КІРІСПЕ.....................................................................................................................

І АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ: ЛИНГВОМӘДЕНИ, ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ........

1.1. Мақал-мәтел – лингвомәдени бірліктер...............................................................

1.2. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этимологиясы...............................

1.3. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты.......

ІІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ..............................

2.1. Мақал мен мәтелдің өзара ортақ және айырым белгілері, семантикасы мен құрылымы............................................................................

2.2. Мақал-мәтелдердің салалық қатыстылығы.....................................................

2.3. Мақал-мәтелдерді аудару жолдары..................................................................

ІІІ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АУДАРМАСЫНА МЫСАЛДАРДЫ ТАЛДАУ.........................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................

Мәтел – желегі, мақал – жидегі.

Кіріспе

Көркем сөз өнерінің тілдік және әдеби бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер (ММ) мән-мазмұнының дәйектілігімен, тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен айырықша ерекшеленеді. Көлем-құрылымының ықшамдығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық қазынасы, сан саладағы мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Әр ұлттың философиясы оның ММ-де десек, қателесе қоймаспыз. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда ММ тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі.

Дипломдық жобамыздың тақырыбы: Ағылшын мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аудару мәселесі.

Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде біздің алға қойған мақсатымыз ағылшынша ММ-ді қазақшаға аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру болды.

Мақсатымызға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

 ММ-ді лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастыру;

 Ағылшын және қазақ ММ-нің этимологиясын және этнолингвистикалық сипатын белгілеу;

 ММ-ді лингвистикалық тұрғыдан саралап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

 ММ-дің салалық қатыстылығын анықтау;

 ММ-ді аударудың жолдарын іздестіру;

 Көркем әдебиетте ағылшын ММ-нің қазақшаға аударылу сапасы мен ерекшеліктерін талдау.

Мақсатымызға жету жолында міндеттерді орындау үшін ғылыми зерттеу әдістерінің келесі түрлерін қолдануды ұйғардық:

 Жалпылама таңдау әдісі;

 Этимологиялық талдау әдісі;

 Семантикалық талдау әдісі;

 Құрылымдық талдау әдісі;

 Этнолингвистикалық сипатын талдау әдісі;

 Салыстырмалы анализ әдісі.

Біз зерттегелі отырған тақырыптың өзектілігі ММ-дің табиғатын тіл білімі және аударма теориясымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге антропоцентристік бағытты басшылыққа ала отырып, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика аясында зерттеп, өзара сабақтас салалардың тұрғысынан жете түсінудің қажеттілігінде. Аударма ісінде ММ-ді басқа бір тілде жеткізу үлкен қиындық туғызады. Олардың басты ерекшелігі ұлттық болмыс пен сананың бірден-бір көрсеткіші екендігінде. Сондықтан ММ-дің мән-мазмұны мен түр-тұрпатын анық білмеген аудармашы келеңсіз жағдайғаларға өзі ұшырап қана қоймай, кабылдаушы жақты да адастыруы еш таң қалдырарлық жайт емес..