Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу  тілін  қалыптастырудың педагогикалық негіздемесін жасау.

Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, эксперименттік әдістер т.б.  қолданылды. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

–  Ағылшын тілі сабағында мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу              дағдысын қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;

–Мектеп  оқушысының тілін дамытуда тілдік қатысым әдісі үлкен қызмет атқаратындығы анықталды;

– оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың  оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;

     –  оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда,  белсенді әдіс ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі  және диалогті оқыту технологиясы, интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади  технологияларының маңыздылығы  айқындалды.

Зерттеудің ғылыми болжамы:  Оқушылар  тілін дамыту белгілі бір жүйемен  үздіксіз жүргізіліп, оларды  жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын  дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте  қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Сөйлеу аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты.Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынасынқалыптастыру деген сөз. Бұл бағыттыағылшын тілін оқытуда кеңінен пайдалануды үйрету зерттеу жұмсының теориялық маңызын құрайды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін  тигізеді. Зерттеу жұмысының  нәтижелерін  бастауыш мектеп мұғалімдері  мен     әдіскер  ғалымдар  қолдана  алады. 

Зерттеу жұмысының апробациясы: 20.04.2011 «Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ғылым және жаңа ұрпақ-2011» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың XIII  ғылыми конференциясында зерттеу жұмысы аппровациядан өтті.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан,  сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.