МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................................3

1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІ ............................................................................................................................................6

1.1 Қоғамдық ғылымдар аясында «әйел» концептісінің сипатталуы..........................7

1.2 «Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі .............................. ....10

1.3 «Қазақ әйелі» концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеу…......15

1.3.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау.............................................................................................................18

1.3.2 «Қазақ әйелі» концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі ...............26

1.3.3 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік

сипаты ………………………………………………………………………………….34

1.3. 4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени

сипаты..............................................................................................................................42

1.3.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты қолөнер, кәсіп, тамақ атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер ........................................................................... 47

1.4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды

мәні ..................................................................................................................................54

1.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты онимдердің этномәдени сипаты ..............64

1.6 Әйел~ана тілі және әйел~ана қарым-қатынасы ………………………………...67

2 «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІН АНТРОПОЦЕНТРИСТІК БАҒЫТ АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ… . …………………………………………………………...72

2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы .............................................................................72

2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшеліктері ................................74

2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер .................................................. ….78

2.2 Қазақ дүниетанымына сәйкес «әйел» концептісі ................................................80

2.2.1«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени

сипаты .............................................................................................................................92

2.2.2 «Қазақ әйелі» концептісіне байланысты қалыптасқан фразеологиялық

тіркес пен паремиология ..............................................................................................95

2.3 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі ..........................................................99

2.3.1 Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі ..............................104

2.3.2 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты ………………………………………………………………………………..107

2.4 Мифтік танымдағы «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі …………………….112

2.5 Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың негізгі бірлігі ретінде...................................................................................................119

2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісін психолингвистикалық әдіс ретінде қарау ...128

2.6.1 «Қазақ әйелі» концептісі ассоциациялық өріс аясында ................................ 132

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................................ 136

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................138

КІРІСПЕ

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.

Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.

Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.

Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. «қазақ әйелі» концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

- «қазақ әйелі» концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;

- қазақ әйелінің «Ғалам бейнесі» контексіндегі концептілік аясын сипаттау;

- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. «қазақ әйелі» бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;

- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;

- «қазақ әйелі» концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;

- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;

- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету;

- «қазақ әйелі» концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Зерттеудің негізгі жаңалығы – «қазақ әйелі» концептісін ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

- «қазақ әйелі» концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;

- «қазақ әйелі» концептісінің аясына кіретін сөздер, көркем және прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;

- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы «қазақ әйелі» туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;

- аталған концептіге қатысты тілдік ұжымның аялық білімінің эксплицитті және имплицитті түрлері ажыратылды.

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін ­зерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасат­пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі – этносты сипаттайтын ерекше этноөзектік концептілер;

– зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар, бағалау мен коннотациялар – қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар;

«қазақ әйелінің» концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік жүйеде жасалып, символдық деңгейге көтерілген;

«қазақ әйелі» концептісі – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән­мазмұны, қызметі;

­ тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа сапада жаңғырту «қазақ әйелі» концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.