Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Сын есімдердің аударылу ерекшеліктері...........................................................6
1.1 Сын есімдердің семантикалық және стилистикалық ерекшеліктері............6
1.2 Қазіргі кездегі ағылшын тіліндегі сын есімдердің семантикалық тармақтары.............................................................................................................13
1.3 Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы....................................25
1.4 Сын есімдердің жалпы сипаттамасы.............................................................33
2. Сын есімдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы ерекшеліктері.........................................................................................................38
2.1 Сын есімдердің аударылуын талдау, ағылшын тілінен қазақ тіліне (old) сөзімен байланысты түсініктер............................................................................38
2.2 Лексикалық синонимдердің анықтамасы......................................................41
2.3 Көркем әдебиет негізінде сын есімдердің аударылуын талдау..................46
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................58

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ұсынған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасау міндетін айқындап берді. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілдіі пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» Сол үш тілдің ішінде ағылшын тілі өте маңызды орын алады. Жат тілді игеруде салғастырмалы-типологиялық ізденістердің нәтижелері үлкен лингводидактикалық қызмет атқарады.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау көзделеді делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін өзінің кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы жаңа тәжірибиге жол ашатындай батыл қадам жасау көзделеді. Қазіргі тіл білімі ғылымында морфология саласының ғылыми мәселелерінің зерттелуі үлкен орын алады. Курстық зерттеу жұмысы қазақ және ағылшын тілі зат есімінің тілдік (сөздік) деңгейде семантикалық қасиеттерін зерттеуге арналған.
Салғастырмалы-типологиялық ғылыми ізденістердің нәтижелері екі тілдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ғана емес, салғастырылып жатқан әр тілдің ішкі дүниесіндегі нәзік ерекшеліктерді де анықтайды. Ол ерекшеліктер монотілді зерттеу барысында әркез байқала бермейді.
Сөз таптарының семантикалық мәндеріне арналған зерттеулер өте аз. Сөз табының морфологиялық қасиеттерін салыстырмалы тіл білімі ұғымдары, ұстанымдары негізінде орындаған зерттеулер өте аз. Сөз таптарына, соның ішінде, зат есімне арналған ғылыми жұмыстар қазақ тіл білімінде бар. Осы мәселе Ж.Н. Жүнісованың, Х.А. Нурходжаеваның, М.С. Қойшыбаеваның т.б. диссертацияларында көрініс тапқан. Қазақ тілін басқа тілдермен салғастырып зерттеу мәселесіне де арналған еңбектер көп. Мысалы, Ш.Қ. Құрманбаеваның (түрік және қазақ тілдері негізінде), П.Н. Дәулетованың (қытай және қазақ тілдері негізінде), А.Т. Таткенованың, Д.Ә. Қабылдаеваның, Ш.Б. Арингазинаның (қазақ және ағылшын тілдері негізінде), Э.Д. Сүлейменова, М. Джусупов т.б. ғалымдардың зерттеулерін айтуға болады.
Бүгінгі таңда лексико-семантикалық сөздердің қатынастарының зерттеуі өте өзекті және көкейкесті мәселе, бұл тілдің мән-мағысына байланысты. Осы тақырыптың зерделенуінің қажеттілігі теориялық және тәжірибелік назарынан керектігінен зерттеледі. Лексикалық қатынастардың зерделенуі сөздердің лексико-семантикалық құрылымын, сөздердің лексико-семантикалық нұсқаларына жіктеуіне зерттелуіне көмектеседі. ЛСН терминін (лексико-семантикалық нұсқа) А.И. Смирницскийдің түсінігінде «тілдің лексико-семантикалық жүйесінде ең кішкентай бөлшек» .

Зерттеу жұмыстың өзектілігі сын есім лингвистикада индоевропейлық тілдерде негізгі төрт сөз таптардың бірі болып айырылады. Лингвистика ойының дамуы 20 ғасырда семантиканың проблемасына үлкен қызғушылық көрсетілуімен сипатталады. Осыған куәгерлік лексико-семантикалық өрісіне және лексико-семантикалық сөздердің топтарына және олардың тарихи дамуына арналған көптеген зерттеулер. Мамандар лингвистика саласында сын есімдердің семантикалық ауқымдары, өзінің белгісін белгілейтін, динамикалық белгісі, қатынастың белгісі, белгілі бір класс құбылысқа жатуын жекелеп шығарып отыр.
Диплом жұмысының тақырыбы «Aғылшын тілінен қазақ тіліне cын есімдердің аудару ерекшеліктері».
Диплом жұмысының мақсаты: «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін» түсінігін білдіретін қазіргі ағылшын тілінде, парадигматикалық деңгейдегі сын есімдерге талдау жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:

- қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімдерді қарастыру;

- сын есімдердің тілдік мәртебесін және олардың сөздің семантикалық құрылымына арақатынасын айқындап шығару;

- қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімдер мысалдарында лексикалық синоним болатын құбылысты зерртеу;

Диплом жұмысының объекті болып классикалық прозаның қазақ жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан 1819 бет, 600 мысалдар талданып алынды.
Зерттеудің пәні: «нормадан жоғары сапалы түрде сәйкес келетін «old» сын есімдердің синонимдер қатары.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: біріңғай таңдау әдісі, компонентік талдау әдісі. Басқа ғылыми талдаулар қолданылады; контекстуальдық және баяндау.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы және ғылыми жұмыстың жаңашылығы. Бұл ғылыми жұмыста зерттелген сын есімдердің лексико-семантикалық нұсқаларының мазмұнды байланыстары көрсетілуімен анықталады.
Зерттеу жұмысының болжамы: барлық сын есімдердің негізінде қандай-да бір қағидадан жоғары семантикалық белгі жатыр. Ағылшын түсіндірме сөздіктері арқылы «old» сын есімінің 18 лексико-семантикалық нұсқалары белгіленіп шығарылып отыр. Біздің ойымыз бойынша ЛСН1 ең жиі қолданылатын және нақты мағынасы бар, ал басқа мағыналар ЛСН1 көп белгілерімен икемге келеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Бұл жұмыстың практикалық маңызы, оның зерттелген нәтижесін жалпы теориялық дисциплиналарының оқытуында, қолданбалы грамматика, сөйлеу және жазу машықтандыру және ағылшын тілінің стилистикасы оқытуында қолданудың мүмкіндігі. Осы мәлімметтер курстық жұмысын жазуында қолданыла алады.
Жұмыстың апробациясы. Зерттелген жұмыстың қағидалары XII «Ғылым және жаңа ұрпақ -2010» ғылыми конференциясында баяндалды.
Зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және әдебиет қайнар көзі тізімінен құрылған.
Кіріспеде зерттелген жұмыстың көкейкестігі негізделеді, мақсат және міндеттер қойылады, зерттелетін жұмысқа мағлұмат анықталады.
Бірінші бөлімде жалпы теореалық мәселелр қарастырылады. Қазіргі ағылшын тілінің сын есімдер подкласстары қарастылады.
Екінші бөлімде сөздің лексикалық мағынасын анықтайтын мәселелер қарастырылады. Сөздің семантикалық құрылымында сөздің тура және ауыспалы мағыналары белгіленеді. Сөздің мәні денотативтік және стилистикалық (коннотативтік) болып мағыналарына қарай бөлінеді.
Детонативтік деп аталатын сөздердің лексикалық мағынасы заттық ұғымы жетекші және анықтауыш. Коннотативтік мағына сөздің атауы мен сөздің белгісі, түсінігі сөздің сипаттама қызметімен бірлестіріледі.
Қорытындыда зерттелген жұмыстың жалпы жиынтығы баяндалады.